Сабақ жоспары "Ынтымақ түбі - береке" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Ынтымақ түбі - береке" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойына жанашырлық сезімдерін дамыту және оқушыларды адамгершілікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Мектеп: Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп

Мерзiм: 14.01.2017ж.

Сабақ: 16

Тақырып: Ынтымақ түбі – береке

Құндылық: «Дұрыс әрекет»

Қасиеттер: адамгершілік, татулық, сыйластық

Мұғалiм: А.Борашова

Сынып: 6 «ә»

Оқушылар саны: 23


Сабақ мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық, береке, бірлік туралы түсінік бере отырып, «Дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу.

Білімділігі: Оқушылардың адамгершілік, ынтымақтастық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылығы: Оқушылардың бойына жанашырлық сезімдерін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды адамгершілікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, үнтаспа, т.б.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталаймыз.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

Тыныштық сәті Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет.

Сұрақтар:

Қандай сезімде болдыңыздар? Жаттығу сіздерге қалай әсер етті?


Үй тапсырмасын тексеру

Р.Акдемірдің «Он екі миллион» әңгімесінің мазмұнын айту.

Сұрақтар:

1.Арноның өз өміріне риза болмауының себебі неде?

2.Арноның жүрегін жылытып,өмірге көзқарасын өзгерткен қандай

жағдай?

3.Арно жан рахатын қалай тапты?

Дәйексөз

«Игілік – басы ынтымақ, ынтымақты елде – күншуақ»

Халық мақал

(Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып, мағынасын түсіндіреді)


Қорытынды: Адамдар арасындағы ұйымшылдық береке – бірлік, ынтымақ туғызады. Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп, бірлесіп әрекет етеді, татулық орнайды, ұжымдағы, ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа, достыққа жеткізіп, болашағымызды баянды етеді.


Әңгімелеу (мұғалім сыйы)

Өсиет әңгіме: «Отбасы татулығы»


Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс – керіс, дау – жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ – қарасын білгісі келіп ауылға келеді. Ауыл тап – таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым – қайғысыз, балалары бақытты, мәз – мейрам екен. Бұған патша таң – тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату – тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп мұқият жазып шығады.Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

Осы – ақ па?

Иә, – деді ақсақал.

Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, – деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Сұрақтар:

1.Ынтымақ, бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Отбасының татулығын, ынтымағын ұстап тұрған қандай қасиеттер?

3.Отбасында ынтымақ болды ма?

Қорытынды: Адамдар арасында ынтымақтастық, татулық, береке – бірлік, мейірімділік,    риясыз сүйіспеншілік, кешірімділік, төзімділік, сыйластық, татулық, сенімділік, қамқорлық қасиеттер болу керек.


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс


Ынтымақ, татулық, бірлік туралы мақал – мәтелдер жазу.

Тоопен ән айту


Жан жылуы Канат Умбетов & Жанар Даукеева

Ізгілік нұрын сепкен,
Махаббат гүлін еккен,
Күн көзі бар шуағын,
Төккендей бүгін көктен!


Бөленіп далам нұрға,
Бусанып санам жырға,
Жүректер соқсын бірге,
Тебіреніп бабам қырда!

Қайырмасы:
Жан жылуым – Саған!
Ән ғұмырым – Саған!
Аман болсын ұл мен қызың!
Аман болсын Далам!

Тыныш болсын Жерім!
Ырыс көрсін Елім!
Жан жылуы төгіледі
жүрегімнен менің!
  Менің!

Жалғыз қалдым демеші,
Тәңір жанның егесі!
Күтеді әне, қол бұлғап
Болашақтың кемесі!

Қолыңды бер, кел, досым!
Жан жылуым ем болсын!
Биіктерге бастайық,
Бұл бақытты ел көшін!


Үйге тапсырма

«Ынтымақ»

Қазақ ертегісін түсініп оқып, мазмұнын айту.



Соңғы тыныштық сәті

Балалар ішкі тыныштығызды жүрегімізде сақтап, өз ойымыз, ісімізбен сөзімізге сенімді болып, ешкімге қиянат жасамай, дұрыс әрекет етіп, отбасымызды, бүкіл адамзатты риясыз сүйіспеншілікке бөлейік. Сабағымыздан үйренген сыйластық, бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік сияқты жақсы қасиеттерімізді бойымызға сіңіріп, барша адамзатқа бауырмалдылық, кеңпейілділік таныта отырып, сүйіспеншілік құндылығын жүрегімізде сақтайық!Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге орналастырайық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
756
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі