400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Зат есім" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып мұғалімдеріне сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 2

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Кусепова Г


Бөлім:

Салт дәстүр және ауыз әдебиеті.



Сабақ тақырыбы

Зат есім

Оқу мақсаттары

2.4.2.3 Сөз таптарын (зат есім,сын есім,етістік)ажырату.

2.1.5.1 Аудиобейнежазба мазмұнына өз ойын(ұнайды,ұнамайды,себебі,пайдалы,пайдасыз) білдіру.

2.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

Сабақ мақсаттары

барлығы: зат есімдерді біледі,ажыратады.

көбісі: тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіреді.

кейбіреуі: мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

Жетістік критерийлері

Зат есімдерді табады.

Берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.

Сұрақтар қояды және жауап береді.

Құндылықтарды дарыту

Бесік жырын тыңдау,орындау,мақал құрастыру.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, математика пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Заттың атын білдіретін сөздер


Кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут












2 минут











6 минут




















3 минут






І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Жан дүнием жақсылықтан жаралған,

Жүрегімнен күн шуағы таралған.

Адамдарды ардақ тұтып, аялап,

Тек жақсылық жасай беру бар арман.

-Өлең не туралы?

-Жақсылық жасайсыңдар ма?

- Кеше,бүгін кім қандай жақсылық жасады,еске түсіріңдерші?

-Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

11 – жаттығу Өлеңді қатесіз көшіріп жазу.

Ұл қызыңа ерген

Немереңбіз әже.

Немереңнен өрген

Шөбереңбіз әже.

Дескриптор:

1.Көшіріп жазды.

2.Қатесіз жазды.

3.Көркем жазды.


III.Өткенді пысықтау «Сөйлемді жалғастыр» әдісі

Түбір сөзге жұрнақ та,............................. (жалғау да жалғана береді)

Сөз мағынасын өзгертетін....................(қосымшаны жұрнақ дейміз)

Дені сау адам...............(дәулетті адам)

Сөздің одан әрі ........(бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейміз).

Қажымұқан-............ (қазақтың тұңғыш палуаны.)

Дыбысталуы бірдей......(мағыналары әр басқа сөздер омоним сөздер)

Уәде-...............(қасиетті серт)

Денім сау болсын десең.........

Сөз таптары.......(зат есім, етістік,сын есім,сан есім)

9 мен 26 ақпан аралығында.................(С)

Бесік жыры,тілашар,бата беру,ат қою..........(салт дәстүрлер)

Кім? Не? Кімдер?Нелер?...........(зат есімдерге қойылатын сұрақтар)


IV.«Құпия сөз»ойыны. Зат есім,бесік жыры деген сөздер

б

е

с

і

к


ж

ы

р

ы












з

а

т


е

с

і

м










Сабақтың тақырыбымен мақсатын анықтау үшін


«Біздің күтетініміз» тәсілі

Ал,бүгінгі сабақтан не күтесіңдер?

Не білгілерің келеді?

Бүгін зат есім туралы білімімізді толықтырамыз,бесік жыры туралы білеміз.

























Жұптық тексеру. Кері байланыс береді.











Слайд №1



































Слайд №2









Слайд №3

Слайдтан күтілетін нәтиже

Сабақ ортасы

4 минут








5минут






Сергіту 2минут

6-7мин.























5-6мин.

V.Оқулықпен жұмыс.

15-жаттығу.Жұмбақты көшіріп жаз,шешуін тап,зат есімдердің астын сыз.

Иесі оның- сәби,

Әрі төсек,әрі үй.

Дескриптор:

1.Көшіріп жазады.

2.Шешуін табады.

3.Зат есімнің астын сызады.


VI.Бейнетаспа көру «Бесікке салу рәсімі»

«Сұрақ қой» әдісі.

Бейнетаспадан көргендерінен бір- біріне сұрақ қояды,жауап береді.

Сұрақтар: неге? қашан? қайда? қай? не?(А,В,С)


Бесік жырын айту


VII.Топтық жұмыс

1-топ «Суретті сөйлет» стратегиясы.Бесікке салу рәсімі

Сурет бойынша әңгіме құрастыру,оқу.

Дескриптор:

1.Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

2.Әңгімені оқиды.(А)

2-топ «Адасқан сөздер» ойыны.

Берілген сөздерден мақал құрастыру,мақалды орысша айту,зат есімді табу.

Дескриптор;

1.Мақал құрастырады.(В)

2.Мақалды орысша айтады.(С)

3.Зат есімді табады.

Күш- білімде,білім- кітапта.

Сила- в знаниях, знания -в книге.(С)

3-топ «Ментальді карта» әдісі. Бесікке қатысты сөздерді табу,сұрақтар қою.

Дескриптор:

1.Бесікке қатысты сөздерді табады.

2.Сұрақтар қояды.(С)


VIII.Шығармашылық тапсырма.

Баланы бесікке салудың ретін санмен белгіле.


IX.«Тұжырымда» әдісі арқылы қорыту.

1.Бала сөзіне кім? деген сұрақ қойылады,өйткені

-----------------------------------------------------------------------

2.Тараз сөзі бас әріппен жазылады, өйткені

-----------------------------------------------------------------------

3.Сиыр сөзіне не? деген сұрақ қойылады,өйткені

-----------------------------------------------------------------------

4.Парта сөзіне не? деген сұрақ қойылады,өйткені

-----------------------------------------------------------------------

5.Үй сөзі зат есім,өйткені-------------------------------


X.Үйге тапсырма : 17- жаттығу.

Оқулықпен,тақтамен жұмыс










Бейнетаспа «Бесікке салу»

Слайд №4



Видеоролик бесік жыры



Слайд №5

А3 форматы,

Фломастер,қима қағаздар,желім.

Топтық жұмысты

« Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалау.










Слайд №6

Жұмыс дәптері


Слайд №7


Сабақтың соңы

4минут

XI.Рефлексия:

«Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасау.

1.Бас бармақ- басты мәселе.Бүгінгі сабақтағы ең қызықты тапсырма.

2.Балаң үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

3.Ортан терек -ойлану. Мен бүгін не білдім?

4.Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?Неліктен?

5.Кішкентай бөбек- көңіл күй.Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Слайд №8















Смайликтердің қасына тұрады.

Саралау тапсырмалары

А,В тапсырмасы: Бейнетаспадан көргендерінен бір- біріне сұрақ қояды,жауап береді.

Сұрақтар: неге? қашан? қайда? қай? не?(А,В,С)

С тапсырмасы: Күш- білімде,білім- кітапта.

Сила- в знаниях, знания -в книге.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішіндеүлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?















Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?














































  1. Ата сөзіне кім? деген сұрақ қойылады,өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Алматы сөзі бас әріппен жазылады, өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Жылқы сөзіне не? деген сұрақ қойылады,өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Тақта сөзіне не? деген сұрақ қойылады,өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Көше сөзі зат есім, өйткені-------------------------------



Ақын сөзіне кім? деген сұрақ қойылады,өйткені


-----------------------------------------------------------------------



Семей сөзі бас әріппен жазылады, өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Ит сөзіне не? деген сұрақ қойылады,өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Бор сөзіне не? деген сұрақ қойылады,өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Ауыл сөзі зат есім, өйткені-------------------------------


  1. Аға сөзіне кім? деген сұрақ қойылады,өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Алматы сөзі бас әріппен жазылады, өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Түйе сөзіне не? деген сұрақ қойылады,өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Кітап сөзіне не? деген сұрақ қойылады,өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Дүкен сөзі зат есім, өйткені-------------------------------



Ұстаз сөзіне кім? деген сұрақ қойылады,өйткені


-----------------------------------------------------------------------



Қаратау сөзі бас әріппен жазылады, өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Сиыр сөзіне не? деген сұрақ қойылады,өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Қалам сөзіне не? деген сұрақ қойылады,өйткені


-----------------------------------------------------------------------


Қала сөзі зат есім, өйткені-------------------------------









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
4483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі