400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сабақ жоспары "Зат мөлшері. Моль.Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы." 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа да пән мұғалімдерге де септігім тию үшін жарияламақшымын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2 А.


Мектеп: А.Байтұрсынов атындағы № 10 ЖОББМ




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Еспосинова И.Б

СЫНЫП: 8

Қатысқандар саны:








Қатыспағандар саны:

Тақырып

Зат мөлшері. Моль.Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

8.1.1.1. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде - мольді және Авогадро санын білу.

8.1.1.2. Қосылыстың молярлық массасын есептей алу.

Сабақ мақсаттары

- зат мөлшерінің өлшем бірлігі мен Авогадро санын біледі;

- қосылыстың молярлық массасын есептейді;

- молекула құрамына кіретін атомның салыстырмалы атомдық массасын анықтап, қосылыстың молярлық массасын есептеуде қолданып дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

- Зат мөлшерінің өлшем бірлігі моль екенін және Авогадро санының мәнін біледі.

- Қосылыстың молярлық массасын есептейді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика және терминология

Зат мөлшері, масса, молярлық масса, Авогадро саны, индекс, коэффициент.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

6,02*1023 саны итальяндық ......құрметіне .........деп аталады.

........ – зат мөлшерінің өлшем бірлігі.

Құндылықтарды дарыту

Көшбасшылық, өзара сыйластық, өмір бойы оқу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, физика

Бастапқы білім


7.3С – Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы




10 мин



Ұ йымдастыру кезеңі

Амандасу, түгендеу, топқа бөлу

«Шаттық шеңбері» әдісі арқылы көңіл-күй атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар бір-біріне тілек айтады. Қолпаштайды.

Химиялық құрал-жабдықтар колба, сынауық, спирт шам суреті бойынша топқа бөлу барысында сандық нөмерлері берілген сурет артында сұрақтар жасырылған өткен тақырып (І тоқсанға шолу) сұралады.

  1. Неше реакция типтері бар?

  2. Қосылу реакция дегеніміз не?

  3. Орынбасу реакциясына мысалдар келтір.

  4. Na2SO4 + НСl=? реакция типін ата.

  5. 2НСl = H2+Cl2 қай реакция типіне жатқызылады.

Мұғалім ауызша мадақтайды.

Оқушыларды сабаққа назарын аударту.

«Ой қозғау» әдісі арқылы негізгі идеяны суреттеу,сұрақ қою,салыстыру,көрнекілік стратегиясын қолдану.

Интербелсенді тақтада 3 литрлік 3 банка суреті берілген. Әр банкаға түрлі өнімдер салынады делік. Біріншісіне 1 кг мейіз; екіншісініе 1 кг алма; үшіншісіне 1 кг грек жаңғағы салып салыстыратын болсақ.

  • Енді салыстырайық.

  • Ұқсастықтарды анықтаңдар.

  • Дұрыс барлығының салмағы тең, әрі қатты болып табылады.

  • Айырмашылығы неде?

  • Олар неден құралған?

  • Заттардың массалары бірдей, яғни біз заттардың бірдей порциясын алып отырмыз.Заттардың бұл порциясын қалай атауға болады?

  • Дұрыс айтасыңдар. Заттың мөлшері.

Моль ұғымына дүкен сөрелерендегі тауарлармен салыстыру арқылы бейнероликпен таныстыру.

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріліп, тақырып тақтаға жазылады.

Амандасу




Химиялық құрал-жабдықтар суреті.

Интербелсенді тақта





Көрнекілік

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/mol


Сабақтың ортасы

25 мин







Саралау тәсілі: «тапсырма»









Жаңа сабақты «Түртіп алу» әдісі арқылы жүзеге асырылады және топтың ішінде өзара жұптасып мәтінмен жұмыс: барлық оқушыларға жаңа тақырып бойынша Зат мөлшері, Авогадро саны және қосылыстың молярлық массасы мазмұнымен танысады.

«Сұрақ ілмегі» әдісі бойынша тақырып ауызша сұралады.

  1. «Моль» дегеніміз не?

  2. Авогадро саны қалай өрнектеледі?

  3. Заттың молярлық массасының өлшем бірлігі және қандай әріппен белгіленеді?

  4. Mr мен М арасындағы айырмашылық неде?

  5. Заттың молярлық массасы дегеніміз не?

  6. Үш молекула суда қанша моль болады?

Мұғалім смайликтермен бағалайды.

«Есептер әлеміне саяхат» әдісі.

Топтық жұмыс.

І топ Зат мөлшері.

ІІ топ Қосылыстың молярлық массасы.

ІІІ топ Зат мөлшері бойынша атом/ молекула саны.


І топ

1-тасырма. Ауа шарында шамамен 0,9*1023 молекула азот болады. Азоттың зат мөлшерін есептеңдер.

Жауабы: 0,149 моль


Дескриптор: - есептің қысқаша берілгенін жазады.

- зат мөлшерінің формуласын көрсетеді.

-формулаға сай есептеп, өлшем бірлігі көрсетіледі.








ІІ топ

2-тапсырма.

1.Na2SO4 натрий сульфатының молярлық массасын есептеңдер. Жауабы:М(Na2SO4) = 142 г/моль

Дескриптор: - молярлық массаны есептейді.

-өлшем бірлігін айтады.

2. Стаканға 1,5 моль қант сыяды. Стакандағы қанттың молекула санын анықтаңдар. Жауабы:9,03*1023.




Дескриптор: - есептің мазмұнымен таныстырады;

- қысқаша берілгенін жазады;

- зат мөлшері белгілі болса, формулаға сай молекула санын анықтайды.



ІІІ топ

3-тапсырма.

Көмірқышқыл газының а) 0,5 моль; ә) 2 моль зат мөлшерінде қанша атом оттек болатынын есептеңдер. Жауабы: 3,01 *1023 , 12,04*1023.


Дескриптор: - есептің қысқаша шартын көрсетеді;

- атом санын есептейді;

-есептің жауабын жазады;


ҚБ: «Бағдаршам» әдісі.

Әр топ бірін-бірі бағалау арқылы жүзеге асырылады.


Жеке жұмыс

« Дарабоз» әдісі

Ә рбір оқушыға үлестірме материал арқылы тапсырмалар қалыптастырушы бағалау жинағынан беріледі. Жұмыс дәптерлеріне орындайды.Дескрипторға сәйкес бағаланады.

















Дескриптор:

- молекулалық құрамына кіретін атомның

салыстырмалы атомдық массаларын анықтайды;

-қосылыстың молярлық массасын есептейді;

- молярлық массаның өлшем бірлігін жазады;

-әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады;


Ж ұптық бағалау.

Оқушылар жұмыс дәптерін алмастыру арқылы бағалау шкаласы

бойынша әртүрлі ейіптегі жабыстырмалы смайликтермен

бағалайды.



Оқулық, және т.б, флипчарт, маркерлер



Постер қорғау


М.Қ.ОспановаҚ.С.Аухадиев,Т.Г.Белоксова Химия 8 сынып оқулығы



М.Қ.ОспановаАлматы «Мектеп» баспасы











































Үйлестірме



































Сабақтың соңы

5мин

Рефлекция «Смс»






Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

Топтың ішінде жұптық жұмыс және жалпы топта талқылаулар ұйымдастырылады.



Барлық оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмалары орындатылады.





«Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа ауысуға көмектесуге жүзеге асырады. «Түртіп алу» әдісі жаңа таұырыпты меңгеру.


Оқушылардың топтық жұмыс жасауын бақылаймын және өзара бағалауды жүзеге асырамын, соның ішінде топтық бағалау.

Топтық жұмыстан соң топтар өзара бірін бірі «Бағдаршам», әдісі арқылы бағалайды.


Жеке жұмыста оқушылардың нені үйренгендігін және әліде не нәрселерді қарау керектігін әр тапсырмаға берілген арнайы дескриптор арқылы тексеріледі. Оқушылар тапсырмаларын көршісімен өзара дәптер алмастыру арқылы жабыстырмалы смайликтермен бір-бірін бағалайды.

«СМС» әдісі арқылы оқушылардың сабақты қаншалықты деңгейде игергенін анықтауға болады.




Интерактивті тақтаны 20 мин сайын өшіріп тұру


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
6656
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі