400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Сабақ жоспары:Адам қаңқасы және оның бөліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адам қаңқасы және оның бөліктері


Сабақтың атауы:

Адам қаңқасы және оның бөліктері

Жалпы мақсаты:

Танымдық-адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі қаңқа ерекшеліктерін салыстыра отыра танымдық іс-әрекеттер ұйымдастырылады. Ағылшын тілінде терминологиялық сөздіктер меңгертіліп, тілде қолдануға үйретіледі. Даму, салыстыру, саралау, топтау, т.с.с. әдіс-тәсілдері арқылы ойларын жүйелеп жеткізу қабілеті дамиды. Тәрбиелік-өз ағзасын зерттеп білу, сақтау, қорғай білуге үйренеді

Оқыту нәтижесі:

Адам қаңқасының бөліктерін ажырата білу

Негізгі идеялар:

Адам қаңқасы сүйектерінің ерекшеліктерін білу

Сабақтың типі:

Жоба сабақ

Әдістемесі:

Жекелеме, жұптық, топтық оқыту әдіс-тәсілдер технологиясы

Құрал-жабдықтар:

Адам қаңқасы, сүтқоректі жануарлардың жекелеме сүйектері, кестелер, сүйектердің көлденең кесінділері, бассүйек, сүтқоректілер қаңқасының кестесі, омыртқалы жануарлар сүйектерінің жиынтығы, интернет желісі, интерактивті тақта, СД дискілері, АҚТ жұмыс

Дереккөздер:

Оқулық, электронды оқулық

Тапсырмалар:

Тренинг (Оқушылардың көңіл-күйі)

Үш тілді меңгеруіне (мақал-мәтел сайысы)

Суреттер құрастыру (Адам қаңқасы)

Жаңа сабақты меңгеруіне (топпен жұмыс) Постер қорғау

Сүйек картасын толтыру (АҚТ жұмыс)

100 қадам-10 нақты сұрақ

Блум таксономиясы (жеке жұмыс)

Сергіту сәті (Кел билейік)

Зертханалық жұмыс №8

Рефлексия

Кейінгі тапсырмалар:

Адам қаңқасы

Пәнаралық байланыс:

Ағылшын-қаңқа бөлімдерін меңгеруі

Тарих-ғылыми жаңалықтың ашылуы

Химия-сүйектің химиялық құрамы

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

3 минут

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру - Сәлеметсіздерме?

Тренинг. Суреттер арқылы 4 топқа бөлінеді.

"Оқытпа, тек оқуға көмектес", сондықтан бүгінгі сабақты өздерің талдайсыңдар, себебі біз өздеріңмен жануартану курсын өткен кезде сүтқоректі жануарлардың қаңқасының құрылысы, атқаратын қызметімен танысқан болатынбыз. Сол білімімізді пайдалана отырып бүгінгі сабағымызды талдауға кірісейік. Алдарында жатқан кестені сабақ барысында толтырып отырасыңдар.

Оқушылар мұғаліммен аманадасады. Сабаққа психологиялық дайындық жасайды. Топқа бөлінеді.

3 минут








5 минут








7 минут






































































6 минут










4 минут














5 минут




2 минут

Үш тілді меңгеру (мақал-мәтел сайысы)

1. ... ауырса жан қорқар (Бас-голова)

2. Қотыр ... жұғады

Таз тақиядан жұғады (Қол-рука)

3. ... үлкен сыйғанын киеді

... кіші сүйгенін киеді (Аяқ-нага)

4. Сөз ... өтеді

Таяқ еттен өтеді (Сүйек-кость)

3. Суреттер құрастыру

(Қиынды қағаздардан адам қаңқасының бөліктерін құрастырады)

4.Жаңа сабақ:

Адам қаңқасы және оның бөліктері

Адам қаңқасы

Бассүйек Череп

1-топ. Бас сүйегі бөлімі туралы сөйлейді. Ми сауытынан және бет бөлімінен тұрады.

а) Ми сауыты жұмыртқа тәрізді. Ішінде ми болады. Ми өскен сайын ми сауыты да өседі. Ми сауытының ерте сүйектенуі мидың өсуіне кедергі жасайды.

ә) Бет бөлімі. Жұп: үстіңгі, астыңғы жақ сүйектері, танау, таңдай, көз ұясы, кеңсірік, тіл асты сүйектерінен тұрады. Астыңғы жақ қимылдайды.

Тұлға қаңқасы

Омыртқа жотасы Кеуде қуысы

Позвоночный столб Грудная клетка

2 топ. Тұлға, омыртқа жотасы

а) Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады. Мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ бөлімдері болады. 4 иілімнен тұрады, екеуі алдыға, екеуі артқа қарай иіледі. Бірінші мойын омыртқасы ми сауытының қарақұс ойығымен жалғасады және онда өсінділер болмайды, сондықтан оны ауызомыртқа немесе атлант деп атайды. ә) Тұлға 12 жұп қабырғаның дөңес басы арқаомыртқаларының ойысына бекіп, екінші ұшы шеміршек арқылы төске жалғасып, кеуде қуысын құрайды, онда ішкі мүшелер орналасады. 11, 12 қабырғалараралық деп аталып екінші ұшы төске жалғаспай бос орналасады. б) Жеке омыртқаның құрылысы. Әрбір омыртқа денеден және бірнеше өсіндіден тұрады. Омыртқа доғасында артқы 2 қарама-қарсы, 2 жоғарғы және төменгі өсінділері болады. Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады.

Иық белдеуі Аяқ сүйектер

Қол сүйектер

3 топ. Иық белдеуі және қол сүйектері

а) иық белдеуін бұғана мен жауырын құрайды. Бұғананың бір төстікпен, екінші басы жауырынмен жалғасады.

ә) Қол сүйектер. Тоқпан, кәрі (шантақ-шыбық), білезік, алақан саусақ сүйектері, қол басы сүйектері.

4 топ. Аяқ сүйектері және жамбас белдеуі. а) Жамбас белдеуі, жалпақ жамбастан ол артқы жағынан сегізкөзбен берік тұтасып, алдыңғы жағынан өзара байланысады. Жамбас сүйектің ойығына ортан жіліктің ұршық басы орналасады.

ә) Аяқ сүйектері. Ортан, асықты жілік, тізе буыны арқылы қосылады. Тізе қақпағы аяқтың басы толарсақтан, табан сүйектерінен, сыбырлақтан және башпай сүйектерінен тұрады. Ең үлкен табан сүйек - өкше сүйегі (толарсақ) табан ойысын түзеді.

5. 100 қадам-10 нақты сұрақ

1. Мойын омыртқасы нешеу? (жеті)

2. Қол басы сүйегі қалай аталады? (Білезік)

3. Пішіні, үш бұрышты, үш қырлы жалпақ сүйек (Жауырын)

4. Омыртқа жотасының бөлімі? (Сегізкөз)

5. Денені ұстап тұрады? (Сүйектер)

6. Қаңқаға нелер бекінеді? (Бұлшықеттер)

7. Бір-бірімен тұтасып, қозғалмайтындай болып байланысқан? (Қимылсыз)

8. Сүйектердің байланысына қарай нешеге бөлінеді? (Қозғалмалы, қозғалмайды, жартылай қозғалады)

9. Ұзын сүйектерді ата? (Қабырға, жіліктер)

10. Аяқ сүйектеріне жатады? (Толарсаң)

6. (Жеке жұмыс)

Сұрақтар. Адам қаңқасының маңызы? Адам қаңқасы қандай қызмет атқарады? Сүйектердің бір-бірімен байланысу қызметінің маңыздылығы?

Сүйектің жуандап және ұзарып өсуінің ерекшелігін сипаттаңдар. Адам қаңқасының бөлімдерін сипаттаңдар?

Қаңқаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін гигена сақтаудың маңыздылығы неде?

7. Сергіту сәті (Кел билейік)

8. Зертханалық жұмыс №8

Тақырыбы: Омыртқа жотасының иілгіштігін, бұлшықеттер мен сүйектердің орналасуын анықтау.

Мақсаты: Адам қаңқасының бөлімдерін, ондағы сүйектер мен бұлшықеттердің орналасуын және омыртқа жотасының иілгіштігінің бұзылуын тәжірибе жүзінде анықтау. Керекті құрал-жабдықтар: оқулық, адам қаңқасы мен бұлшықетттерінің орналасуы көрсетілген кестелер.

Жұмыс барысы: 1. Омыртқа жотасының иілгіштігінің бұзылуын анықтау үшін арқаңызды қабырғаға сүйеп тұрыңыз. Өкшеңіз, тізеңіздің арты және жауырыныңыз барлығы қабырғаға тиіп тұруы қажет. Сонан соң қабырға мен беліңіздің арасына түйілген жұдырығыңызды енгізіп көріңіз. Егер ол қабырға мен бел арасынан өтетіндей болса, омыртқа жотасының иілгіштігінің бұзылғаны, ал тек ашылған алақан ғана сиятын болса, омыртқа жотасының иілгіштігі қалыпты болғаны.

Төрт топқа бір-бірден мақал оқылады, жасырынған сөзді тауып үш тілде айту керек.


1-топ Бас қаңқасы

2-топ Тұлға қаңқасы

3-топ Қол-иық сүйектері

4-топ Аяқ-жамбас сүйектері


Оқушыларға жаңа сабақ бойынша қысқаша мағұлмат беріледі.







Төрт топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды
















Оқушылар әр топқа барып түсіндіреді



































Әр топ қаңқа бөліктерін постер арқылы қорғайды







Оқушылар өз бетімен орындайды






















Дәптермен жұмыс













Бүгінгі сабақтан алған әсерін смайликтер арқылы

дәлелдейді

Қорытынды

7 минут












4 минут





























2 минут


2 минут



1 минут

І. Сәйкестендіру. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай, барлығы 5 ұпай. Берілген суреттерді сипаттамаға сәйкес орындарын табу.

Қаңқа бөлімдері

Сипаттамасы



Ми сауыты мен бет бөлігінен тұратын қаңқаның бөлімі


Арқа омыртқасы мен қабырғалар және төс сүйегінен тұратын бөлім


Екі жауырын мен екі бұғанадан және тоқпан жілік, кәрі жілік, білезік, алақан, шынтақ, саусақ сүйектерден тұратын бөлім


Жамбас, ортан жілік, асықты жілік, шыбық, толарсақ, табан, бақай сүйектерінен тұратын бөлім


Арқа, мойын, бел, сегізкөз, құйымшақ бөлімдері құрайтын қаңқа бөлімі

(Ж) Жеке жұмыс

ІІ. Биологиялық диктант. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай, барлығы 3 ұпай

1. Адам қаңқасы ... астам сүйектен тұрады (200 ден)

2. Арқа омыртқалары, қабырғалар мен төс ... қуысын түзеді (кеуде)

3. ... - кеуде қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек (Жауырын)

2. Адам бұлшықеттерінің орналасуы көрсетілген кестені (65-сурет) пайдалана отырып, бұлшықеттердің орналасқан орнын анықтаңыз. 3. Қорытындысын кестеге жазыңыз: Бұлшықет атауы. Орналасқан орны. Атқаратын қызметі. 4. Адам қаңқасынан сүйектердің орналасуын анықтау: Қаңқа бөлімдері. Оны құрайтын сүйектер. Атқаратын қызметі. 5. Омыртқа жотасының иілгіштігі жөнінде қорытынды жасаңыз. 10. Рефлексия. Кері байланыс. Бағалау: Алдарына берілген дискриптор бойынша ұпай сандарын есептейді. Үйге тапсырма 21-22 кестелерді толтыру, 71, 74 беттер.

Бағалау. Топ басшысы үй тапсырмасынан алған және жаңа сабақты қорытындылау тапсырмаларынан алған ұпайларын қосып, топ мүшелерінің бағасын айтады (қосымша-1)

Кері байланыс. (Жолсөмке, еттартқыш, қоқыс жәшігі)

Бүгінгі сабақтағы өзіңіздің іс-әрекетіңізді осы суреттің біреуін таңдап және себебін жазыңыз.

Үйге тапсырма: &31, 90 беттегі кестені толтыру



































Тапсырманы жеке орындайды. Жұбымен парақтарын алмастырып, жауабымен тексереді


Дискриптор арқылы ұпай сандарын есептейді


Топ басшысы бағалау парағына жеке оқушының ұпай сандарын түсіреді. Осыдан соң бағалау шкаласына қорытынды бағалауы жүреді. Бағалау шкаласы: 10-8 ұпай болса "5"

7-5 ұпай болса "4" 4 және одан төмен ұпай болса "3". Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі


Қосымша №1 Бағалау парағы


Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы 2 ұпай

Бекіту тапсырмасы

Жалпы ұпай

Бағасы

Биологиялық диктант

3 ұпай

Сәйкестендіру 5 ұпай
































Бағалау шкаласы: 10-8 ұпай болса "5",

7-5 ұпай болса "4",

4 және одан төмен ұпай болса "3".

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
2104
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі