жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары:Ақ бидай. 7 сынып орыс тілінде оқитын оқушыларға арналған
|
САБАҚ: |
|
|
Күні: |
Студенттің аты-жөні:Хасанова Ризида |
|
Сынып: 7 |
Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: |
|
Бөлім атауы |
Төрт түлік мал мен егіншілік –ел берекесі |
|
Сабақтың тақырыбы |
Ақ бидай |
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Т.7.1.4.1 повесттердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау,тақырыбы мен идеясын талдау А.7.2.5.1 диологке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші –тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру |
|
Сабақтың мақсаты: |
Ақ бидай мәтінін тыңдап, тақырыбы мен идеясына талдау жасау. Диалогке түскенде коммуникатив жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші-тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру |
|
Бағалау критерийлері |
Повесттердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды,тақырыбы мен идеясын талдай алады Диологке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші –тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну қолдану |
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнгеқатыстысөздікқорментерминдер:қуаңшылыққаумалапқасақанамұң-зарынақұлпырыпқаскөйшөп Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Менің болжауым бойынша келесі бөлігінде ………………………….. баяндалады |
|
Құндылықтарды дарыту |
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; жауапкершілік; |
|
Пәнаралық байланыс |
География |
|
Алдағы оқу |
Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжай алады |
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||
|
Сабақтың басы 3 минут
Білу 5 минут
Сабақтың ортасы Түсіну 12 минут
Қолдану 5мин.
Талдау 5мин Жинақтау 5мин Бағалау Сабақтың соңы 5мин. |
Ұйымдастыру кезеңі: «Гүлмен тілек» әдісі арқылыоқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сандар бойынша топқа біріктіріледі.Сандармен 3 топқа бірігеді. «Тік ұшақ» әдісі арқылы өткен тақырыпен жұмыс Ширату жаттығуы: «Сұрақтарды қағып ал» әдісі 1.Егіншілікпен кімдер айналысады? 2.Егіншіліктің қандай пайдасы бар? 3.Нан өнімдеріне дәндердің қандай маңызы бар? Лексикалық минимум Қуаңшылық,қаумалап,қасақана,мұң-зар,қаскөйшөп«лотерея барабаны» оқушылар конверттегі сөздерді суырып алады. Ол туралы не білетінін айтады. Көпірше арқылы аудармасын табады. Тыңдалым 1-тапсырма. «қар кесегі» әдісі 1. Мәтінді талдау үшін мұқият тыңдаңыз
Дескриптор: - Мәтінді мұқият тыңдайды. - Мәтіннің мазмұны мен идеясын анықтайды - Мәтіннің тақырыбы мен идеясына талдау жасайды. Саралау Талантты, дарынды оқушылар: Адами құндылық тұрғысынан қазіргі өмірмен байланыстыра отырып салыстыра талдайды(тапсырма бойынша) Әр түрлі қабілетті оқушыларға көпірше ретінде: Автор мәтін арқылы оқырманға қандай ой тастап отыр? Мәтіннің негізгі идесы қандай? ... Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға көпірше ретінде Бидай қандай өсетін еді? Неге ақ бидайдың ахуалы нашарлай бастады? Адам қандай іс-әрекет орындады? ҚБ
"Мадақтау сэндвичі" әдісі арқылы оқушылрдың жұмысын бағалаймын. – позитивті комментарий, не ұнады; – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; – келешекке (маған ұнады, бірақ келесі жолы) психологиялық жаттығулар мен жадыны дамытуға арналған жаттығулар жиынтығын бағалағанда қолдандым.
Ақ бидай Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады. Тіршілік үшін жанталасқан өсімдік атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалап, астындағы суды тартып алады. Кейбір бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, жарық түсірмейді. Сөйтіп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай береді. Ақырында өлер халге жетеді. Содан соң олай-бұлай өткен әр түрлі аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып жатқан үлкенді-кішілі құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне, мұң-зарына ешкім құлақ аспайды. Енді өлдім ғой деген сәтте, Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам тап болады. Бидай байғұс көзінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын шағады. Адам ойланып тұрып, ақырында оның өтінішін қабыл алады. Садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отап, тып-типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды. Бұлаққа барып тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір суға қанып бой түзеп, құлпырып сала береді. Адам да жиі-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Қаскөй шөп, тікендерді оның қасына жуытпай, мезгіл-мезгіл суарып тұрады. Күзге салым бидай піседі. Баданадай дәндерінің бір түйірін де шашау шығармастан, Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды. Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы тәуірлеу жерді қопсытып, соған әлгі дәнді себеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып, мезгілімен суарып, баптап тұрады. Ақырында еңбегі зая кетпей, күзде Адам бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан соң он қап, одан соң мың қап, сөйтіп, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп алатын болды. Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай басталған екен. Айтылым 2-тапсырма ЖЖ «Хикая картасы» әдісі арқылы берілген суреттерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын ретімен орналастыр
Дескриптор: - Мәтінің мазмұнын түсінеді - Ретімен орналастыра алады - Орфоэпиялық норма мен сөйлеу этикасын сақтайды Саралау Талантты, дарынды оқушылар: Мәтін идеясына байланысты бір біріне сұрақтар қою арқылы диалогке түседі Әр түрлі қабілетті оқушыларға көпірше ретінде: Қалай ойлайсыңдар адам оған ерлік жасады ма? Адмның орнында болғанда сен не істер едің ? ... Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға көпірше ретінде Ақ бидайдың өсуіне не кедергі болды? Ол кімдерден көмек сұрады?
ҚБ. Жұпта өзара бірін бірі критерийлер арқылы бағалайды Мұғалімнің бағалауы: Кімнің жауабы ерекше әсер қалдырды? Не себепті олай ойлайсыздар?
Жағдаяттарды шешу. Таңертең ата-анаң жұмысқа кетті.Олар саған егіндегі көкөністерге су құйып қоюды айтып кетті.Ойнап жүріп уақыт өтіп кеткенін байқамай қалыпсың,мектеп уақыты болып қалды не істейсің ? Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс; Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 07.02.2021 1549
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 |




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген