400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары:Біздің ұқсастығымыз неде? 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәнінен адам денесі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Жаратылыстану

Мектеп:№26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні: Курбанбаева М.С.

Сынып:1

Қатысқан оқушылар:

Қатыспаған оқушылар:

Сабақ тақырыбы:


2-бөлім.Тірі табиғат. Адам.

Біздің ұқсастығымыз неде?

Осы сабақтың оқу мақсаты:

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- Дене мүшелерін біледі және айыра алады;

Оқушылардың көпшілігі:

- Дене мүшелерінің қызметі туралы түсіндіре алады;

Кейбір оқушылар:

- Сурет салу арқылы адамдардың барлығына тән жалпы сипаттамаларын көрсете алады.

Бағалау критерийлері


  1. адам денесінің негізгі бөліктерін біледі

  2. олардың қызметтерін атайды

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика

Академиялық тілді қолдана отырып адам денесінің басты бөліктерімен олардың функцияларын атайтын болады.

Оқушылар:

  • Өздері мен басқа адамдардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талқылайды.

Пәнге қатыстылексика мен терминология:

  • қол, аяқ, саусақтар, бармақ, бас, шаш, көз және т.б.;

  • көздің/шаштың түсі, бой;

  • бірдей, басқа, ең биік, ең аласа, кең тараған, сирек кездесетін.

Диалог/жазуға пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Біздің ұқсастығымыз неде?

  • Біздің арамыздағы айырмашылықтар қандай?

  • ... туралы сөйлесейік/ ... туралы қандай идеяңыз бар/ шашыңыздың/көзіңіздің түсін/бойыңызды салыстырыңыз

  • Бір-біріңіздің болжамдарыңызды тыңдаңыздар.

Құндылықтарды дарыту


Ынтымақтастыққа, еңбек пен шығармашылықққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Биология, дүниетану, бейнелеу өнері

АКТ қолдану дағдылары

Слайд арқылы

Бұған дейін меңгерілген білім


Оқушылар дене мүшелерін атай білуі тиіс (бас, кеуде, аяқ, қол, табан және т.б.)

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздер

Басы

















Ой қозғау әрекеті


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің нұсқаулығымен бірнеше дене жаттығуларын орындау. Дене жаттығулырын орындау кезінде «сынып» сөзі бірге айтылғанда ғана орындау керектігін ескерту.

  • Сынып оң қолыңды жоғары көтер;

  • Сол қолыңды көтер;

  • Оң аяғыңды көтер;

  • Сынып сол аяғыңды көтер;

  • Сынып қолыңды беліңе қой;

  • Оңға иіл;

  • Сынып солға иіл.

Сабақтың негізгі бөлімі бойынша бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу, қызығушылықтарын ояту мақсатында әр топтан бір оқушыдан төрт оқушы шығып, кеспе әріптерден «Дене мүшелері» сөзін құрастыру қажет.



Ортасы



Дескриптор:

1.Дене мүшелерін атайды. 1-балл











Дескриптор

2.Дене мүшелерінің қызметін біледі. 1-балл























































Дескриптор:

Дене мүшелерінің айырмашылығын біледі.1-балл



























Дескриптор:

Дене мүшелерін сипаттайды.1-балл



















Дескриптор:

Дене мүшелерінің бөліктерін біледі.

1-балл








(Ж)Жұппен жұмыс.Оқушылар жұптаса отырады.«Робот» ойынын жұпта орындайды.

Ол үшін оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады немесе отырады. Бір-біріне мұқият қарап, кезек бойынша дене мүшелерін атайды. Содан кейін әр оқушы өз әріптесінің нұсқауын анық орындауы тиіс. м/ы: оң қолыңды алдыға соз.

(ОТ) Топпен жұмыс. «Біздің ұқсастығымыз неде?» тақырыбына екі топқа бөлініп постер әзірлеу. (екі топқа бөлінген топтағы оқушылар топ арасынан бір оқушыны постерге жатқызып дене пішінін 1-топ алдынанан қарағанда, 2-топ артынынан қарап тұрған адам пішінін сызуды тапсыру)

Тақырыппен байланыстыра және дене мүшелерін және олардың қызметін есте сақтау үшін төмендегі сергіту сәтін орындатамын.

(Ұ)Сергіту сәті


Аяқта екеу,қолда екеу

Көз жанары,ол да екеу

Екеу қаста,құлақта

Жүрек жалғыз бірақта.


-Екі көзің не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін.
-Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Құлақ деген не үшін керек ?
-Ақыл кеңес тыңдау үшін.
-Тіл мен жағың не үшін керек?
-Ақиқатты айту үшін.
-Ал аяғың не үшін керек?
-Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

Бақылау жүргізу арқылы сұрақтарға жауап іздеу

(ТҚ) 1-2 топтар, 3-4 топтар (қыз мен ұл) дене мүшелерін пазлдан құрастыр (өздері білетін дене мүшелерін де жазады).



Ақпарат алу және ұсыну

(Т) Қыздың дене мүшелері.Ұлдың дене мүшелері

қол


шаш

аяқ

иық

тізе


табан

көз

саусақ

құлақ


ауыз

бас

қабақ

тіл


дене

кірпік

мұрын



(ҰҚ) Біздің ұқсастығымыз неде?

Қызда да, ұлда да ... бар.

Қызда да, ұлда да бас бар. - Ол не үшін керек?

Қызда да, ұлда да көз бар. –

Қызда да, ұлда да мұрын бар.

Қызда да, ұлда да құлақ бар.

Қызда да, ұлда да аяқ бар.

Қызда да, ұлда да қол бар.



КБ Әр дене мүшесінің қызметі туралы пікірі бар

(Ұ) Алынған ақпаратты пайдаланып, тиісінше сандық белгілермен,дене мүшелерінің пиктограммасын құраңыз

1

2

























Соңы



( Ж,Ө, Қ)

Оқушылардан өздерінің суреттерін салуларын және барлығына тән жалпы сипаттамаларын көрсетулерін сұраңыз

Прямоугольник 1 Прямоугольник 2 Прямоугольник 3 Прямоугольник 4 Прямоугольник 5 Прямоугольник 6 Прямоугольник 7 Прямоугольник 8 Прямоугольник 9

Рефлексия. «Баспалдақ»

1-баспалдақ: Еш нәрсе түсінбедім, орындай алмаймын.

2-баспалдақ: Түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін.

3-баспалдақ: Жаңа тақырыпты түсіндім, өзім орындай аламын.



Қосымша ақпарат

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Оқушылардың деңгейіне тапсырмаларды беру

Қабілетті оқушыларға қосымша тапсырма беремін.

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі



Бағалау – смайликтер арқылы бағалау жүреді



Пәнаралық байланыс, денсаулық және қауіпсіздік, АҚТ-мен байланыс, тәрбие құндылықтары

Қазақ тілі, математика

АКТ-суреттерді көрсету

Құндылықтар – адамдардың ұқсастығы, еш айырмашылықтары жоқ екендігін білгізу

Рефлексия

Жауап жазылады



Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма?

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.



Бүгін оқушылар не үйренді?

Оқушылар дене мүшелерін білді



Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті?

Сабақ жоғары деңгейде өтті



Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Жоспарланған саралау іске асты, тапсырмалар сәйкес болды



Уақытты қалай пайдаландым?

Уакытты ұтымды пайдаландым





Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім?

Топтық,жұптық, әдістерін енгіздім



Қорытынды бағалау

Оқушылар толық бағаланды





Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Жұппен жұмыс, топпен жұмыс.

2:Ақпарат алу ұсыну

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1:Дене мүшелерінің жөніндегі «слайд»

2:Дене мүшелерінің суретін салу

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:Жаңаша әдіс – тәсілдерін пайдалану керектігін білдім

2: Кейбір оқушыларға құрамалы тапсырмаларды беруді анықтадым.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі