жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары.Бұрыш түрлері және көпбұрыштар
|
Пән: Математика Күні:14.01.2019 ж Сынып: 2 |
Мектеп: Тобыл орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Хайрат Айнагул. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Бұрыш түрлері. Көп бұрыштар. |
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
2.3.1.1 бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір бірінен ажырату және атау/тіктөртбұрышты, шаршыны, тікбұрышты үшбұрышты мәнді белгілері бойынша анықтау 2.3.1.2 көпбұрыштарды төбелер саны бойынша жіктеу |
|||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: бұрыш туралы айта алады Көптеген оқушылар: бұрыш түрлерін айта алады Кейбір оқушылар: бұрыш түрлерін ажырата алады |
|||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Бұрыш, тікбұрыш, көпбұрыш, сүйірбұрыш, доғалбұрыш |
|||||||
|
Құндылықты дарыту |
Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, жауапкершілік |
|||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек |
|||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Доғал,сүйір,тік бұрыштар. |
|||||||
|
Бастапқы білім |
Алдыңғы сыныпта өткен бұрыш туралы мағұлматтары |
|||||||
|
Сабақ барысы |
|
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 5 мин Ұйымдастыру кезеңі |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Сәлеметсіңдер ме балалар.Бүгінгі математика сабағын өткізбес бұрын бұрын психологиялық дайындық жасап алайық.Мен айтам сендер қайталайсыңдар. Сыныптас біз ұл-қыздар Тату-тәтті ойнаймыз Сыйластықпен өмір сүріп Тек жақсылық ойлаймыз Амансың ба алтын күн Амансың ба көк аспан Амансың ба достарым Амансың ба ұстазым Сендерді көріп қуанам.
Ынталандыру.
–Демалыс күндері отбасымен, достармен қайда баруға болады? –Бүгін біз тауға жорыққа шығамыз.
–Тапсырма бойынша қажетті жауапты таңдаңдар. 1.Қай санда 7 ондық, 2 бірлік бар? (72 Г) 2. Егер 5 ондыққа 2 ондықты қосса қанша болады? (70 Е) 3. Қай санның 59-дан 6-уы кем? (53 О) 4.48-ден кейін тұрған санды атаңдар.(49 М)
9. 3.16-дан 8-ді азайт.
– Кему реті деген нені білдіреді?
Оқушылар кезекпен тақтаға шығады жəне дұрыс жауабы бар карточканы таңдайды. (Жауаптар жазылған карточкалар алдын ала тақтаға ретсіз жапсырылған жəне қосымша жауаптар да берілген.) –72(Г), 70(Е), 53(О), 49(М), 47(Е), 36(Т), 21(Р), 15(И), 8(Я).
|
Бұрыш түрлері Өрнектер жазылған карточкалар |
||||||
|
Сабақтың ортасы |
Өзектендіру. Серуеннің бағытын нақтырақ құру үшін сызбаны зерттейміз. (Карточкадағы сурет)
–Мына сызбадан қандай фигураларды көріп тұрсыңдар? –Үшбұрыштарды табыңдар. Олардың саны қанша?
(Төртбұрыштар, үшбұрыштар.) Оқушылар тақтаға шығып, фигураларды көрсете отырып санайды. Мақсат қою (проблемалық жағдаят) Карточкадағы фигураларды қарауды ұсынады.
–Тақтадағы фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады? (Бұрышты жəне бұрышы жоқ фигуралар.) Мұғалім бұрышы жоқ фигураларды алып қояды. –Қалған фигураларды қандай үш топқа бөлуге болады? (Үшбұрыштар, төртбұрыштар, бесбұрыштар.)
(Бұрыштары мен қабырғаларының саны.)
бұрышы, үшбұрыштардың – 3 бұрышы бар.)
–Қалай ойлайсыңдар,біздің серуеніміз қандай тақырыпқа арналады? Жаңаны ашу. –Бұрыш дегеніміз не?
(Бұрыш – бұл бір нүктеден шыққан əртүрлі екі сəуледен құралған геометриялық фигура). Бұрыштың сəулелері қабырға деп аталады. Ал сəулелердің түйісетін нүктесі төбе деп аталады. Қорытынды жасаймыз: Бұрыш –бұл ...
–Қандай бұрыш екенін қалай анықтауға болады? (Мұны қалай жасайтынын тақтада жəне сызбада көрсетеді.) Сызбадағы үшбұрышты қарастырыңдар. Оның бір бұрышының тік екеніне көздерің жетті. Бұрыш моделінің көмегімен осы үшбұрыштың басқа бұрыштары да тік болатын, болмайтынын анықтаңдар.
Үшбұрыштың сызбасына қарауды ұсынады.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқулықтағы 1-тапсырма талқыланғаннан кейін, суретке қарау ұсынылады.
(Ұқсас сызба алдын ала тақтада орындалады.) Мұғалім фигуралардың əрбұрышының түрін анықтауды, сүйір, тік, доғал бұрыштарды өз бетімен табуды ұсынады. Бұдан кейін тексерумен жұптық жасау орындалады. Өзіндік жұмыс. Мұғалім дəптердегі 1-тапсырманы орындамас бұрын бағалау критерийін оқуды ұсынады. Бағалау критерийі «Бұрыш түрлерін білемін» - бұрыштар тік, сүйір жəне доғал болады. «Бұрыш түрлерін анықтай аламын» - үшбұрышты сызғыштың көмегімен бұрыштың түрін анықтауға болады. «Барлық бұрышы тік көпбұрыштардың атауын білемін» - бұл тіктөртбұрыш жəне шаршы, тік бұрышы бар үшбұрыштар. Бұдан кейін оқушылар өзің-өзі бағалаумен өз бетімен жұмыс жасайды. Жаңаны қолдану. Дəптердегі 2-тапсырма – тексере отырып орындалатын өзіндік жұмыс. Өткенді қолдану. Мұғалім əрбір оқушыға арналған сараланған жұмыс ұйымдастырды (мұғалім тапсырманы таңдайды), бұл есептеуге берілген тапсырма (жылдамдыққа) мүмкін немесе үлгі бойынша тексерумен баған түрінде есептеу болуы мүмкін. Немесе есеп шығаруға берілген №3 тапсырма. Бағалау. Үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек |
Суреттер
Тақтадағы фигуралары бар карточкалар.
Бағдаршам түстері
Оқулық, қағазпарақ жинағы |
||||||
|
Сабақтың соңы |
–Қалай ойлайсыңдар, біздің серуеніміз қандай тақырыпқа арналады? Есепте.
|
Смайлик суреттері |
||||||
|
Үй тапсырмасы |
65-сабақ |
|||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. |
||||||
|
Рефлексия |
–Сабақтың басында өзіміздің алдымызға қандай мақсаттар қойдық? – Бұл мақсаттарға жете алдық па? – Қиындықтар болды ма? – Оларды еңсере алдыңдар ма? – Бүгінгі сабақ несімен қызық болды? Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалау ұсынылады. |
Күлегештерге күлегеш жапсыру |
||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген