400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары.«Дұрыс әрекет». 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары мектеп мұғалімдеріне қажет болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп:№ 18 М.Сатыбалдиев атындағы мектеп

Мерзiмі: № 1-сабақ

Тақырып : Ақиқатты іздеу жолында

Құндылық: «Дұрыс әрекет».

Қасиеттер:мейірімділік,ізгілік

Мұғалiм : Жаукен Асыл Аманбайқызы

Сынып: 6«г,д,е,ж,з»

Оқушылар саны:


Сабақтың мақсаты: адамның өзін-өзі және қоршаған ортаны тануда мәңгі, өзгермейтін, жалпыадамзаттық құндылық рентіндегі ақиқаттың мәнін ашып, түсіндіру.

Міндеттері:- ақиқаттың адами құндылық ретіндегі мәні мен маңызын ұғандыру;

-адамның ақиқатты танудағы субьективтік тәжірибесін кеңейту;

-өмірдің мәнін ақиқат құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

-өзінің ойын, сөзі мен ісіне талдау жасау біліктілігін дамыту;

-жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі ақиқаттың мәнін ұғынуға талпынысын тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар,

мәлiметтер)

Оқулық,дәптер, үнтаспа.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасу,сабаққа түгел қатысуын қадағалау. 

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз : «Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды,ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді» Ш. Уәлиханов

(Екі рет ұлдар,екі рет қыздар,бәрі қосылып айтады)        
Сұрақтар:  

1.Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

2. Ақиқат дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Ал ақиқат білім деген, сенің ойыңша, қандай білім?

4. Адамға ақиқат білім не береді? Ол не үшін қажет?

5.Кейбір адамдар білім алмай-ақ жақсы тұрмыста өмір сүреді, оған көзқарастарың қандай?

Әңгімелеу: « Адам адамгершілігінің негізі жөнінде» Талдау сұрақтары:

● Ертедегі философтар неліктен ақиқат пен бақытты адамның рухани өзін-өзі жетілдіруінің негізі деп санаған?

● «Шоқан тұлғасының рухани қалыптасуы оның Омбы қаласындағы кадет корпусында оқуымен тығыз байланысты» деген ойды қалай түсінесіңдер?

●Шоқан ақиқатты ең жақсы игілік ретінде қарастыру арқылы не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?

Қайталау сұрақтары:

● «Ақиқатты танып білу мүмкін бе?»

● «Ақиқат дегенді қалай түсінуге болады»?

«Ақиқатқа жетудің жолы қандай»?

●Өзің ақиқатты қайдан іздейсің?

Сергіту сәті : Көңілді күн

Шығармашылық жұмыс: (жағымды, жай музыка ойнап тұрады)7мин. (оқушыларды әр түрлі түстер арқылы бөлу)

1-тапсырма: Кесте бойынша «адамгершілік, адамзат, ақиқат, ізгілік, игілік» ұғымдарына сәйкес келетін мағыналарын табу қажет.

Тапсырма жауаптары: 1-в), 2-б), 3- г), 4-а), 5-ә).

2-тапсырма: Берілген сөздер мен сөз тіркестерін (ізгілік, беделді, зеректік, адам тағдыры, адамзатты сүю, болашақ, рухани игілік, адамзат бақыты, өзін-өзі жетілдіру, мәнді өмір, адам болып қалу) пайдаланып, «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүретін» адамға мінездеме жасау.

3-тапсырма:Оқушылар арасында қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың 32-қарасөзінен берілген үзінді бойынша пікірталас жүргізіледі.

● ....ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек..

● Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын. Мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын.Бұл беріктің бір ақыл, ар үшін болсын.

4-тапсырма: Оқушыларқазақ ақыны, ойшылы Шәкәрімнің « Бар ғылымның түп атасы-таза ақыл мен ойлану» деген ойын талқылап пікірталас жүреді.

Үй тапсырмасы: «Ақиқат айнасы» (Ғалым Бақтыгерейұлы) аңызын оқып келу.

Жүректен –жүрекке:сөзі:Серік Ақсұңқарұлы, әні: Есжан Әміров «Жас ұландар әні»

Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар содан кейін қыз балалар оқиды.















Оқушылар жаңа ақпаратты әңгімелеп тақырыптың мазмұнын ашады.

















Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.















Күнделіктеріне жазады



Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі