400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары"Жабайы және үй жануарлары" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестермен тәжірибе алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

САБАҚ: Жаратылыстану

МЕКТЕП: Құйған орта мектебі

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Карабаева Роза Манашевна

СЫНЫП: 1сынып


ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:8

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:0

САБАҚТАҚОЛ ЖЕТКІЗІЛУГЕ ТИІСТІ ОҚУ МАҚСАТТАРЫ

1.2.2.2 Жабайы және үй жануарларын ажырату.


БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Жабайы және үй жануарларын анықтайды.






Дескрипторлар

  1. Жабайы және үй жануарларын салыстырады.

  2. Жабайы және үй жануарларын ажырата біледі.




ТІЛДІК МАҚСАТ

Оқушылар орындай алады.


  • Жануарлардың аттарын біледі.

  • жабайы және үй жануарларына мысалдар келтіре алады;

  • жабайы және үй жануарларын сипаттай алады;

  • олардың айырмашылықтарын айта алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:


Үй, дала жануары (Жануар – животные – animals)

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:


Неге жабайы жануар деп аталады?

Неге үй жануары деп аталады?

АЛДЫҢҒЫ ОҚУ

Жануарлардың негізгі сипаттамаларын атау

  1. Жануарлардың суретін салу

  2. Өзің қалаған бір жануарға сипаттама беру


ЖОСПАР

ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТ

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды. Өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

РЕСУРСТАР

Басы

Ширату: Барлық оқушылар сынып ішінде жайылып қойылған суреттерді жинайды. Суретте бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Жануарлар).

  1. Қызықтырушылық әрекет
    - Оқушылар, адам, жануарлар, өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?
    - Тірі табиғат.
    - Тірі табиғат иелерінің өмір сүруі үшін не керек?
    - Ауа, жылу, жарық, су, қорек.
    - Дұрыс айтасыңдар. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы - жарық, яғни күннің нұры.
    (Интерактивті тақтаға күннің суретін

  2. шығарып қоямын.)
    - Оқушылар, барша дүниеге өз жылуын

  3. таратып, сәулесін төгіп тұрған күн сияқты бүгінгі сабағымызда күлімсіреп отырып, жақсы көңіл күймен бастайық.

Адам, жануарлар , өсімдік суреті.

Күн суреті.

Ортасы

  1. Әлемде жануарлардың орасан көп түрі бар. Алғашында олардың барлығы жабайы болған, бірақ адам кейбірін қолға үйретті. Адамдар үй жануарларына қамқорлық көрсетеді. Қамқорлық көрсету деген, оларды тамақтандыру, емдеу, баспана жасау, олардың төлдерін қамқорлық көрсету болып табылады. Үй жануарлары үшін адам мал қора жасайды. Сиырға арналған мал қора – сиырқора деп аталады. (Слайд арқылы )

Кәне, осы үй және жабайы жануарларды салыстырайықшы:

  • Бұл жануарлар қайда тіршілік етеді?

  • Қыста қайда паналайды?

  • Үй жануарлары

  • Жабайы жануарлар қандай азық жейді?

  1. Жануарларды сәйкестендіру

Топтық жұмыс. «Қос шеңбер»

Оқушылар топпен талдап, жануарларды сипаттайды. сәйкестендіреді және

таныстырылым әзірлейді. Ішкі шеңбер үй жануарларын, сыртқы шеңбер жабайы жануарлар туралы айтады.

Ойлан!

-Ит қандай әрекеттер жасайды?

- Ол қай жерде тіршілік етеді?

-Қандай тамақжейді?

-Ол қандай қызмет етеді?


Сергіту сәті



Соңы

«Үндемес» ойыны
1 - 2 оқушыны тақтаға шығарып, парақшаларға жазылған жануарлардың аттарын өзге оқушыларға ым - ишара, балама сөздер арқылы сипаттап айту керек. Ол сөздерді оқушылар табу керек.
Сөздер:тотықұс, түлкі, кірпі, жылқы, арыстан, аю, ешкі

-Жануарлар қандай топқа бөлінеді?

-Үй жануарларына нелер жатады?

-Жабайы жануарларға ше?Жануарларды топтастыр.

Үй жануарлары: сиыр, қой, ат,ит,

Жабайы жануарлар: қоян, аю,құлан, арқар, қасқыр.


Қосымша мәліметтер





Саралау–оқушыға

Мейлінше қолдау

Көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Дарынды оқушыға өзі жақсы көретін үй жануарының суретін салу


Бағалау–оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Оқушыларды мадақтап отыру


Пəнаралықбайланыс–

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).


Рефлексия (соңында)

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта

берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Оқу іс-әрекетін қорытындылау кезінде балаларға бекіту сұрақтары қойылды. Балалар сұрақтарға жауап бере білді. Оқу іс-әрекеті өте қызықты өткізілді деп ойлаймын. Оқу іс-әрекетін құрған кезде балалардың жас ерекшелігін ескеріп, жастарына қарай қолжетімді көрнекіліктерді қолдандым. Диалогтік әдіс арқылы тексеру: Топтағы балалардың қызығушылықтары өте жоғары. Әр топқа бір жануарды таңдап алып, ол туралы мәлімет дайындауға ұсыныс жасауға болады. Қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысады. Көздеген мақсатыма жете алдым.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
883
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі