Материалдар / Сабақ жоспары:"Жабайы жануарлар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары:"Жабайы жануарлар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары балабақша тәрбиешілеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
1969
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МКҚК Құсмұрын балалар бақшасы.

Өткізген:тәрбиеші Қасенова Г.С.

Тіл дамытудан ашық сабақ.

Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»

Мақсаты:жабайы аңдар туралы өз ойларын дұрыс,қысқаша жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.Сөздік қорын байыту,тілін дамыту,байланыстыра сөйлем құрауға жетелеу.Жабайы аңдардың баласын атай білу,мыршай деген сөзбен таныстыру. Жануарлар туралы білімін бекіту.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету

Алдын-ала жұмыс:жабайы аңдардың суретін қарастырып әңгіме жүргізу.Түстерін ажырату,немен қоректенеді.

Көрнекі құралдар:жабайы аңдар,балалар суреті,қыс көрінісі,шырша,ұлпа қар,ойыншық аңдар Күтілетін нәтиже:

Білу:жабайы аңдардың аттарын білу

Түсінеді:жабайы аңдар деген не?Олардың пайдасы.Неге оларды жабайы аңдар деп атайды?

Қолдана алады:жұмбақ шешу,жабайы аңдар туралы әңгіме құрастырады

Сабақтың барысы

1.Мотивациялық ояту.

«Таңғы шеңбер»:

Сәлем бердік: мен -күнге

Сәлем бердік: мен -саған

Сәлем бердік: апайға,қонақтарға,аңдарға.

(Балалар шеңбер бойы тұрып күнге,бір-біріне,апайға,қонақтарға,аңдарға сәлем береді)

-Балалар,қазір қандай жыл мезгілі?

-Көздеріңді жұмып ұлпа қарды,қыс мезгілін елестетіңдерші.

(Балалар көздерін жұмып,ұлпа қарды,қыс мезгілін елестетеді)

Көздеріңді ашыңдар,қандай әдемі ұлпа қар.Қыстың қандай ерекшеліктері бар? Әр бала қыстың ерекшеліктерін айтып береді: (Қыста қар жауады, аяз,мұз,боран,жел болады, шана,шаңғы,коньки,сырғанақ тебеміз)

2.Зерттеуді ұйымдастыру.

Әуен ойналады,балалар, көздеріңді жұмыңдар,біз саяхатқа шығамыз.

-Балалар ,біз қайда келдік? (Қысқы орманға келдік)

Аппақ,аппақ жапалақтап

Қар жауады тынбастан

Қалың орман қар жамылған

Маужырайды түнгі аспан

-Балалар, қараңдаршы қандай әдемі!Қысқы орман,тып-тыныш.Қысқы орманда нелер болады?( Балалар,жан-жағына қарайды:жабайы аңдар бар)

3.Жұмбақ шешу:

Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешуін табыңдар:

1).Қанжардай тісі бар

Үрейлі түсі бар (қасқыр)

-Қасқыр қандай?( Қасқыр кекшіл,тістері үлкен,қоңыр түсті,құлағы кішкентай)

2)Қыс бойы жатады

Тәтті ұйқыға батады(аю)

-Аю қандай?(Аю үлкен,қоңыр түсті,қыста ұйықтайды.Балды,жемістерді жақсы көреді)

3)Өзі қу,жүрген жері шу(түлкі)

-Түлкі қандай? (Түлкі қу,түсі қызғылт сары,құйрығы ұзын)

4)Дыбыстан қашып

Қаққан безек

Қорқақ жасық бұл не?(қоян)

Қоян қандай? (Ұзын құлақ,қыста ақ,көктемде сұр түске айналады)

4.Сергіту сәті (Әуен ойналады)

Біз орманға барайық

Жан-жағымызға қарайық

Шықты аю қорбаңдап

Қасқыр шықты ырылдап

(Балалар шеңбер бойы жүреді,жан-жағына қарайды,аю болып қорбаңдайды,қасқыр болып ырылдайды)

5.Дидактикалық ойын

«Ненің баласы?»аңның баласының суретін көрсеткенде атын атау:

Аюдың баласы-қонжық

Қоянның баласы-көжек

Қасқырдың баласы-бөлтірік

Түлкінің баласы-мыршай

6.Жабайы аңдар қайда тұрады,немен қоректенеді?:

Аю қайда тұрады?Немен қоректенеді? (Апанда,бал,жидектермен)

Тиін қайда тұрады? Немен қоректенеді?(Үңгірде,жаңғақтармен)

7.Аңдар туралы тақпақ айту:

-Кәне,кім жабайы аңдар туралы тақпақтар біледі?

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы –қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді

8.Сергіту сәті

«Ұзын құлақ сұр қоян»

(Балалар қимылдармен көрсетеді)

9.Аңдар туралы :

-Балалар,жабайы аңдарды қандай мультфильмдерде кездестіреміз? ( «Маша мен аю», «Қызыл телпек», «Бауырсақ»)

Қандай аңдарды қыс мезгілінде біз кездестірмейміз? (Аю мен кірпіні,өйткені олар қыста ұйқыға жатады)

-Қай жыл мезгілінде кездестіреміз?(Көктемде)

10.-Балалар,мен аңдардың атын қазақша айтамын,сендер орысша айтып беріңдер. Аю,қасқыр,түлкі,қоян,кірпі,тиін.

(Медведь,волк,лиса,заяц,еж,белка)

11.Қорыту.

-Өте жақсы,балалар,осымен сабағымыз аяқталды.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!