жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
сабақ жоспарын құрастыру үлгісі
Пән: дүниетану Мектеп: Мұғалімнің аты –жөні: Машықкер: Күні: Сынып:3 |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты |
Осы сабақта қол жеткізлетін оқу мақсаттары: |
3.3.1.1 көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктерін түсіндіру |
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар:көшпелі мен отырықшы өмір салтының ерекшеліктерін түсіндіреді; Көптеген оқушылар: көшпелі мен отырықшы өмір салтын салыстырады, әңгімелейді; Кейбір оқушылар: маусымдық жайылымдарға мысал келтіреді, орналасу жерін айырады |
Ойлау дағдыларының деңгейі: |
Түсіну, қолдану |
Ауыспалы тақырыптар: |
Сәулет өнері |
Бағалау критерийлері: |
көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктерін түсіндіре алады; көшпелілер мен отырықшылардың өмір салтын салыстырып айта алады; көшпенділердің маусымдық жайылымдарына мысалдар келтіре алады. |
Тілдік мақсат: |
Көшпелі-малшы, отырықшы-егінші, маусымдық жайылымдар |
Құндылықтарды дарыту: |
Бір-біріне көмек, қолдау көрсету, еліне сүйіспеншілік |
Пәнаралық байланыстар: |
Қазақ тілі |
АКТ пайдалану дағдылары:
|
Презентация |
Бастапқы білім: |
Менің ататегім қайдан бастау алады? |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы І.Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
2 минут
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
2,5 минут
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту 3 минут
2,5 минут
3,5 минут
3 минут
2,5 минут
2 минут
8 минут
ІҮ.Бекіту
4 минут
|
Психологиялық дайындық -Сәлеметсіздер ме?! -Балалар, сабаққа дайындалындар. -Сабаққа қажет құрал-жабдықтарынды дайындап қойыңдар. -Тік отырыңдар, компьютермен арақашықтықты сақтаңдар -Арттық заттарды алып тастап қойыңдар. Миға шабуыл
Үй тапсырмасын тексеру «Жоспарлау әдісі» -Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыппен таныстық? -Иә, дұрыс. Өткен сабақта «Менің ататегім қайдан бастау алады?» тақырыбымен таныстық. -Өткен тақырып бойынша білімдерінді тексеру үшін «Жоспарлау сұрағы» әдісін қолданайық -Мен сендерге тақырып бойынша сөйлемдер беремін, ал сендер дұрыс жауабы бар сөйлмдерді ішінен таңдап аласыңдар. -Әр тапсырмада мен сендерге балл беремін, сендер өздеріне тапсырмадан қанша балл алғандарынды жазып қоясыңдар. Сабақ соңында баллдарды санаймыз 1. Жеті атаны білу өте маңызды, ол арқылы біз туысқандардымызды да таба аламыз + 2. Әке, ана, ата, әже, аға, апа барлығын бір сөзбен отбасы мүшелері деп атаймыз + 3. Қазақ халқы ататегін, әйелдер жағынан, ана жағынан таратқан – 4. Ұрпақтар сабақтастығының реті: Бала, ата, әке, түп ата, арғы ата, тек ата, баба 5. Әулеттің шығу тегі мен таралуы шежіре деп аталады -Жарайсыңдар. Дескриптор: өткен тақырып бойынша берілген тұжырымдамалардығ дұрыс жазылғанын табады ҚБ: өзін - өзі бағалау Балл: 2
Қызығушылықты ояту -Балалар, бүгін біз жаңа тақырыппен танысамыз. Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты жайлы білетін боламыз. Ерте замандардан бері адамдар көшпелі-малшылар және отырықшы-егіншілер болып бөлінді. Отырықшы-егіншілер жер өңдеумен айналысты. Ал малшылар көшпелі өмір салтын ұстанды. Олар жыл бойы мал бағып, жайылымдар орнын ауыстырып отырды. Мал жыл бойы маусымдық жайылымдарда жайылды. Яғни, қыстау, күзеу, көктеу, жайлау. Көшпелілер қой, жылқы, түйе өсірді.
Жеке жұмыс -
Жайлау
Қыстау
Көктеу
Күзеу
Дескриптор: жайылымдардың қай жыл мезгіліне сай келетінін айтады ҚБ: жарайсың! Жақсы! Талпын! Балл: 2
Жеке жұмыс Ғ
Көрнекті
қазақ ғалымы Шоқан Уалиханов: «Көшпелі
елдің тұрмысында азығы да, сусыны да,
киімі де малдан...» деп жазды
Дескриптор: Ш.Уалихановтың жазған сөзін оқиды, мысал келтіре отырып, дәлелдейді ҚБ: өзін-өзі бағалау Балл: 2 Суретпен жұмыс
Суреттерге қарап, қай маусымдық жайылымдар екенін айтындар. Оларды қандай айырмашылықтары бар? Қайда орналасқан? Дескриптор: сурет бойынша қай маусымдық жайылым екенін айтады Орналасу жері мен айырмашылықтарын табады ҚБ: жарайсың! Жақсы! Талпын! Балл: 1 Сергіту сәті -Демалып, бойларынды жазып алыңдар Есіңде болсын! Өзен бойындағы жазықтар егіншілікке пайдаланған. Сырдария өзенінң жағасы – ежелгі замандардан бері адамдарға өмір нәрін сыйлаған құтты мекен. Оның жағалауындағы егіншілер отырықшылық өмірін ұстанды. Олар тары, бидай, арпа, жеміс-жидек өсірді. Сонымен бірге, жылқы, сиыр, қой малын бақты
Жеке жұмыс «Сурет әлемі» Сен суретшісің деп елестет.«Егіншілер не өсіреді?» немесе «Малшылар не бағады» тақырыбына сурет сал Дескриптор: тақырыптың біреуін таңдап сурет салады ҚБ: бір-бірінің суреттерін бағалайды Балл: 2
«Серпілген сауал» әдісі -Балалар, ал енді сұрақтар арқылыбүгінгі тақырыбымызды бекітейік 1. Ерте замандарда адамдар қалай бөлінді? 2. Отырықшы-егіншілер немен айналысты? 3. Ал малшы-көшпелілер қандай өмір салтын ұстанды? 4.
Егіншілер үшін Сырдария өзені неліктен
құтты мекен болып саналды? Дескриптор: сұрақтарға жауап береді ҚБ: жарайсың! Жақсы! Талпын! Балл: 1 |
Слайд
Слайд, суреттер |
Ү. Сабақты қорытындылау
2 минут
2 минут
1 минут |
Кері байланыс
Бағалау -Балалар, ал енді бүгінгі тапсырмалар бойынша бағалайық. Кімде толық 9-10 балл шықты? Ал кімде 7-8 балл? -Аз балл шыққан оқушылар келесі сбақта жақсылап дайындалып келіңдер. Үй жұмысы «Малшы мен егінші әңгімесі» Малшы мен егінші кездесіп қалса, қандай әңгіме айтар еді? Дәптерлеріне олардың диалогін құрастырып көріңдер Рефлексия «Басбармақ» әдісі |
Слайд
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген