Материалдар / сабақ жоспары:Неліктен Жанна д’Арк бүгінгі француз халқының есінде сақталды? 6сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

сабақ жоспары:Неліктен Жанна д’Арк бүгінгі француз халқының есінде сақталды? 6сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары:Неліктен Жанна д’Арк бүгінгі француз халқының есінде сақталды? 6сынып Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2С – ХІҮ-ХҮ ғас. І жартысындағы Ортағасырлық еуропалық қоғам
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2021
500
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: «Өндіріс орта мектебі» КММ


Күні:

Мұғалімнің есімі: Дюсенова Рысжан Каратаевна

Сынып: 6


Қатысқандар саны:14

Қатыспапағандар саны:0

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

2С – ХІҮ-ХҮ ғас. І жартысындағы Ортағасырлық еуропалық қоғам

Сабақ тақырыбы:

Неліктен Жанна д’Арк бүгінгі француз халқының есінде сақталды?

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

6.3.1.4 – феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: оқушылар феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасындағы байланысты сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі: оқушылар орта ғасырлардағы Франция мен Англия арасында орын алған «Жүзжылдық соғыстың» себеп – салдарын айқындау ерекшелігін айқындау.

Кейбір оқушылар: оқушылар орта ғасырлардағы Франция мен Англия арасында орын алған «Жүзжылдық соғыстың» себеп – салдарына баға береді.

Бағалау критерийі

  • оқушылар орта ғасырлардағы Франция мен Англия арасында орын алған «Жүзжылдық соғыстың» себеп – салдарын айқындау ерекшелігін сипаттайды.

Тілдік мақсат

Негізгі ұғымдар мен терминдер: «Жүзжылдық соғыс» (1337 – 1453жж.); Алқызыл және Ақ раушандар соғысы (1455 - 1485).

Талқылауға арналған тармақтар: кесте, карта бойынша жүзжылдық соғыстың себеп – салдарын талдайды (оқылым, айтылым)

Құндылықтарға баулу

Өзге халықтардың тарихын құрметтеу, жалпыадамзаттық және ұлттық, құндылықтарды дамыту.

Орта ғасырдағы елі үшін ерлік көрсеткен қайраткер үлгісі негізінде еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің маңыздылығын ашып көрсету.

Пән аралық байланыс

Жаратылыстану, әдебиет, Қазақстан тарихы,

Алдыңғы оқу

6.2.4.1.- адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру;

6.3.2.2.- У.Тайлер, Г.Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы (7 мин)

Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, психологиялық ахуал туғызу, оқушыларды түгендеу)

«Көңіл күй» қоржыны. Оқушылар смайликтер арқылы өздерінің көңіл күйлерін білдіреді.

Топқа бөлу («Гүл күлтелері» тәсілін пайдаланып, оқушыларды топқа бөлу. Гүлдің әрбір күлтесіне тілектер жазылады. Олар гүлдің күлтесін жұлып алып, сол бойынша топтасады. Бірдей тілек жазылған гүл күлтесі бар оқушылар бір топқа бірігеді);

І топ – «Алқызыл»

ІІ топ – «Ақ раушан»

Үй жұмысы: «Конверт - сұрақ» әдісі

(топ бойынша жұмыс)

Феодалдық бытыраңқы және орталықтандырылған мемлекеттің белгілерін ажыратыңыз.

А) Король тек өзінің бағыныштысынан ғана салық алды

В) Король мемлекет халқының барлығынан салық алды

С) Ірі феодалдар корольге бағынбай оқшаулана бастады

D) Мемлекетте барлығына бірдей заң

E) «Мырзасыз жер жоқ»

F) Мемлекет халқының барлығына бірдей салық жүйесі

G) Феодалдар арасындағы қырқыс мемлекетті әлсіретеді

H) «Бағыныштымның бағыныштысы маған бағынышты емес» деген түсінік.



Феодалдық бытыраңқы мемлекет

Орталықтандырылған мемлекет



Дескриптор

- Феодалдық бытыраңқы мемлекеттің ерекшеліктерін көрсетеді;

- Орталықтандырылған мемлекеттің ерекшеліктерін көрсетеді.

ҚБ: «Плюс, Минус, Қызықты». ( Мұғаліммен оқушының арасындағы кері байланыс)

Қоржынан смайликтерді алып, оқушылар өздерінің көңіл күйлерін білдіреді



















тапсырма жазылған үлестірмелі парақтар
























Сабақтың ортасы

(25 мин)





















Жаңа сабақ.

1 тапсырма: Мұғалім оқушылар назарына Жанна Д*Арктің алтынжалатқан ескерткішін ұсынады. Сұрақ: Бұл қыз тарихта қандай рөл атқарды?

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу және оқулықпен жұмыс.

ҚБ: «Ойлау бутерброды» (оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс)



2 тапсырма: 2 топ тапсырма орындайды

(Т) «Уакыт сызығы» - Уақыт сызығында белгіленбей қалған жүз жылдық соғыстағы тарихи оқиғалардың даталарын қойып шығады. Қызыл сызыққа соғыста басымдыққа ие болған мемлекеттерді көрсетеді. Уақыт сызығындағы көрсетілген аралықтағы тарихи тұлғалардың қызметін түсіндіреді.



ҚБ: «Екі жұлдыз – бір тілек» арқылы жүргізіледі. Оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланыс білдіреді

3 – тапсырма (топтық тапсырма)

(Ж) Қалыптастырушы бағалауға арналған «Галереяға саяхат» топтарға бірдей тапсырма беріледі, белгіленген ұақыт ішінде топтар сұраққа жауап жазып, тақтаға іледі. Олар бір – бірімен алмасып, бір – бірінің жұмыстарын тексереді және жұмысқа «Екі жұлдыз – бір тілек» жазады

  1. Англиядағы Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі қай жылы және елдің қай аумағында басталды?

  2. Шаруалар не себепті өз феодалдарына қарсы шықты?

  3. Жүзжылдық соғыста болған шайқастарды картадан көрсету

  4. Жүзжылдық соғыста бастапқы кезде француздар неге жеңіліске ұшырады?

  5. Жүзжылдық соғыстың салдарына баға



Дескриптор:

  1. Англиядағы Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі қай жылы және елдің қай аумағында болғаның түсіндіреді;

  2. Шаруалар не себепті өз феодалдарына қарсы шыққаның айқындайды.

  3. Жүзжылдық соғыста болған шайқастарды картадан көрсетіп анықтайды;

  4. Жүзжылдық соғыста бастапқы кезде француздар неге жеңіліске ұшырағаныңа баға береді;

  5. Жүзжылдық соғыстың салдарын анықтай

ҚБ: өзара кері байланыс


4 - тапсырмаса (жекелеме жұмыс)

Оқушылардың назарына Жанна д,Арк туралы бейнефильм ұсынылады.

Сіз бұл фильмді көрдіңіз бе? Оның басты кейіпкері туралы не айтуға болады? Неліктен фильмнің режиссері осы қыз туралы фильм жасауға шешім қабылдады деп ойлайсыңдар?/ дереккөз арқылы саралау

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып, Жүзжылдық соғыстың аяғында Франция жеңістен жеңіске жете бастады, ең алдымен осы қарапайым шаруа отбасынан шыққан қыздың арқасында.

ҚБ. «ойлау бутерброды» (оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс)

1.не жақсы шықты ?

2.не қиындықпен жасалды?

3.нені жақсартуға болады?





Оқулық : Дүние жүзі тарихы , 6 – сынып , Атамұра, 76 – 79 бет

https://text.ru/rd/aHR0cHM6Ly91c3Qua3ovd29yZC9vYm9rZWlfYXR5bmRhZ3lfcWF6YXFfb3J0YV9tZWt0ZWJpLTE3Njg5NC5odG1s



Оқулық

Қосымша мәтін

Таныстырылым

















А4, маркер, стикер, контурлы карта



тапсырма жазылған үлестірмелі парақтар












Жанна д,Арк туралы бейнефильмhttp://www.youtube.com/watch?v=tCv_RLGGAr8









Жанна д,Арк туралы бейнефильмhttp://www.youtube.com/watch?v=tCv_RLGGAr8

  • Сабақтың соңы(8 мин)




5- тапсырмасы

«БББ» әдісі

- Дереккөздерден басты кейіпкер туралы қандай қосымша ақпарат алдыңыз?

- Кейіпкер өмір сүрген тарихи кезең туралы қандай қосымша ақпарат алдыңыз?

  • Неліктен Жанны Д'Арктың ерлігін оның замандастары тарапынан бағалаланбай және ол неліктен өлтірілді?

  • Тарихи тұлғаның тағдыры туралы қандай жалпы қорытынды жасай аласыңдар?


ҚБ: «Пікір алмасу» оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс

Рефлексия.

Үйге тапсырма: өтілген тақырып бойынша реферат жазу





Ватман, маркер, сызғыш,

тапсырма жазылған үлестірмелі парақтар










Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік.

Сабақтың мақсаттары оқушылардың қажеттілігіне байланысты сараланды.

Сабақ ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, білім туралы ақпаратты пайдаланды. Жұптасып жұмыс істеу кезінде қабілетті оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетіп, әлсіз оқушыны мұғалім де қолдайды. Кескін картасында жұмыс жасағанда, дифференциялау жүргізіледі, орта ғасырлардағы Франция мен Англия арасында орын алған «Жүзжылдық соғыстың» себеп – салдарын анықтай алады, Неліктен Жанна д’Арк бүгінгі француз халқының есінде сақталғаның сипаттай алады.

Әрбір тапсырмалардан кейін қалыптастырушы бағалау түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отыруы үшін алынды:

«Плюс, Минус, Қызықты», «Екі жұлдыз – бір тілек», «Пікіралмасу», «Ойлау бутерброды», «От шашу».

Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау.

Егер зейіндері шашырап кетсе қажеттіліктеріне сәйкес ой сергек өткізу.

Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!