400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Сабақ жоспары.Қаһарлы не, қаһарман кім? Һ дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ өз шығармашылығыммен құрылған. Бұнда қалыптастырушы бағалау арқылы білім алушылардың деңгейін саралау, сабақтың мақсатын, тақырыбын болжау үшін тапсырмалар беріледі. Сол арқылы болжайды. Топтық, жұптық жұмыстарды өткізу,дескрипторларды құру, сол арқылы бағалау жолдары көрсетілген. Сонымен қатар мақсатпен жумыс жасау,сол арқылы кері байланыс жасау көзделген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:



Күні: 13.02.17

Сынып: 1 "а"

Мұғалімі: Мусағалиева Аякөз Марзухқызы

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қаһарлы не, қаһарман кім? Һ дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1 Оқу түрлерін қолдану.

3.5 Мәтінді түрлі формада қарастыру.

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау.

Сабақтың мақсаттары

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, қолдану

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріппен жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою


Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті: Өз деңгейіне қарай оқу түрінің қандай түрін қолданып отырғанын біледі.

Оқушылардың көпшілігі: Сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады, дұрыс дыбыстай алады. Мұғалімнің көмегімен мәтіндегі оқиғаның ретін сақтай отырып баяндай алуы қалыптас-қан.

Кейбір оқушылар: Мәтінді өз ойымен аяқтай алады, қорытынды жасай біледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Батыр-герой

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Ұйымдастыру.

Смайликтер арқылы көңіл күйлерін білдіреді.

Қызығушылығын ояту.

Кеше. Бүгін. Ертең.

Смайликтер арқылы көңіл күйлерін білдіреді.


Сабақтың ортасы

8 минут



1.2.9.1. (МК; Ө; Қ) «Һ» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.

һ» дыбысы және әрпімен таныстыру. «Һ» дауыссыз екенін, оның сөздің ортасында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйрету.

1.2.1.2. (МК; Ұ; Ж; Қ)

Оқу түрлерін қолдана алу білігін бағалау.

Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Кестедегі сөздерді оқыту. Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытып, сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу.

Дескриптор: - Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

- Қатесіз оқиды


1.3.5.1. (МК; Т) Сюжетті суреттердің көмегімен ертегінің не туралы екенін болжап, сұрақтарға жауап беріп, ертегіні аяқтау.

Адам мен қарлығаштың достығы туралы өз ойын білдіру.

Сюжетті суреттер арқылы қай ертегі екенін табады. Оқушыларға «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» тақырыбындағы ертегінің мазмұнын айту. Ертегіні құрастыртуда адам мен қарлығаштың достығы туралы екенін айтады. Оқушылар суреттерге қарап, қай ертегі екенін табады.

Сурет бойынша әңгімелемес бұрын сұрақтар қойылады: ----Айдаһар жан-жануарларға қандай тапсырма берді?

-Түлкі дүниедегі ең тәтті нәрсеге нені жатқызды?

- Айдаһар дүниедегі ең тәтті нәрсені тауып келуге нені жұмсады?

-Масаға не жолықты? Маса оған не деп мақтанды?

- Қарлығаш масаға не істеді?

- Неліктен маса айдаһарға түсіндіре алмай, жылап жіберді? - Айдаһар қарлығашқа не үшін ұмтылып, құйрығын тістеп үлгерді?тс.с.с.

Picture 2 Picture 2 Picture 3 Дескриптор: сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;

- сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырады;

- сөйлемдерді сауатты жазады;

- сөйлемдердің байланысын сақтай отырып, мәтін құрастырады.


Электронды оқулық.








Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

"Қыдырып қайтайық"

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут Қызықты тапсырма

8 минут


1.3.8.1. Жазылым.

Дескриптор: - жазу жолының сызықтары мен жоларалық

кеңістікті сақтайды;

- әріп элементтерін дұрыс байланыстырады;

- сөйлемдерді сауатты, көркем жазады





Оқулық


дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Сабақты қорытындылау.

Он қадам әдісі “

Рефлексия

"Екі жұлдыз, бір тілек"


Іздің суреттері



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


"Екі жұлдыз, бір тілек"арқылы өздерінің әсерлерін және тілектерін айтады.

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

















Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Ж Мырзағалиев орта мектебі

Мерзімі: 13.02.2017 ж Мұғалім: Мусағалиева А

Сынып: 1 «а» Оқушылар саны

Тақырып: Көңіл күй шаттығы

Құндылық: тыныштық

Қасиеттер: ақниеттілік, ақкөңілділік, кішіпейілділік

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға адам өміріндегі әлемді жағымды қабылдаудың маңыздылығын түсіндіру арқылы тыныштық құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларға риясыз қызмет ету қуаныш, шаттық екенін түсіндіре отырып, ақниеттілік, ақкөңілділік, кішіпейілділік қасиеттері туралы түсінік беру.

  • Оқушыларға жағымды ойлауға баулу арқылы ақниеттілік, ақкөңілділік, кішіпейілділік қасиеттерін дамыту.

  • Оқушыларды әлемді қабылдауға үйрету арқылы ақниеттілік, ақкөңілділік, кішіпейілділік қасиеттерін тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

әуен

2.Үй тапсырмасын тексеру.

К. Ушинский «Таңғы сәулелер»

Оқулық

3.Дәйексөз.

Жақсыға қарасң, жаның жадырайды

1.Мұғалім оқиды.

2.Мұғаліммен бірге дауыстап оқиды.

3.Ұл балалар дауыстап айтады.

4.Қыз балалар дауыстап айтады.

Мүғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасы туралы сұрайды, жауаптарын тыңдаған соң өзі қорытынды шығарады.

Қорытынды.

Көңіл күйді басқару адамның өзіне байланысты. Жақсы көңіл күй адамға қанат бітіріп, қуат береді. Адам ішкі тыныштығын тапқан кезде шынайы, жағымды көңіл күйге бөленеді. Сөзі шын жүректен шығып, өз ісіне қанағаттанған адамның көңіл күйі шаттыққа толады. Ондай адамның денсаулығы да жақсы болады. Жақсы көңіл күйдегі адамның айналасына да қуаныш сыйлайды.


К. Ушинский «Таңғы сәулелер»

  • Шынай көңіл күйге қалай бөленуге болады?

  • Күннің барша тіршілікке деген риясыз сүйіспеншілігін қалай байқаймыз?

  • Сенің айналаңда күннің риясыз сүйіспеншілігіндей адамдар бар ма?


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 – тапсырма. Балалар шығармашылық іс-әрекеттерді дамыта отырып, алған білімдерін арттыра түседі.Жағымды ойлау адамға күш-қуат беретінін сезінеді.

2 – тапсырма. Оқулықта берілген суреттерге қарап, ондағы адамдардың көңіл күйлерін қалай көтеру керектігін сахналап көрсетеді.


6.Топпен ән айту.

Көңілді балалар әні

Өлеңін жазған: Е. Өтетілеуов

Әнін жазған: Б. Дәлденбай

Интербелсенді тақта, әуен

7.Үй тапсырмасы.

Ақ тиін мен қасқыр. Ертегі

Оқулық

8.Соңғы тыныштық сәті.

Аяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап, қол-аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге қоюға болады. 9-10 рет, баяу жасалады.


































Оқу ісінің меңгерушісі:



Күні: 13.02.17

Сынып: 1 "а"

Мұғалімі: Мусағалиева А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Құралдармен қозғалмалы ойындар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.3 Дене жаттығуларының әр түрінде қозғалыстарды орындау мәнмәтінінде уақыт, кеңістік, салмақ пен бір қалыптылық түсініктері туралы білу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді түсінеді.

Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Бой сергіту жаттығулары.

Picture 2



Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.
















Сабақтың ортасы

8 минут







1 минут









5 минут





3 минут

16 минут


Жаңа сабақты түсіндіру

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Тақырып бойынша жинақталған ресурстармен танысу.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


Ұлттық ойындар:

Ақсерек-көксерек. 
Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам. 
1- ші топ. Ойынды бастайды 
Ақсрек-ау ақ серек 
Бізден сізге кім керек. 
2-ші Ақсерек –ау ақ серек 
Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек 
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді. 
Қыз –қуу 
Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді. 







Сергіту сәті

Сұрақ парақшалары.













Оқулық, дәптерлер.













Ойын ойнайық.

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.



Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Сөйлеу-речи-speeches


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.



Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2070
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі