400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары.Қысқаша көбейту формулалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары мектеп мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қысқаша көбейту формулалары»

7-сынып ,қайталау сабағы.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі талап-сабақта білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып,сабақ сапасын көтеру,оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру,олардың ізденуін,танымын қалыптастыру.Сабақтың өз дәрежесінде өтуі-ол ұстаз шеберлігі мен ізденімпаздығының нәтижесі.Сондықтан оны бірсарынды өткізбей, жас ерекшеліктері мен қабылдау деңгейлеріне қарай түрлендіріп отыруға тырысамын. Төменде 7-сыныпта өткізген сабағымның жоспарын әріптестеріме көмегі тие ме деген мақсатта ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы :» Қысқаша көбейту формулалары» тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты: Қысқаша көбейту формулалары туралы білімдерін жинақтау,теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту,сыни тұрғыдан ойлай білуге қалыптастыру,жұппен жұмыс жасай білуге үйрету,өз еңбегінің жемісін көре білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың көрнекіліктері:Топтарға бөлуге арналған формулалар жазылған карточкалар, »Өз бағандарына жаз» тапсырмалары жазылған карточкалар,бағалау парақтары.

I.Ұйымдастыру. Оқушыларды жұптарға бөлу. «Ой қозғау»:

1- карточкаға a2-b2 = 2- карточкаға (a-b)(a+b)=......

3- карточкаға (a-b)2= … 4- карточкаға (a+b)2=

5- карточкаға a3-b3= …. 6- карточкаға a3+b3=

Сол сияқты тағы басқа да қысқаша көбейту формулалары жазылады. «Өз жартыңды тап» деген белгі бойынша формула мен оның жалғасы жазылған карточкалары бар жұптар бірін – бірі табады.

Формулаларды қайталап, еске түсіру жүзеге асырылады.

II. «Мағынаны ажырату». Математикалық диктант:

  1. (a-3)2=a2-….+9

  2. (x+4)2=

  3. 27-a3=

  1. y3+64=

  2. 25-x2=

  3. (a+2)3=

( Жауаптары қолма – қол тексеріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан )

III. Өздік жұмыс. Мына өрнектерді өз бағандарына жаз: (a-y)2, 27a3-8, 25-4y2, (x-y)3, 125+1000b3,(4+3a)3

Екі өрнектің қосындысының квадраты

Екі өрнектің айырмасының квадраты

Екі өрнектің квадратының айырмасы

Екі өрнектің кубтарының айырмасы

Екі өрнектің кубтарының қосындысы







IV. Оқулықпен жұмыс. 157 бет.

3.

  1. (m+n)(m-n)

  2. (x+5)(x-5)

  1. (a-3)(3+a)

  2. (y+2)(2-y)

4.

5.

  1. (3x-y)2 =

1)(x+1)(x2-x+1)=

  1. (x+2)2 =

2)(a-2)(a2+2a+4)=

  1. (5a+b)2 =

3)(m/2-2n)(m2/4+mn+4n2)=

Әр топ 1-ден есептерді тақтада шығарып, қорғайды.

V.Білімді жинақтау, саралауға қатысты шағын тест жұмысы.

I-нұсқа

1.Көбейткіштерге жіктеңдер:

1) x2y2-16z2

A. (xy-4z)2 B.(xy-16z)2 C.(xy+4z)(xy-4z) D.(xy+16z)(xy-16z)

2) 1+6m+9m2

A.Көбейткіштерге жіктелмейді B.(3m+1)(3m-1)

C.(3m-1)2 D.(3m+1)2

3) 25a2-10a+1

A. (5a-1)2 B.(5a+1)2 C.(5a-1)(5a+1) D. Көбейткіштерге жіктелмейді

4) m3-27

A.(m-3)(m2+3m+9) B.(m+3)(m2-3m+9)

C. (m-3)(m2+6m+9) D. (m+3)(m2+6m+9)

5) 1+8b3

A.(2b-1)(4b2-2b+1) B. (2b+1)(4b2-2b+1)

C. (1-2b)(4b2-2b+1) D. (2b+1)(4b2+2b+1)

II-нұсқа

1) 9k2-m2n2

A.(3k-mn)2 B.(9k-mn)(9k+mn) C.(9k-mn)2 D.(3k-mn)(3k+mn)

2)36a2+12a+1

A.(6a+1)2 B.(6a+1)(6a-1) C.(6a-1)2 D. Көбейткіштерге жіктелмейді

3)81-36c+4c2

A.(9-6c)2 B.(9-2c)2 C.(9+2c)2 D. Көбейткіштерге жіктелмейді

4) 27-b3

A.(3+b)(9-3k+k2) B. (3+b)(9+3k+k2)

C. (3-b)(9+3k+k2) D.(9-b)(9+3k+k2)

5.8c3+1

A.(2c-1)(4c2+2c+1) B. (2c+1)(4c2-4c+1)

C. (2c+1)(4c2-2c+1) D. (2c+1)(4c2+4c+1)

VI. Зерттеуге арналған тапсырмалар(Қабілетті балаларға арналған тапсырма)

  1. «Бүтін және жарым санды» квадратқа шығару үшін, сол бүтін санды көршілес үлкен санға көбейтіп, шыққан нәтижеге ¼ деп қоса жазу керек деген дұрыс па?

Мысалы:

VII. Бағалау. Бағалау парақтарына өз жұбының қойған ұпайларын толтырады.Қорытындысы шығарылады. Сабақ қорытындыланады.

Үйге тапсырма: №9, «Рационал өрнектер» тақырыбын қайталау.

Асқарова Бейбітгүл Мәмиқызы

Шәкәрім атындағы №1орта мектептің математика пәнінің мұғалімі

ШҚО,Өскемен қаласы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі