400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары:Сәукеле тігу.4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Баскиім түрлерімен танысу оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының салт- дәстүрін басқа ұлыттар арасында кеңінен таратып дәріптеу. сәукеле тігіп үйрену, үлгісін дайындай білуді жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:Еңбекке баулу

Мектеп:«Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ»

Күні:

Мұғалімнің есімі:Еспенбетова Қ

Сынып: 4 «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабықтың тақырыбы: Сәукеле тігу

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Баскиім түрлерімен танысу оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының салт- дәстүрін басқа ұлыттар арасында кеңінен таратып дәріптеу.

сәукеле тігіп үйрену, үлгісін дайындай білуді жетілдіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Өз бетімен бұйымдарды жасай алады.Оқушылардың басым бөлігі: жаңа тақырып туралы ұғымдарын дамыту..Кейбір оқушылар: қолданатын құралдар туралы білімдерін кеңейеді

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен термин сөздер: ұлттық киім мен баскиім атаулары.


Негізгі сөздер мен тіркестер:материал түрлері,еңбек, эстетикалық тәрбие.

Бағалау критерийі

сәукеленің тігу әдісін үйрету, өнерге қызығушыығын арттырып, шеберлігін дамыту..

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Құндылықтарды дарыту

шығармашылық қабілеттерін дамыту, сабақ барысында халықтың өнерін, салт - дәстүрді бағалай білуге, шеберлікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика,дүниетану

АКТ қолдану


Алдыңғы оқылым

Табиғи материалдармен жұмыс

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар:

Сабақтың басы:

5мин


I.Ұйымдастыру кезеңі: а.оқушылардың сабаққа көңілін аудару.

б. жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал – жабдықтарын тексеру.

в. Қауіпсіздік ережесі және санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау.

II. Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.

  1. Матаның адам ағзасына экологиялық әсері дегенді қалай түсінуге болады?

  2. Табиғи маталардың пайдасы неде?

  3. Өлшемдер қалай алынады?

  4. Синтетикалық бұйымдар адам ағзасына қандай әсерін тигізеді?

  5. Әр ұлттың киімдерінде өзгешелік бар ма?


Сабақтың

ортасы:

25мин

Жаңа сабақ

Слайд көрсетіліп мұғалім баяндап береді)Балалар бүгін біз сабақта сәукеле пішіп, тігуді үйренеміз.Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген.Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің өзіне сай экологиялық , эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата – аналарымыз баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған.Баскиімді екі түрге бөлген ерлер және әйелдер. Ерлер: тымақ, бөрік, айырқалпақ, тақия малақай, сәлде киеді. Әйелдер баскиімі – сәукеле, кәмшәт бөрік, қасаба, киімешек, шылауыш.

Тымақ - екі бөліктен тұрады, төбесі төрт сай, шеті бағалы аң, түлкі терісімен жұрындалған. Жылы әрі сәнді аязда киеді.

Айырқалпақ – ақ кигізден немесе драптан өрнектер салынып тігіледі.

Бөрікті бала жігіттер, орта жастағы адамдар киген екі бөліктен тұрады. Төбесі бағалы матамен, шеті құндызбен жұрындалады. Әйелдер баскиімі мен қыз бала баскиімі арасында айырма бар. Қасаба – тақия тәрізді желкелігі ұзын қасабаны қас сұлулар киген.

Кимешекті – егде жастағы әйелдер киген, бет жақтауы кестеленеді, тазалыққа жылылыққа жақсы.

Сәукелені – қалыңдықтар, жас келіншектер киген оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. Қазақ халқымыз сәукелені күні бүгінге дейін қолданып келеміз. Оқушылар дәптерлеріне белгілеп алады.

а. шаблон бойынша үлгіні үстінгі және астынғы бетін бастыру.

ә. сызық бойынша қию

б. ою - өрнектер тігу немесе жапсыру

в. жиегін біріктіру, төбесі бірге бірігеді

г. сәндік бұйым енгізу

сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.





Сабақтың соңы: 10мин

Қорытынды

Бағалау: Оқушыларды жасаған еңбектеріне қарай бекіту сұрақтары арқылы бағалаймын.

Үйге тапсырма:Жұмысты толықтырып келу.


Кері байланыс

Бүгінгі сабақта үйренгеніміз...

Маған өте қиын болғаны...

Маған ұнағаны...

Стикер




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Барлық оқушылар: . Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамиды. Оқушылардың басым бөлігі: жасау жолдары туралы біледі.Кейбір оқушылар: компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіре алады.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспар

лап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі