400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары.«Сенім менің серігім».5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары мектеп мұғалімдеріне қажет болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін- өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:№ 18 М.Сатыбалдиев атындағы мектеп

Мерзiмі: № 20-сабақ

Тақырып : «Сенім менің серігім»

Құндылық: «Дұрыс әрекет».

Қасиеттер:ұқыптылық, әдептілік, адалдық,шынайылық.

Мұғалiм : Жаукен Асыл Аманбайқызы

Сынып: 5«г,д,е,ж,з»

Оқушылар саны:


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеті:

  • Сенім ұғымының мән- мағынасын ашу;

  • өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;

  • өзіне, өзгеге және қоғамға сенім білдіруге дағдыландыру.

Ресурстар:

Үнтаспа, интерактивті тақта, қосымша материалдар, компьютер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,сабаққа түгел қатысуын қадағалау. 


  1. Үй тапсырмасын тексеру

№19 сабақ, «Еңбек етсең емерсің» атты тақырыпта шағын шығарма жазу.

Бұлт шалған күннің бетінде сұрақтар жасырылған; осы сұрақтарға жауап беру арқылы мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек...

1. Диқан жерді анасындай сүйеді,

Жер диқанын баласындай сүйеді.

2. Еңбектің көзін тапқан,

Байлықтың өзін табады.

3. Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер.

4. Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.

5.Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді.

6.Су - ырыстың көзі,

Еңбек кірістің көзі.

7.Ерте тұрған еркектің ырысы артық,

Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.


Сонда балалар ерінбей еңбек ету адамның мақсатына жетуіне көмектеседі. Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді. Адамның өзіне, өзгелерге қуаныш, бақыт әкеледі.

Сұрақ-жауап

  1. Дәйек сөз « Жақын адамдардың, достарының, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу- әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.»

( Адамның өзіне-өзі, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне-өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.)

Дәптерлеріне жаздырылады, түсіндіріледі.

  1. Әңгімелесу

Қызығушылықты ояту. ( Ой қозғау)

Шарларға «Сенім» деген сөз жазылған,сол шарларды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауабын алу:

-Сенім деген сөзді қалай түсінесің?

-Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

-Қандай адам сенімге ие болады?

-Адамдардың барлығына сене беруге бола ма?

- Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?




5. Мұғалім сыйы

«Сенім алға жетелейді.» бейнетаспа


  1. Оқулықпен жұмыс

Ойланып көрейік. (топпен жұмыс)

«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жаз. (Мұғалім гүлдер таратып, сол гүлге оқушылар жақсы қасиеттер жазып мына тұрған вазаларға толтырып салады.)

С — сенімді, сыпайы,сүйкімді, сыйлы, сымбатты, сұлу

Е – ерен, ерекше,еркін, ержүрек, елпек

Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер,

І —   ілтипатты, ізетті, ізгілікті, іңкәр

М – мәдениетті, момын, мейірімді




  1. Шығармашылық жұмыс.

А3 форматта таратылған ақ беттерге ІІІ топқа тапсырма беріледі. І топқа «Өзіме-өзім сенемін»

ІІ топқа « Достарыма сенемін»

ІІІ топқа « Ата-анама сенемін» атты тақырыптарға оқушы өзінің өмірлік жағдаяттарын ойлап, кімге сенетіндері туралы кластерге жазады. Балалардың қызығушылығын арттыру үшін әр топ орындаған тапсырмаларын қорғап, ой-пікірлерін айтады.


  1. Топпен ән айту.

Жазира Байырбекова: «Армансыз күнім болмайды»

Бақытты жанмын сонда да бірақ
Көңілім кейде толмайды
Алаңсыз күліп жүрген кезде де
Армансыз күнім болмайды
Аспанда күнде айналар түнге
Арманым өлсе сол қайғы
Бақытқа сенемін
Армандай беремін
Армансыз күнім болмайды

Армандап ғұмыр кешемін күнде
Бір үміт қалсын ішімде
Арманмен бірге өсемін менде
Адам болып қалу үшін де

Аспанда күнде айналар түнге
Арманым өлсе сол қайғы
Бақытқа сенемін
Армандай беремін
Армансыз күнім болмайды x3


  1. Үй тапсырмасы:

Мағжан Жұмабаев: «Мен жастарға сенемін» өлеңін жаттау. (70-71 бет)


  1. Қорытынды:

Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өтзізу өз қолында екендігі туралы ұмытпауымыз қажет.(баяу әуен ойнап тұрады)

Балалар бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатысқандарыңызға рахмет! Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің ұнады ма?олай болса мына тілек ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізбен достарымызға арналған тілек жазып жапсырамыз.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1018
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі