жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары"Шөл дала мен сулы жер.Ө дыбысы мен әрпі "
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні: 12.02.2019 ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: Шөл дала мен сулы жер. Ө дыбысы мен əрпі
Мақсаты:
0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.
0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.
0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.
0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2мин. |
Педагог балаларды шеңберге тұрғызып, жақсы тілек тілейді: Аспанымыз ашық, еліміздің болашақ азаматтары аман болайық! Балаларға бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып, əсемдікке байланысты тілек айтуларын өтінеді. Мысалы: Айна, сен сұлусың! Марат, сен сымбаттысың! Ғалия, сенің көйлегің əдемі! |
|
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин |
(Ұ,Ө) Педагог түйе туралы əңгімелейді. Түйе үй жануары, еті, сүті пайдалы. Шөл далада көп шыдайды. Үй жануары. Балалар түйе туралы өз ойларын айтады.
|
Суреттер.
|
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин.
|
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма. Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздерді ата. Сөздерге дыбыстық талдау жаса. Балалар берілген суреттерды атайды. Педагог Ө дыбысын қайталайды. Астыңғы тістер мен жоғарғы тістер арасындағы арақашықтықтан бір шама үлкендеу болады, тілдің ұшы төмен түседі де, сəл артқа қарай тартылады. Ортасының көлбеулігі бір деңгейде сақталады, ауа қуысымен еркін шығады, жұмсақ таңдай көтеріледі де, мұрын ауа жолы жабылады жəне дауыс шымылдығы жабық болады. Балалар суреттен Ө дыбыс естілетін сөздерді тауып, буынға бөледі. Өркеш, шөл, өзен, өгіз. Педагог балаларға сұрақ қояды. 1. Түйе жүрген жер қалай аталады? 2. Өгіз ненің үстінен өтті? Сөздерді буынға бөледі. Ө жіңішке дауысты дыбыс екенін біледі. Ө дыбысын балалар қайталап дұрыс айтуға жаттығады. 2-тапсырма Суреттегі заттарды атайды. Ө дыбысы бер сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Өшіргіш, көйлек, бөрік, көз. Сөздерге сөйлем құрайды. Сызбасын жасайды. (Ұ) Сергіту сəті. Балалар орындарынан тұрып тыныс алу жаттығуларын жасайды. 3-тапсырма Педагог Ж.Əбдірашовтың өлеңін оқиды. «О» – кəдімгі дөңгелек, Ал «Ө» одан сəл бөлек. Мұны да сал, ерінбе, Белбеуі бар белінде. Суреттегі О əрпі мен Ө əрпінің пішіндерін салыстырады. Айырмашылығын табады. Балалар Ө əрпінің баспа түрін алдарына берілген құмға салады. Балалардың алдына құм салынған төртбұрыш қорапша беріледі. Балалар Ө əрпінің бейнесін сала отырып, Ө əрпінен басталатын сөздерді айтады. Сөздерге сөйлем құрайды. 4-тапсырма Ө əрпінің пішінін жіптен жəне қағаздан құрастырады. Педагог балаларға көмектеседі. Қағазға салынған доптың суретін таратып береді. Доптың суретін Ө əрпімен салыстырып, жетіспейтін бөлігін салады. Ө əрпінің элементін жазу жолына жазады. |
Əліппе-дəптер.
Суреттер.
Суреттер__________, сөйлем сызбалары жазылған плакат.
Құм салынған қорапша.
Суреттер. Əліппе-дəптер.
|
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.
|
Əліппе-дəптер.
|
Тілдік мақсат
Тəрбиеленушілер:
Суреттер бойынша сөйлем құрастырады. Сөйлемдегі сөздер санын ажыратып, буынға бөледі.
Негізгі терминдермен сөз тіркестері:
Шөл дала
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:
Пікір алмасу сұрақтары.
Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздерді атайды.Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Түйе жүрген жер қалай аталады?
Өгіз ненің үстінен өтті?
Өткен ҰОҚ-дан алған білім
Дыбыстарды ажыратады. Сөйлем құрайды. Əріптердің элементтерін жаза алады
Күтілетін нəтиже
Барлық тəрбиеленушілер:
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.
Ө дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Ө дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ө дыбысының орнын ажыратады.
Ө əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады.
Көпшілік тəрбиеленушілер:
Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.
Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.
Сөздегі дыбыс санын, ондағы ө дыбысының орнын ажыратады. Ө дыбысына сөз ойлайды.
Ө дыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөз құрайды.
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ө əрпінің элементтерін жазады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.
Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.
Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.
Ө дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады
Ө əрпін бейнелейді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген