15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары.Теңдеу.Теңдеудің түбірі.5-сынып
Сабақ тақырыбы
|
Теңдеу. Теңдеудің түбірі |
||||
Мерзімі |
|||||
Сынып 5 |
Қатысқандар саны |
қатыспағандар саны
|
|||
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
5.2.2.1 арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу; 5.2.2.2 теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану; |
||||
Оқу нәтижелері |
Барлық оқушылар теңдеуге мысалдар келтіре алады, қарапайым теңдеудің мәнін таба алады. Бүгінгі сабақта оқушылар теңдеу, теңдеудің түбірін табу әдістерін үйренеді |
||||
Оқушылардың басым бөлігі теңдеуге мысалдар келтіріп, олардың мағынасын ажыратады. |
|||||
Кейбір оқушылар күрделі есептер шығара алады. |
|||||
Алдыңғы оқу |
Теңдеу. Теңдеудің түбірі |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
ресурс |
|||
Басы
|
Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу. Мұғалім оқушылардан, олардың көңіл күйлеріне сәйкес келетін смайликті таңдау ұсынылады.Осы смайликтер арқылы сынып 4 топқа бөлінеді. Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қою . Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. 1. Теңдеу дегеніміз не? 2. Теңдеудің түбірі дегеніміз не? 3. Теңдеудің бір түбірі ғана болама? 4. Теңдеуді шешу дегеніміз не? |
Смаиликтер «Математика -5» оқулығы. Авт. А.Е.Әбілқасымова және т.б.
|
|||
Ортасы |
Оқулықпен жұмыс.Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысады. Құрамында белгісіз санды білдіретін әрпі бар теңдікті теңдеу деп атайды. Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірде-бір түбірі болмайтынына көз жеткізу. Теңдеудің түбірі дегеніміз әріптің теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәні. 1-мысал (45-х)⋅3=93 45-х=93:3 45-х=31 х=45-31 х=14 теңдеудің түбірі 14-ке тең тексеру: (45-14)⋅3=93-тура теңдік 2-мысал (х-13):7=2 х-13=7⋅2 х-13=14 х=14+13 х=27 теңдеудің түбірі 27-ге тең тексеру: (27-13):7=2 3-мысал 72: (х+12)=4 х+12=72:4 х+12=18 х=18-12 х=6теңдеудің түбірі 6-ға тең Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қасылғышты азайту керек. Мысалы: х+12=18 х=18-12 х=6 Белгісіз азайғышты табу үшін айырманың мәніне азайтқышты қосу керек. Мысалы: х-17=18 х=18-17 х=1 Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайту керек. Мысалы: 45-х=31 х=45-31 х=14 Белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлу керек. Мысалы: 9х=36 х=36:9 х=4 Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөлгішіті бөліндінің мәніне көбейту керек. Мысалы: х:7=2 х=2⋅7 х=14
І деңгей тапсырмалары № 1. Теңдеудің түбірін табыңдар: 1) (4294 + x) : 54 = 69; 2) 1215 : (71 – y) = 27; 3) (1001 – z) ∙ 13 = 1157; 4) 26 ∙ (z – 23) = 2574. № 2. Теңдеудің түбірін табыңдар: 1) (3728 – y) : 54 = 69; 2) 992 : (130 – x) = 62; 3) (148 + z) ∙ 3 =1584; 4) (715 – x) ∙ 83 = 8383. 3. Теңдеудің шешімін табыңдар: 1) 9t + 4t – 286 =0; 2) 14x + 9x + 11x = 272; 3) 265 : x = 465 –412. Жауабы: 1) 22 2) 8 3) 5 ІІ деңгей тапсырмалары 1. Теңдеудің түбірін табыңдар: 1) (425 + c) ∙ 5 = 2815; 2) 81 ∙ (b + 47) = 4374. Жауабы: 1) 18 2) 7 2. Бақтағы жидектердің барлығы 37 түп. Ондағы қарлыған қарақаттан 3 түп артық , ал таңқурайдан 2 есе кем. Бақтағы қарлыған неше түп? Бақтағы қарақат неше түп? Бақтағы таңқурай неше түп? Шешуі: х + (х + 3) + 2( х + 3) = 37, 4х = 37 – 9, 4х = 28, х = 7. Жауабы: 1) 7 түп қарақат, 10 қарлыған, 20 таңқурай 3. Жиһангер 5 күнде 45 км жол жүрді. Бірақ әр күні алдыңғы күнгісінен 4 км аз жол жүрді. Жиһангер ең соңғы күні неше км жол жүрген? Шешуі: І күн – х км десек, ІІ күн – х -4, ІІІ күн – х – 8, IV күн – х – 12, V күн – х – 16. x + x – 4 + x – 8 + x – 12 + x – 16 = 45, 5x = 85, x = 17. V күн = х – 16 =1 км Жауабы: 1 км жол жүрді ІІІ деңгей тапсырмалары 1. Теңдеуді шешіңдер: 1). 91 + 48 : (11 –b) = 99 2). 86 – 49 : (2x – 5) = 79 Жауабы: 1) 5 2) 6 2 . Қандай бір санды 7 –мен кеміткеннен кейін 10 есе азайтса алғашқы саннан 34 пен аз сан шықты. Алғашқы санды тап.
Шешуі:
(х
– 7) : 10 =
х-
34
Жауабы:х = 37 |
|
|||
Аяқталуы
(Жинақтау+ бағалау)
|
Сабақты қорытындылау: Карточкаларда көрсетілген тапсырмалар бойынша теңдеудегі белгісіз элементтерді табу жолдары қорытындылынады. 1)Қандай теңдік теңдеу деп аталады? 2)Теңдеудің түбірі деп нені атаймыз? 3)теңдеуді шешу дегеніміз не? Сабақт ағы топтардың іс әрекеттері «Бағдаршам»,»Бас бармақ», «Қол шапалақтау» әдістерімен бағаланады Үй тапсырмысын беру № 82(2,4),№84(2,4)
|
|
|||
Қосымша ақпарат |
|||||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз? Фармативтік бағалау түрлерін қолдану арқылы :сабақты түсінгенін тексеру « бас бармақ», «бағдаршам» , «ұол шапалақтау» әдісін қалданамын. |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылығы байланыс |
|||
|
Сұрақтар беру арқылы |
|
|||
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сіз сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
|||
Қорытынды бағамдау |
|||||
0,1х
– 0,7 = х
– 34, -0,9х
= - 33,3 ,
х
= 37

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген