400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары:Тіл – ұлттық құндылық, 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен мұғалімдерге арналған ,6-сыныпқа арналған Бөлім: «Ұлттық және отбасылық құндылықтар», сабақтың тақырыбы: Тіл-ұлттық құндылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім: «Ұлттық және отбасылық құндылықтар» (ІІ)

Сабақтың тақырыбы:

Тіл – ұлттық құндылық

Мектеп


Күні:

Мұғалім

Сынып: 6-сынып

Пәні: Қазақ тілі

Тоқсан: І

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары


6.О2.Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

6.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау.

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

қолдану,бағалау

Бағалау критерийі:

  • Ауызекі және әдеби сөйлеу стилін, тілдік

ерекшеліктерін анықтайды

  • Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық

қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп

редакциялайды

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындайды:

- Ауызекі және әдеби сөйлеу стилін ажыратады.

- Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық

қателерді анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындайды:

- Ауызекі және әдеби сөйлеу стилін ажыратады. Әр стильге тән ерекшеліктерін анықтайды. Ауызекі және әдеби сөйлеу стилінің тілдік құралдарын анықтайды.

- Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық

қателерді анықтайды. Үтір, леп белгісін қояды.

Кейбір оқушылар орындайды:

- Ауызекі және әдеби сөйлеу стилін ажыратады. Әр стильге тән ерекшеліктерін анықтайды. Стильдердің қолдану мақсатын айқындайды.

- Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық

қателерді анықтайды. Үтір, леп белгісін қояды. Тыныс белгілерінің қойылу ережесін дәлелдейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындайды: Тілдік құралдар арқылы стиль түрлерін ажыратады. Орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетеді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

қасиеті, қастерлі, халықтың жаны, қатынас құралы, тарихы, ана тіліміз

Талқылауға арналған сұрақтар:

Тіл не үшін керек?

Не себепті ...деп ойлайсыз?

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады дегенді қалай түсінесің ?

Пәнаралық байланыс

Өзін –өзі тану, әдебиет, тарих

Құндылықтарға баулу

Тарих, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Тілді құрметтеуге, қастерлеуге баулу

Алдынғы оқу

«Ой қозғау» стратегиясын қолданып, тіл туралы білгендерін сызбаға түсіреді.



Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


1 мин











4 мин

Амандасып, балаларды түгендеу.

Топтарға бөлу. Тіл туралы нақыл сөздерді «Пазл» әдісі құрастырып, топқа бөліңіздер(Ұлттың ең белгілі ерекшеліктерінің бірі, ең құнды негіздерінің бірі – тіл. Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.)

ҚБ Жарайсыңдар!

Тақырыпқа шығу. Пазлдан құралған нақыл сөздерден негізгі сөздерден топ атын шығару.

І топ: Тіл ІІ топ: құндылық

С

Ширату жаттығуы.

Тіл туралы білгендеріңді «Ой қозғау» стратегиясын қолданып, сызбаға түсіріңіздер.





Тіл не үшін керек?

Т ілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады дегенді қалай түсінесің ?

Әр оқушы тақтаға тіл туралы білгендерін жазады.



ҚБ «Бас бармақ» әдісі




http://oilar.kz/topic_list/240

Сабақтың ортасы






14мин












































































10 мин














































5 мин




ТЖ

1-тапсырма

1.Мәтінді мұқият оқып, стильдік ерекшелігін көрсететін тілдік құралдарды Түртіп алыңыздар, нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіздер. Төменде берілген кестеге толтырыңыз. Топ спикері қалып «Аялдама» әдісі арқылы түсіндіріңіз.

І топ: 1-мәтін.

... Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіпті, тіл болмаса, сөз болмайды. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Балалар, тіл – халықтың жаны. Егер, тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отырғанын білеміз. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.

Айналайындар, Ұлы Отан соғысында қан кешкен жауынгерлер туған жері үшін оққа ұшты. Майдан даласында қар жамылып, мұз жастанған баһадүрлердің қатарында Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Мәлік Ғабдуллин, сұрмерген Ыбырайым Сүлейменов, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев... бар. Желтоқсан оқиғасында ше? Қайрат, Ләззат, Сәбиралар Кеңес билігінің қылышынан қан тамып тұрған кезеңде неге алаңға шығып атойлады, неге «нашақор», «маскүнем» атанды? Әлбетте, халқының азаттығы үшін, тілінің тәуелсіздігі үшін, дәстүрінің ертеңі, болашағының жарқын болуы үшін...Бұл – көкейде жүрген қасірет, қазанама, өзекті өртеген өкініш. Өйткені, біз осындай батырлардың, шешендерің, билердің ұрпағымыз. Сондықтан тектілігімізді деңгейінде танытуымыз керек 


ІІ топ: 2-
мәтін.

ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ. О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде... Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі. Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі.

Елбасы «Тілдің өз қасиеті бар» деп текке айтып отырған жоқ. Ол – тек біздің ұлтқа ғана тән қасиет. Ендеше, сол қасиет өскелең ұрпақтың бойына туған тіліміз арқылы сіңеді. Бұл жерде бір нәрсені ұмытпауымыз керек. Кез келген ұлттың тек өзіне тән өрнектелген сөздері болады. Біз сөз етіп отырған қасиет сол сөздерде тұнған. Қазақтың ауыз әдебиеті – сарқылмас сөз қазынасы. Сол «қазынадан» сусындаған талай ақындарымыз халқымызға сөздің қаймағын ұсынды. Өзге тілге аударуға келмейтін айшықтарды алға тартты. Мәселен, хакім Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ» деген және ер Махамбеттің «Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға, Қас түлектен туған қатепті, Қара нар керек біздің бұл іске» деген өлең жолдарын «мұртын бұзбай», өзге тілге аудара аласыз ба? Әрине, жоқ.


мәтіндер

стилі

тілдік ерекшелігі

мақсаты

1




2






Бағалау критерийі

Дескриптор

Ауызекі және әдеби сөйлеу стилін, тілдік

ерекшеліктерін анықтайды

мәтінді мұқият оқып, стилін ажыратады.


стиль түрін тілдік құралдар арқылы дәлелдейді.

тілдік құралдарының қолдану мақсатын айқындайды.


ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»



«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

2-тапсырма. Берілген өлеңді мұқият оқыңыздар. «Прожектор» әдісі бойынша орфографиялық және пунктуациялық қателерді анықтаңыздар, сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетіңіздер Дәптерге көшіріп жазыңыздар.

Қазақ тілі
Күш кеміді айбынды ту ғұлады,
Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны гісенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей гүшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды


Ерлік елдік, бірлік қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың...
Алтын гүннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен ғалдың

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза терең өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сең, тілім

М.Жұмабаев


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
4137
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі