400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары:"Төртбұрыштар ауданы",8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары мектеп мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

8-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Төртбұрыштар ауданы» тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:Төртбұрыштардың ауданын табуға арналған формулаларды білуге,теориялық білімдерін толықтыруға,есептерді талдай білуге үйрету,жалпы төртбұрыштар туралы білімдерін жинақтау.

Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру,ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқушыларды ұйымшыл болуға,топпен жұмыс істеуге,жауапкершілікке,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау,жинақтау.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі карточкалар,бағалау парағы,тақырып бойынша әр түрлі сызбалар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, мақсатымен таныстыру. Сыныпты 3 топқа бөлу.

I-кезең. Қызығушылықты ояту. Әр топқа сұрақтар беріледі, сол бойынша оқушылар өз топтарымен ассоциациялық карта сызады.

I-топ. Трапецияның ауданы, оның элементтері бойынша.

II-топ.Параллелограмм және ромб аудандары.

III-топ.Тіктөртбұрыш және квадрат аудандары.

Әр топ өздері жасаған карталарын өз есебі ретінде қорғайды.

I I-кезең.Мағынаны ашу. Оқушыларға мәтін жазылған есептер таратылады.

1.Трапецияның орта сызығы 7 см, табандарының бірі екіншісінен 4 см-ге артық. Биіктігі 6 см. Ауданын тап.

Жауабы: 4 см2

2.Ромбының диагональдары 4,6 м және 2 м-ге тең. Ромбының ауданын табыңдар.

Жауабы: 4,6 м2

3.Тіктөртбұрыштың периметрі 28 м, ал ауданы 33 м2. Тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Жауабы: 11 дм, 3 дм

III-кезең. Сергіту сәті.

12 шырпымен шаршылар құрастыр.

I-топ


II-топ

III-топ

Shape1

Shape2

Shape3



3 шаршы


Shape5 Shape4





2 шаршы

Shape9 Shape8 Shape7 Shape6





5 шаршы

IV-кезең. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.

Оқушыларға оқулықтан есептер нөмірі беріледі. Оқушылар өз қалаулары бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

А деңгей. №38. Ромбының диагональдары 12 см және 16 см. Ромбының периметрін және ауданын табыңдар.

Жауабы: 40 см, 96 см2

В деңгей. №76. АВСД параллелограммда АВС және АВД үшбұрышының аудандарының қосындысы 10 м2 –қа тең.Параллелограммның ауданын табыңдар.

Жауабы: 10 м2

С деңгей. №88. ВС мен АД – АВСД трапециясының табандары, АД=2ВС. АВ – ға параллель СМ түзуі трапециядан ауданы 3 см2-ге тең СМД үшбұрышын қиып түсіреді. Трапецияның ауданын табыңдар.

Жауабы: 9м2

V-кезең. «Шеңбер бойымен әңгімелесу» (Тақырыпты қорытындылау)

Оқушылар тобымен ортаға шығады. Ортада тұрған жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыны нұсқайды. Тақырып бойынша әңгімелесуді бастайды. Мысалы: параллелограмм. Сағат тілінің бағытымен әр оқушы бір –бір сөйлемнен айтады. Осылай 2-ші фигура туралы II топ, 3-ші фигура туралы III топ қайталап өтеді.

VI-кезең. Ой толғаныс кезеңі «Галлереяны шарлау».Жалпы төртбұрыштар туралы өтілген материалдар,оқушылардың сызған сызбалары тақтаға ілініп,сынып оқушылары аралап көріп,өздеріне қажет сұрақтарға жауаптарын жазып алады.Толықтыратын ойлары болса толықтырады.

Келесі тапсырма:«Төртбұрыштар, оның аудандары, қасиеттері туралы білім маған не үшін қажет болды?» деген тақырыпта үйден эссе жазуға тапсырма беріледі. Оқулықтан №77, №89.

  1. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау, марапаттау, алғыс айту.

Бейбітгүл Асқарова

1 Шәкәрім атындағы орта мектептің бірінші санатты математика пәні мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
648
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі