|
1. Мотивациялық-
ынталандырушы.
|
- Балалар
сәлеметсіңдерме? - Көңіл- күйлерің қалай? Қараңдаршы, бүгін бізге
көп апайлар қонаққа келіпті, кәне
амандасайық!
- Балалар далада қай жыл
мезгілі? - Жарайсыңдар!
|
- Балалар
амандасады.
-
Жақсы
-
Қыс
|
|
2.
Ұйымдастыру-ізденушілік.
|
-Балалар, тақтадағы
мына суреттерге қараңдаршы, не көріп отырсыңдар? - Иә бұл жануарлар
бір сөзбен үй жануарлары деп аталады. Қазыр балалар жануарлардың
дыбыстарын бірге ажыратамыз. Бұл қой, қойдың
төлі-қошақан,
-Бұл жылқы, жылқының
төлі- құлыншақ,
- Бұл сиыр, сиырдың
төлі-бұзау,
-Бұл ешкі, ешкінің
төлі- лақ.
- Бұл мысық,
мысықтың төлі- марғау.
- Бұл ит, иттің
төлі- күшік.
Балалар енді бұл
жануарлар қалай дыбыстайды, соны атап көрелік.(аудиожазба
қосылады.)
Ғажайып
сәт! Кенеттен есік
тоқылдап, ішке
Аяжан атты оқушы қыз кіреді. –
Балалар жаңа ненің дыбыстары шығып жатты. Мағанда үй жұмысына үй
жануарлары туралы тапсырмалар беріпті соған балалардан көмек сұрап
келдім.- Сендер көмектесесіңдерме маған. -Көмектесейік пе Аяжанға?
Әр жануардын атын атап, төлдерімен
танысайық.
- Жарайсыңдар! Енді
Аяжанға берген тапсырмаға
көмектесейік.
-Ойын
«Сәйкестендір»
Бұл ойында үй
жануарларымен олардың төлдері бейнеленген. Ойынның
мақсаты:дөңгелекті жүргізу арқылы, әр жануардың төлін табуға
көмектесуіміз керек.
-Жарайсыңдар,
балалар бұл тапсырманы да бұлдыртпай орындадыңдар. Балалар енді
біраз денемізді сергітіп алайық Сергіту
сәті.
Орнымызда
отырып,
Мойнымызды
бұрайық.
Қолымызды
көтеріп,
Саусақты ашып
жұмамыз.
Одан соң төмен
түсіріп,
Алақанды
соғамыз,
Жаттығу жасап
осылай,
Үлкен боп осылай
шығайық
Енді балалар
Аяжанның үй жұмысының тағы бір тапсырмасы бар
екен.
Ол «Не артық». Балалар
сендердің алдарында жануарлардың муляжы беріледі. Онда 4 жануар.
Оның үшеуі бір- бірімен байланысты да, ал біреуі артық. Сендердің
мақсаттарын мұқият қарап отырып, осы төрт заттың ішіндегі артығын
табу. Кім жылдам және дұрыс табады, сол жеңімпаз болып
саналады.
|
-Балалар суретке
мұқият қарап, үй жануарларымен және олардың төлдерімен
танысады.
-
Көмектесейік
-Балалар үй
жануарларының төлдерін тауып,
сәйкестендіреді.
-Балалар қайталап
орындайды.
Балалар артық жануарларды
тәрбиешілердің көмегімен
табады.
|
|
3. Рефлексивті-
түзетушілік.
|
-Балалар, бүгін біз
Аяжанға үй жұмысын жасауға көмектестік. Сабағымызды аяқтамас бұрын
сендердің бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді тексергіміз келіп
тұр. Ол үшін тақтадағы А3 қағазына алдарыңда жатқан сүреттерден тек
қана үй жануарлын тауып, А3 қағазына жапсырайықшы. -Жарайсыңдар,
балалар бүгінгі сабаққа өте белсенді
қатыстыңдар.
Аяжан: - Балалар
сендердің маған көп көмектерің тиді. Рахмет сендерге. Маған
көмектескендерің үшін сендерге арналған тәттілерім бар. Енді менің
кетуім керек анам мені іздеп қалады. Сау
болыңдар!
- Балалар сендерге
бүгінгі сабақ ұнады ма? Бізге де ұнады. Осымен сабағымыз аяқталды.
Сау болыңдар!
|
Балалар тапсырманы
орындайды
- Балалар
қуанады.
-
Қоштасады.
|