Материалдар / сабақ конспектісі "Киіз үй" ересектер тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ конспектісі "Киіз үй" ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ конспектісі ересектер тобының балаларына арналған.Ұттық көрме ұйымдастыру, сурет салуға керекті бояулар, қылқалам, тұғыр көрнекілікке алынып, сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру, көрсету әдіс - тәсілдері қолданылады. Сабақтың барысында тәрбиеші балаларға мұражайға барып ондағы ұлттық өнер бұйымдарымен танысатындықтарын ескертеді. Оған дейін, білетін өлең тақпақтарымызды айтып есімізге түсіріп, бір пысықтап алайық - деп сабақты одан өрі жалғастырады. Жылдың мезгілдері, оның ерекшеліктері, жаз туралы өлең тақпақтарын айтқан соң балалар мұражайға да келеді. Балаларды киіз үйдің жабдықтарымен таныстыру. жұмбақтар жасыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2018
757
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: « Киіз үймен таныстыру»

Сабақтың мақсаты: Сабақта балаларды ұлттық бұйымдар, ою - өрнектермен таныстыру, ұлттық өнерді суюге, еңбекке тәрбиелеу, өз халқын, салтын, дәстүрін сүйе білуге, оны қадірлеуге үйрету, ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін қызығушылығын арттыру, ұлттық бас киімдерді бейнелеу арқылы халықтық өнердің қыр - сырларын меңгеруге баулу.

Қажетті заттар: Ұттық көрме ұйымдастыру, сурет салуға керекті бояулар, қылқалам, тұғыр көрнекілікке алынып, сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру, көрсету әдіс - тәсілдері қолданылады.

Сабақтың барысында тәрбиеші балаларға мұражайға барып ондағы ұлттық өнер бұйымдарымен танысатындықтарын ескертеді. Оған дейін, білетін өлең тақпақтарымызды айтып есімізге түсіріп, бір пысықтап алайық - деп сабақты одан өрі жалғастырады. Жылдың мезгілдері, оның ерекшеліктері, жаз туралы өлең тақпақтарын айтқан соң балалар мұражайға да келеді.

Тәрбиеші:

  • Балалар мынау не?

  • Киіз үй.

  • Киіз үйдің бөліктері қандай?

  • Шаңырақ, кереге, уықтар.

  • Шаңырақтың пішіні қандай?

  • Дөңгелек.

  • Балалар, киіз үйдің ішінде қандай қол өнер бұйымдарын көріп отырсыңдар?

  • Түскиіз, сырмақ, көрпе, сандық.

  • Бұл бұйымдар қалай жасалған?

  • Оюлап жасалған.

  • Оюдың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Қошқар мүйіз, құс қанаты, гүл бүршігі, құс тұмсық, қойдың ізі т.б.

  • Ою - өрнек дегеніміз не?

- Сәндеу, әсемдеу деген мағынаны білдіреді.

  • Сандық не үшін керек?

  • Көшіп қонуға ыңғайлы, киім - кешек, ыдыс аяқ салу үшін

  • Торсық не үшін керек?

  • Қымыз құю үшін .

  • Сырмақ неден жасалған?

  • Жүннен киіз ғып басып, үстіне ою бастырады.

Тәрбиеші: Сонда біздің әжелеріміз өте шебер кісілер болған ғой. Ендеше «Шебер» деген тақпақты айтып беріңдерші. Шебер адамдар туралы кім мақал - мәтел біледі?

  1. Шебер көп жерде өнер кеп.

  2. Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Мұнан соң тәрбиеші балалар «үй мүліктері» туралы жұмбақтар жасырады.

Алыстан бір қарайган көресің бе

Жаны жоқ қимылдауға денесінде,

Ішіндегі суйегі бөлек-бөлек

Бар екен жалғыз көзі төбесінде (киіз үй)

Аттан биік, иттен аласа.

(ер тоқъм)

Кіруге адам батпайды,

Суга салса жатпайды

Ішіндегі заттарды аман-есен сақтайды.

(сандық)

Аузы бар, mісі жоқ,

Оны ұрмаган кісі жоқ. (келі)

Сергіту жаттығуы:

Ал, балалар тұрайық.

Ою өрнек сызайьқ

Қой ізі, гул бүршігі.

Құс қанаты, ирек су.

Ою өрнек әлемі.

Қылқаламды алайық,

Сәнді өрнек салайық.

Өлең мазмұнына орай қимыл - қозғалыс жасалады.

Ал енді, балалар, әдемі етіп «Үкілі тақияның» суретін саламыз, ол суреттерің көрмеге қойылады, - деп тәрбиеші сабақты қортындылайды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!