400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Сабақ: Логикалық операциялар.

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспарының шаблоны


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Логикалық операциялар. (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.2.1. логикалық операцияларды қолдану

(дизъюнкция, конъюнкция, инверсия)

Сабақтың мақсаты

  • Логика ұғымы туралы біледі және оларды ажыратады

  • ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС жалғаулықтарының айырмашылықтарын анықтайды

  • Ақиқат кестелерді қолданады

Бағалау критерийі

  • Логика ұғымының сипаттамаларын біледі, ақиқаттылығын анықтайды

  • Терминдерді сәйкестендіреді

  • Аралық формуланы есептейді, логикалық формулаларды табады

  • Ақиқат кестесін құрады

  • Дизъюнкция ақиқат кестесін анықтайды

Тілдік мақсаттар


Пәндік және лексикологиялық терминология:

Термин мен жұмыс жасайды

Дизъюнкция, Конъюнкция, Инверсия

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:


Құндылықтарға баулу


  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, математика

Алдыңғы білім


Екілік санау жүйесін біледі және оларды басқа санау жүйесіне аудара алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу және оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды топқа бөлу: оқушыларды белсенді сабаққа қатыстыру үшін ^, ˅, ¬ белгіле рі арқылы 3 топқа бөлу. ^ ЖӘНЕ, ˅ НЕМЕСЕ, ¬ ЕМЕС

Сыныпқа жағымды атмосфера қалыптастыруда оқушылар сол қолдарын жоғары көтеріп қолдарындағы ақ парақша қағазды мыжырып бүктейді(осы сабаққа дейінгі жағымсыз эмоцияларды осы қағазға бүктейміз), бүктеп болғаннан кейін қағазды оң қолына алып умаждалған қағазды оң қолымен жазады(мен осы сабақтан жақсы әсер аламын, мен осы сабақтан көп жаңалық үйренемін).

Миға шабуыл сұрақтары арқылы жаңа сабаққа көшу

Логика дегеніміз не?

Логикалық алгебрамен екілік кодтау арасында қандай байланыс бар?

Түрлі түсті қағаздарға жазылған топ белгілері

Shape3 Shape2 Shape1

¬

˅

^



Топтың аты жазылған қағаз


Ақ қағаз



Слайд

Сабақтың ортасы


«Кинометафора» әдісі

Жаңа сабақты видеоролик арқылы көрсету

Миға шабуыл әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қою. Интерактивті тақтадан сұрақтар көрсету. Сөйлемнен пікірлерді ажырату.

  • Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы

  • 2 +2=4

  • 5 алманың 2 алмасын жегенде неше алма қалады?

Төмендегі пікірлерді теріске шығарыңдар

  • Бүгін театрда «Абай» спектаклі болады.

  • Жұп сандар жай сан болады

  • Самат өзіне берілген 5 тапсырманы орындап шықты.


Жұптық жұмыс «Сәйкестендіру» әдісі

Тапсырма №1 Кестеде берілген терминдерді сипаттамаларымен сәйкестендіріңдер

Логика

Екі пікір де ақиқат болғанда ақиқат мән қабылдайды

Пікір

Теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады

ЖӘНЕ

Адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым

НЕМЕСЕ

Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау

ЕМЕС

Екі пікір де жалған болғанда жалған мән қабылдайды

Дискрипторлар:

  • Логика ұғымының сипаттамаларын біледі

  • Терминдерді сәйкестендіреді

ҚБ: Дискрипторларды пайдалана отырып, смайликтер арқылы бағалау


Топтық жұмыс . «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Тапсырма №2 Үш топқа үш түрлі тапсырма

Мәтіндік есептің шешімін бірінші ойланып, жұппен талқылап, топпен бөлісіп, ақиқат кестесінде көрсетіңдер.

«ЖӘНЕ» тобы:

Шеңбер мен шаршы тұратын көшеде үш ұй орналасқан: біреуінде терезе мен құбыр, екіншісінде тек қана терезе, үшіншсінде тек қана құбыр бар.

  • Әр фигура өз үйінде тұрады;

  • Шеңбер мен шаршы терезесі бар үйде тұрады;

  • Шаршы жылы болғанын жақсы көреді, сондықтан ол пешті жиі жағады.

Жоғарыда берілген ақпаратқа сүйеніп, кімнің қандай үйде тұратынын анықтаңдар.

Үйлер

Шаршы

Шеңбер

Т/Қ

1

0

Қ

0

0

Т

0

1


«НЕМЕСЕ» тобы

Серік, Берік, Арман және Данияр «Қазақша күрес» жарысында алдыңғы төрт орынды алды. Кім қандай орын алды сұрағына үшеуі: «Серік бірінші де, соңғы да орын емес», «Берік-екінші», «Арман соңғы емес»,-деп жауап берді. Барлығының да шындықты айтқаны белгілі. Кім, қандай орын алды?


І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Серік

0

0

1

0

Берік

0

1

0

0

Арман

1

0

0

0

Данияр

0

0

0

1


«ЕМЕС» тобы

Мектеп бітіру кешіне Нағима қызыл көйлек киді. Розаның киген көйлегі қара да, көк те, көгілдір де емес. Зәуренің екі көйлегі бар: қара және көк.

Айгүлдің ақ та, көк те көйлегі бар. Баянның барлық аталған түсті көйлегі бар. Егер қоштасу кешіне қыздардың әрқайсысы әр түсті көйлек киіп келген болса, қайсысының қандай көйлек киіп келгенін анықтаңдар.


қызыл

қара

көк

көгілдір

ақ

Нағима

1

0

0

0

0

Роза

0

0

0

0

1

Зәуре

0

1

0

0

0

Айгул

0

0

1

0

0

Баян

0

0

0

1

0

Дискрипторлар:

  • Аралық формуланы есептейді

  • Логикалық формулаларды табады

  • Ақиқат кестесін анықтайды

ҚБ:Дискрипторларға сүйеніп медаль арқылы бағалау


Жеке жұмыс Деңгейлік тапсырма

Тапсырма№3 Компьютерде сілтеме арқылы практикалық жұмыс.

Дұрыс немесе бұрыс жауапты табу

Дизъюнкция ақиқат кестесін анықтау


Дискрипторлар:

  • Дизъюнкция ақиқат кестесін анықтайды

  • Компьютерде жұмыс жасай алады

ҚБ: Дискрипторларға сүйене отырып медаль арқылы бағалау


https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/logika-uhymy

Слайд

Әр дұрыс жауапқа оқушыларды мадақтап қол соғып отыру










Слайд

Карточка














Слайд

Карточка























































https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/logika-uhymy

Компьютер






















Сабақтың соңы


Сабақты қорытындылау

Оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында Kahoot.it қосымшасы арқылы шағын тест сұрақтары алынып, сабақ қорытындыланады.

Кері байланыс 5 саусақ әдісі


Үй тапсырмасы: Логикалық опеацияларға (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия) ақиқат кесте сызу


https://play.kahoot.it/#/lobby?quizId=ae51b179-2652-4365-bd6f-946f4e46c4bf

Слайд

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру мақсатында саралап оқыту арқылы сабақ барысында түрлі деңгейдегі тапсырмалар құрастырдым.

Кей оқушылар жұппен және топпен жұмыс жасағанда ерекше белсенді жұмыс

«Кинометафора» әдісі бойынша жаңа сабақтан видеоролик көрсетіп, сұрақтар беру арқылы оқушылрдың сабаққа деген қызығушылығын арттырамын. «Сәйкестендіру әдісі» арқылы оқушылардың жұппен ауызбіршілікпен жылдам жұмыс жасауына мүмкіндік беремін. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқушылардың топпен жұмыс жасап, бір біріне қолдау көрсетуіне, диалог құруына және ортақ тапсырмаға жауапкершілікпен қарауына қарқын беремін. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушыларға алғашқы тапсырманы орындағаннан кейін жоғары деңгейдегі тапсырмаларды беремін. Әр тапсырма оқу мақсатына жету үшін әзірленген.

Сабақ барысында әр түрлі қалыптастырушы бағалауды қолданамын.

Оқушыларға сабаққа белсенділігін арттыру үшін сұрақтар беріп, дұрыс жауапқа қол шапалақтау әдісі арқылы оқушының тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындауына серпін беріп, белсенділігін арттырамын. Жұптық тапсырма кезінде оқушыны мадақтау үшін «Көңіл күй смайликтері» арқылы бағалаймын.

Топтық жұмыс, жеке жұмыс барысында оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту үшін медальдар арқылы бағалаймын. Сабақ соңында Kahoot.it қосымшасы арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай көп ұпай жинаған оқушыға қосымша медаль ұсыну

Қауіпсіздік техникасы

ережелері сақталып, оқушы тапсырманы орындау ерекшелігіне қарай компьютердегі жұмыс істеу уақыты шектелді. Көз жаттығуларын жасату, шаршағанын басып, салауатты өмір салтын сақтау, сабаққа белсенді қатыстыру.





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 қараша
748
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі