400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

сабақ оқуға мотивацияны қайдан аламыз ?

Материал туралы қысқаша түсінік
сабаққа деген мотивация жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ оқуға мотивацияны қайдан аламыз?


Әр оқушы үшін сабаққа деген ынта мен қызығушылықты жоғалтпау маңызды. Әсіресе ҰБТ-ға дайындалып жүрген 11-сынып түлектері үшін мотивацияны жоғалтпау әсіресе маңызды. Әр адамға шаршау, ештеңе жасағың келмеу сынды қасиеттері тән сәттер болады. Мұндай кезде дисциплина мен мотивация табу – табысқа жетудің алғашқы қадамы.

Біріншіден, мотивацияны неден аламыз? Ең алдымен мақсатты айқындаймыз. Арманыңды көз алдыңа елестет: жақсы маман болу, шетелге шығу, ата-анаңды қуанту сияқты барлығын тіхбектеп шығамыз. Оның саған не беретінін түсінесің. Осы армандар орындалу үшін аянбай еңбек етіп әрі білім алу қажет екенін ұйғарасың. Сол кезде оқу өздігінен мағынаға ие болады.

Екіншіден, кіші жетістіктер – үлкен істердің бастауы. Халық арасында «Аз-аздан үздіксіз» - деген сөз бекер тарамаған. Күн сайын өзіңе шағын мақсат қой. Күнде үздіксіз оқу арқылы дисциплина қалыптастырасың. Мысал: бір тақырыпты түсініп алу, тапсырманы уақытында орындау және тағы сол сияқтылар. Осыны орындаған сайын өз-өзіңе сенімің артып, мотивацияңда артады.

Үшіншіден, қолдаушы орта – жақсы мотивация көзі. Оқуға ынталы өзің сияқты дамушы ортамен араласу, мұғаліммен ашық сөйлесу, үйдегілермен болашақ жайлы армандау – бәрі шабыт береді. Көп ата-ана оған көп мән бере бермейді. Бірақ әрбір оқушы өз жақындарыннан жылы сөздер мен қолдауды іштей болсада күтеді.

Ал егер оқуға зауқың болмаса, өзіңе демалыс бер. Үздіксіз оқи білу бір өнер. Бірақ өзіңді қатты қинамай демала білу де керек. Қысқа үзіліс жасап, сүйікті ісіңмен айналыс. Аулаға шығып бір серуіндеп ал. Таза ауамен демалған соң сергіп, сабаққа жаңа құлшыныспен кірісесің. Бұл күш жинап, қайтадан сабаққа кірісуге көмектеседі.

Соңында, мотивация әрқашан сырттан келмейді. Ол – сенің ішіңде. Тек оны оятуды үйренсең болғаны! Ең бастысы қазір істеген әрекеттеріңнің барлығы тек өзің және өз болашағың үшін екенін ұмытпа. Білім – болашаққа салынған көпір. Сол көпірді мықты етіп салу – өз қолыңда.



ШҚО №3 Күршім гимназиясының 11-сынып оқушысы Төлеуханова Нұрдана

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 сәуір
251
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі