« Менің Отаным- Қазақстан»
Мақсаты: Туған ел, Отан
туралы балалардың түсініктерін кеңейту.
Туған
елге деген сүспеншілігін,патриоттық сезімін тәрбиелеу.
Зал
мерекеге сай безендірілген.Балалар ұлттық киіммен, залға
кіреді.
Жүргізуші: Құрметті
қонақтар,балалар сіздерді «Менің Отаным-Қазақстан » атты
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
Алтын бесік,туған жер,
далам менің,
Қанат қаққан,ұяңнан балаң
едім.
Сырлы сазын жүректің
төгейін деп,
Сағынышты сан жылғы ала
келдім.
Хор: «Гимн»

Жүргізуші:
Балалар,біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан
Республикасында тұрамыз.
Жүргізуші: Елбасымыз
кім?
Балалар: Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Біздің
елордамыз қалай аталады?
Балалар:Астана
қаласы.
Жүргізуші: Біздің
балабақшамыз қалай аталады?
Балалар: «Балдаурен»
балабақшасы.
Жүргізуші: Біздің
тобымыз қалай аталады?
Балалар: «Айгөлек»
тобы деп аталады.
Жүргізуші:
Жарайсыңдар,дұрыс айттыңдар балалар!
Жүргізуші Біздің
Қазақстанымыз кең байтақ.тәуелсіз мемлекет.
Жүргізуші: Біздің
балаларымыздың отан туралы тақпақтарына кезек берейік.
Аяна:
Әйнегі-күн,шатыр аспан,
Кең дала.Төсі толған
егін.
Көлдері көкке күмістер
шашқан,
Қазақстан-Республикам
менің!
Ұлдана: Отан біздің
анамыз,
Әлпештеген,өсірген.
Өмір нәрін аламыз,
Оның жұпар төсінен.
Санат: Абай
туған,Сәкен туған,
Құрметте, достым,қазақтың
жерін,
Қамбаға жылда мол астық
құйған,
Қазақстан-Республикам
менің!
Хор: «Елбасы»

Бекболат: Отан-
сенің ата-анаң,
Отан-досың,бауырың
Отан-өлкең,астанаң
Отан-аудан,ауылың.
Алима:
Отан-тарих,Отан-тіл,
Жасаған,елің,ер халқың.
Отан-өлең,Отан-жыр,
Көтерген көкке ел
даңқын.
Азамат: Отан-осы,
достарым,
Көңілге мұны түйе біл,
«Отан» деп өс жас
қауым.
Оны ардақтар сүйе біл!
Айзере: Отан-менің
жүрегім,
Отан-менің тірегім.
Отан сенің саяңда,
Бақыт құшып жүремін.
Тасқын: Отан-менің
өз елім,
Отан- туған өз жерім.
Отан-далам,өзенім,
Гүлдей жайнап өсемін.
Жанерке: Отан-біздің
әңіміз,
Отан-біздің сәніміз.
Ер жетеміз туган ел
Сені сүйіп бәріміз.
Ән: «Ана тілі»
Аяулым, Маша
Тосын сәт: Поезд
даусы естіледі. Шетелдік қонақ келеді.
Жүргізуші: Қараңдар
балалар , бізге қонақ келіпті , сәлемдесейік.
Балалар: Сәлеметсіз
бе?
Қонақ:
Сәлеметсіздерме балалар! Мен сіздермен тнысуға келдім.Сендердің
туған жерлелерің қандай әсем,табиғаты көркем екен.
Жүргізші: Қош
келдіңіз , төрлетіңіз. Сізді өз атамекеніміз таныстырайық,және
біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
Ойын: «Қазақстан
картасы»
Шарты: Балалар өздері білетін қалалар жайлы айтып,сол
қалаларды картадан көрсетеді.
Мақсаты:Есте сақтау
қабілеттерін дамыту.


Алима: Алматы-жері
жайсаң облыс,
Аяна: Ақтөбе-өлке ақ
тарысы мол ырыс,
Тасқын: Атырау-мол
Қазақстан мұнайы,
Жанерке:
Жамбыл-жайлау қазыналы шұрайлы.
Ұлдана:
Жезқазған-кен бұзылмаған қаймағы.
Жұлдыз:
Көкшетау-көп-көгілдір көл аймағы.
Бекболат:
Қарағанды-алтынның қоймасы
М.Амина:Қостанай-құт
қызыл бидай қамбасы.
Б.Амина:
Қызылорда-күрішті сыр сағасы.
Маша: Орал-көне Ақ
жайықтың жағасы.
Аяулым: Өскемен-өр
шығыстан Алтай асыл.
Арсен Павлодар- қара
Ертістің саясы .
Құралай:
Семей-аңыз,Шыңғыстаудай қорғанды.
Айдана:
Талдықорған-жер жанаты,көп бағы.
Диана: Астана-Арқада
астық алқабы.
Би: «Бипылым»
Жүргізуші:Балалар
енді қараңдаршы біз ҚР менің картасын құрастырып жасайық.
Қонақ: Балалар енді
мен қайтайын тағы басқа да елге баруым керек.
Жүргізуші: Кәне
балалар қонақпен қоштасайық
Балалар: Сау
болыңыз!
Қонақ: Сау болыңдар
балалар!
Ән: «Отан»
Айым,Айдана.
Би: «Жорға»
ұлдар.

Жүргізуші:Құрметті
қонақтар және балалар біздің бүгінгі «Менің Отаным-Қазақстан » атты
ертеңгілікті тамашалағандарыңызға көп рахмет! Еліміз аман,жұртымыз
тыныш болсын!