400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ "Қазақстанның астанасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материял ұстаздарға арналған.Күнделікті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ :

Мектеп: №24

Пән: қазақ тілі


Күні :

Мұғалім: Абдрахманова Ж.С

Сынып: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Бөлім:

Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның астанасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А2. Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті


Сабақ мақсаты:

Қазақша ұлттық этикет формаларын пайдалану.

Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу және ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

  • Ынтымақтастық;

  • Жауапты азаматтық позиция;

  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта, слайд.

Бағалау критерийлері:

  • Қазақша ұлттық этикет формаларын сақтай отырып қарым-қатынасқа түседі

  • Сұраулық шылаулардың қызметін біледі

  • Сұраулық шылауларды ауызша жұмыстарда орынды қолданады

Тілдік мақсаттар:

Астана, болдым, мұражай, тұрады, саябақ, қонақ үй.

Дифференциация

Оқушылардың барлығы: өз ойын жүйелі жеткізе алады,сүраулық шылаулардың қызметін түсінеді.

Оқушылардың көбісі: Ұлттық этикет формаларын сақтай отырып қарым-қатынасқа түсе алады

Оқушылардың кейбірі: Сұраулық шылауларды ауызша жұмыстарда орынды қолдана алады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Менің Отаным

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Дереккөздер


Сабақтың басы

7 мин

Қызығушылықты ояту

  1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

  2. Ой сергіту.

Жұлдыздың суреті таратылып беріледі. Жұлдыздың қырларына өз бойында бар 5 жақсы қасиетін жазады. Әркімнің отырған орнына барып, жұлдыздарын көріп, келісетін болса+, келіспесе – қойып кетеді. Мақсаты: Оқушының өзіндік бағасын көтеру.

  1. Жаңа тақырып, оқу мақсаттары, жетістік критерийлерімен таныстыру.

  2. Топқа бөлу. .


Сабақтың ортасы

3 мин








15 мин


























15 мин



Назарын шоғырландыру

«Астана» сөзін есіткенде сіздердің көз алдарыңызда қандай ассоциациялар келеді, не елестейді. Оқушылар екі минут ішінде ойларына келген ассоциацияларын жазып шығады. Ж.

Өз ассоциацияларымен бөліскісі келген оқушалардан сұралады. Оқушылардың жұмыстарын тыңдап болған соң, Астана жайлы ақындардың да өз ассоциациялары бар екендігін айта отырып:

1-тапсырма. Топтарға ақын С.Қалиұлының «Астана – символдар қаласы» өлеңінің реттілігі өзгертіліп таратылады.

«Астанадан тарайды нұрдың бәрі, Араласаң – асылдың нелер кені, Символдарда. Астана – бұлбұл бағы. Елестейді осында – ел ертеңі. Оқығандай боласың том-том кітап, Қадам бассаң, қарсы алар символдары. Тарихың да, салт-дәстүр, өнерің де – Ұшан-теңіз білімге кенелтеді».

1. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын талдайды.

2. Топтар өлеңнің логикалық бірізділігін ескере отырып реттілікті қайта қалпына келтіреді. Өз нұсқаларын ұсынады. Неліктен осындай реттілікті таңдағандарын дәлелдейді.


Мұғалім тақтада өлеңнің дұрыс реттілігін көрсетеді. Оқушылар өздерінің жұмыстарымен салыстырады.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Қазақша ұлттық этикет формаларын пайдалану.

Өз пікірін негіздейді

Ұлттық этикет формаларын сақтайды.

Сөз мағынасын түсінеді.

Әрбір топтан бір оқушы: «Астана» өленің мәнерлеп оқиды.

Миға шабуыл:

  • Автор өлеңінде Астананы немен салыстырады?

  • Ел ертеңі деген сөз тіркесін қалай түсінесіздер?


Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар топ ішінде жұпқа бөлінеді.

2 – тапсырма.

«Астана – тәуелсіздік символы» тақырыбында диалог құрастырады.

«Нұр, араласаң, асыл, ұшан-теңіз, қадам, бассаң, қарсы алады, тарайды, мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және әрі» тірек сөздерін пайдалана отырып диалог құрастырамыз.

Жұптар өз диологтарын тақтада рөлдік ойын арқылы көрсетіп береді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу және ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Ыңғайластық жалғаулықтарды қолдана алады

Берілген тақырыпта диалогқа түсе алады

Диалог барысында ұлттық этикет формаларын сақтай отырып қарым-қатынасқа түсе алады























Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс.

Бүгінгі белсенділігіңізге көңіліңіз тола ма?

Егер мүмкіндік болса қандай іс-әрекетіңізді басқаша жасар едіңіз?

Сабақ барысында жасаған тапсырмалар болашақ өмірде қажет бола ма?

Үйге тапсырма беру. Хаттың құрылымы қандай болуы қажет екендігі туралы ақпарат жинап келеді. Қазақстан жайлы шетелдік досына жазылатын хаттың жоспарын жасап келеді.





Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
609
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі