жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
сабақ қмж Қайталау. 4сынып математика
Математика |
Уақыты: |
Кабинет: 101 |
Мұғалім:Қарабекова Ғ |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Қайталау.Повторение.Repetiton |
|||||
Сілтеме |
Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор |
|||||
Сабақтың жабдығы |
қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер |
|||||
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі |
Оқушылардын білімін тиянақтау.Өткен сабақтарды пысықтау арқылы амалдарды орындауға үйрету.Ой- өрісін дамыту. Өткен сабақтарды пысықтап,есептер шығарып үйренеді |
|||||
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
|||||
Бағалау парақшасымен таныстыру |
||||||
Топқа бөлу |
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. |
Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. |
||||
Ынтымақтастық атмосферасы |
Барлығы біре. Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. |
Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! |
||||
Үй тапсырмасын пысықтау
|
23+67+159+41=290 23+111+159+7=300 23+441+159+267= 890 23+107+159+31=320 Ауызша жұмыс.Зейінділік ойыны: №1. 1 400 + 3 = 1403 4 000 + 30 = 4030 155 555 – 5 = 155 550 т.с.с. № 2 (а). (Топтық жұмыс. Сандарды өсу ретімен жазу. 410; 7120; 74586; 124789; 400650; 580123; № 2 (ә). Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз. 120 527 = 100 000 + 20 000 + 500 + 20 + 7. 956100= 900000+50000+6000+100 478005= 400000+70000+8000+5 725029= 700000+20000+5000+20+9 №2.(б). берілген сандарды разрядтық қосылғыштарға бөліп айт. |
Оқушылар ауызша орындайды
465004= 400000+60000+5000+4 569789= 500000+60000+9000+700+80+9 456302= 400000+50000+6000+300+2 857050= 800000+50000+7000+50 |
||||
Жаңа сабақ |
Есеп шығару: № 3. 36 ∙ 4 = 144(үлкен автобуспен келді). 240 – 144 = 96 (бала шағын автобустармен келді) 96 : 12 = 8 (шағын автобуспен келді) 144 + 8 = 152 (барлық көлік саны) 15*6+14*8=202 № 3 (ә,б) өздік жұмыс. № 4. Есепті шығар. Жұптық жұмыс. V = 4м ∙ 2м ∙ 3м = 24 м3 S = 4 ∙ 2 = 8м2 S = 2м ∙3 м = 6м2 № 5. 6 оқушы тақтада жарысу әдісімен шығарады. V = 16см ∙ 3см ∙ 2см = 96 см3 Һ = 630дм3: ( 9дм ∙ 7дм) = 10 дм т.с.с. № 6. Жылдамдыққа шығару 980 450 – 900 000 – 400 = 80 050 100000+60000+2000=162000 650650-50000-50=600600 7000+40000+200+40=47240 458600-450-50-400= 457700 320000+7000+600+3=327603 |
|||||
Сергіту сәті |
Апам үшін күнде мен Отынға ағаш жарамын. Суғарамын гүлдерді, Дүкенге де барамын |
Сыпырамын үй ішін, Жуамын ыдыс аяқты. Апам бірақ мен үшін Оқымайды сабақты. Оқушылар сергіп алады |
||||
Ой толғаныс |
Мысал 4 |
Оқушылар толтырады |
||||
Сабақты бекіту |
Бүгінгі сабақта біз не істедік? |
Саған қайсы тапсырма қиын болды? |
||||
Үй тапсырмасы |
№ 5 |
Оқушылар күнделіктеріне жазады |
||||
Бағалау |
Мақтау,мадақтау арқылы бағалау Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. |
Бағалау парақшасын толтырады |
||||
Пәннің аты:әдебиеттік оқу |
Уақыты: |
101 |
Қарабекова Ғ |
|
Сабақтың атауы |
Ер тарғын мен Тарлан аттың ерлігі |
|||
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
1. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып, түсініп оқуға, жырдың негізгі идеясын анықтайбілуге, сипаттау мәтінін құруға, түсінгенін жүйелі баяндай білуге дағдыландыру. 2. Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырьш, өзінше ой түюге баулу, тақырыпатас шығармаларды салыстыра білу арқылы шығармашылық таным-түсініктерін дамытуға жол ашу. 3. Ұлттық дүниетанымға, Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерліктерін танып білу арқылы оқушы бойында ел батырларын мақтаныш тұтып, ерліктерін жүрегінде ұстауға, Отанын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Ер Тарғын, Тарлан аттың суреттері. Қазақтың халық батырлары, ұлт мақтаныштарының суреттері, қазақ батырдары кітаптары, «Ер Тарғын» жырынан үзінді. |
|||
Психологиялық ахуал |
Психологиялық дайындық «Жүректен - жүрекке» шеңбері – Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет! |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
||
Қызығушылықты ояту |
- Айбалта, дулыға, қалқан, қылыш, найза, сауыт, семсер, шоқпар деген қару-жарақ аттарын естігенде, көз алдарыңа кім елестейді? Неліктен? Сол елесті суреттеп көріңдерші. Жеке, жұпта, топта талқылау жұмыстары. Топ жұмыстарын тыңдау. - Қандай қазақ батырларын білесіңдер? «Топтастыру» стратегиясы арқылы орындау. - Тарихи кезеңдерге бөліп айта алар ма едіңдер? Бұл аталған батырлар - ертегі кейіпкерлері, халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихта ізі мәңгілік қалған атақты батырлар екенін атап айту. Бар болса, суреттерімен таныстыру. Әр тарихи кезеңге байланысты қару-жарақ түрлерін бөліп айту. Ұлттық ұғымдарға байланысты бес қаруды атау арқылы топтарға бөліну: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта. |
|||
Сергіту сәті |
Апам үшін күнде мен Отынға ағаш жарамын. Суғарамын гүлдерді, Дүкенге де барамын |
Сыпырамын үй ішін, Жуамын ыдыс аяқты. Апам бірақ мен үшін Оқымайды сабақты. Оқушылар сергіп алады |
||
Жаңа сабақ |
Жаңа тақырыппен таныстыру. Батырлар жыры - жыршылар арқылы бізге дейін жеткен ауыз әдебиетінің түрі. Батырлар жыры - басқыншылардан елін, жерін қорғаған батырлардың ерлік істері жайында айтылатын дастан. Ең көп тараған батырлар жыры: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар»,«Алпамыс», «Ер Қосай», т.б. Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерлігі туралы жырдан үзінді тыңдау. - Қандай әсер алдыңдар? - Сендер сипаттаған батыр кейіпкерге ұқсай ма екен? Кітаппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша орындау. - мен білемін - мен білмедім - мен үшін жаңа - таңқалдым, сұрақ туды. Жыр үзіндісін түсініп оқу.«Венн диаграммасына» салып, Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерліктерін салыстыру. Жырдан үзінді келтіру арқылы әр салыстыруға толықтырулар мен дәлелдемелер жасап отыру. - Кімнің ерлігі басымдау екен? Ендеше бұдан қандай қорытынды жасауға болады? - Тарландай тұлпар аты болмаса, батыр шайқаста жеңіске жетер ме еді? - Жырдан өзің үшін қандай үлгі-өнеге алар едің? - Батырдың қандай ерекше қасиеттерін жаныңа жақын ұстар едің? |
|||
Ой толғаныс |
Бүгінгі өткен тақырыпты негізге ала отырып, талқыға салу арқылы кестені толтыру Мысалы: Халық ер жігітке қандай: талап қояды? Ер жігітке қойылатын талаптарХалықтық талап Талапқа сай түсінікКескін-келбеті Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты,кең маңдайлы, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жаужүрек, тс.с. Қадір-қасиеті Қырандайалғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді,т.с.с. Қабілет-икемі, Ел басқарады, дау шешеді, жомарттық жасайды. Адалдығы, Туған елі мен дос-жаранына адал болады. Шыншылдығы, Ханнан да қаймықпастан турасын айтады. |
|||
Үйге тапсырма |
«Бес жолды өлең» стратегиясы. Өлеңді жаттау |
Күнделіктеріне жазып алады |
||
Бағалау |
Бағаланады |
|||
Пәннің аты: дүниетану |
Уақыты: |
Кабинет:101 |
Мұғалім Қарабекова Ғ |
||
Сабақтың атауы |
Пайдалы қазбалар |
||||
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Пайдалы қазбалар туралы туралы оқып білу, түсіну Тақырыпты түсіне отырып ойын жеткізе біледі |
||||
Психологиялық ахуал |
Бүгінгі
сабақта қолданатын ұранымыз: |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|||
Топқа бөлу |
Г
|
Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады. |
|||
Қызығушылықты ояту |
бүгінгі
танысатын тақырыбымызды білетін
боламыз. |
||||
Сергіту сәті |
Апам үшін күнде мен Отынға ағаш жарамын. Суғарамын гүлдерді, Дүкенге де барамын |
Сыпырамын үй ішін, Жуамын ыдыс аяқты. Апам бірақ мен үшін Оқымайды сабақты. Оқушылар сергіп алады |
|||
Жаңа сабақ |
Пайдалы
қазбалардың түрлерін бірнеше топқа
бөле отырып, олар туралы білім
түсініктерімізді кеңейтеміз |
-
Ас тұзы не үшін қажет? Жерді тыңайту
үшін қандай қазбаның түрін
қолданамыз? |
|||
Ой толғаныс |
Сабақты
бекіту |
||||
Үйге тапсырма |
Мәтінді оқу, мазмұндау. іздену. Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу. Шартты белгілерін жатқа жаза білуге дайындық жасау. |
Күнделіктеріне жазып беремін |
|||
Бағалау |
Топпен бағалау |
Бағаланады |
|||
Әдебиет |
|
101 |
Қарабекова Ғ |
|
Сабақтың атауы |
Ұйқы Ә.Жүсіп |
|||
Сілтеме |
Әдебиет оқулығының әдістемесі |
|||
Сабақтың жабдығы |
Тақта, бор, арнау өлең, тілек, тақтаға көрме ретінде қою. |
|||
Жалпы мақсаттар |
Оқушылар тақырыпты түсініп оқу арқылы әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрін түсіндіру Оқушылар тақырыптың жалпы сипаттамасы туралы түсініктерін дамытып, оқып үйренеді |
|||
Оқыту нәтижесі |
||||
Топқа бөлу |
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді. |
|||
Ынтымақтастық атмосферасы |
Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. |
Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу!
|
||
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||
Қызығушылықты ояту
|
Ұ
|
|
||
Мағынаны тану Мәтінді тізбектеп оқу |
Ұйқы туралы ғылымның алғашқы қадамдары Ұйқыны зерттеумен айналысатын ғылым – хронобиология. Ғылымның алғашқы зерттеушісі мишель Сиффр болған. Ғалым тәжірибелерді өзіне қойған. Үңгірде арнайы үй жасақтап, сонда тұрған. Тәжірибе барысында сағат, басқа да уақыт өлшейтін құралдар болмаған, сыртқа шығып та жағдайды білуге болмайтын. Осындай жалғыздықта ғалым көптеген айлар үңгірде болды. Бірнеше күннен кейін Сиффрдің биологиялық сағаттары қосылды. Ол жайында өз естіліктерінде: «Менің ұйқым тамаша болды. Ағзам ұйықтау үрдісін өзі реттеп алды. Ұйқы мен жұмыс циклы 24 сағат емес, 24 сағат 30 минутка тең болды»-деп, жазады. Осы тәжірибеден кейін ғалымдардың ұйқыны зерттеуде қызығушылығы артты. Ұйқы қалай жұмыс істейді: ұйқы циклдары мен ояну Адамның ұйқы сапасы оның циклдары мен ояну үрдісіне тікелей байланысты. Осы циклда екі негізгі ұғым бар: Жай ұйқы фазасы (көбіне терең ұйқы деген атпен белгілі). Соңғы 24 сағат ішінже алынған тәжірибені өңдеп, керек емес ақпаратты өшіріп, алынған ақпараттарды өзара байланыстырады. Сол себепті уақытылы әрі сапалы ұйықтай білу керек. Бірақ ағзаның жасы өзгерген сайын ұйқы жүйесі өзгереді. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді тізбектеп оқу. Сұрақтарға жауап беру. |
Оқушылар ұйқы туралы мәлімет айтады. Қанша уақыт ұйықтау керек Қаншалықты ұйқы керек? Әр адам үшін ол әр келкі болу мүмкін. Бірақ ұйқының ортақ көрсеткіштері болады. Ұйқының жеткіліксіздігі жинақталу қасиетіне ие. Уақыт өте келе ол жинақталып, нейробиологиялық әсер етеді. Ұйқы жетпеген кезде когнитивті қабілеттеріміздің әлсіреген байқамаймыз. Өмір сүру жылдамдығының артуы, стресстердің болуы ұйқыға деген қажеттілікті арттырады. Ұйқыға жұмсалуы керек сағат жоғалса, оның өзіндік құны бар. Мысалы, зерттеулер бойынша ұйқының қанбауы АҚШ бизнесіне жылда $100 млрд алып келеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тиімді ұйқының уақыты 7 пен 7,5 сағат аралығы. Мамандардың ортақ пікірі бойынша өте жоғары өнімділік көрсету үшін 7 мен 9 сағат ұйқы керек. Тез ұйқы фазасы. Жай фаза кезінде дене босаңсып, тыныс алу баяулап, қан қысымы түседі, ми сыртқы қоздырғыштарға жауап бермей, тыныш күйде болады. Осы кезең ағзаның қалпына келуіне өте маңызды. Иммундық жүйе қалпына келеді. Ағзаның өсуіне қажетті гормондар бөлінеді. Тез ұйқы фазасы ми үшін аса қажетті. Осы кезеңде күні бойы алынған ақпарат өңделеді. Нейрондық байланыстар күшейе түседі. |
||
Сергіту сәті |
Апам үшін күнде мен Отынға ағаш жарамын. Суғарамын гүлдерді, Дүкенге де барамын |
Сыпырамын үй ішін, Жуамын ыдыс аяқты. Апам бірақ мен үшін Оқымайды сабақты. Оқушылар сергіп алады |
||
Ой толғаныс |
«Егер ұйқы болмаса.....» эссе |
Эссе жазады |
||
Үй тапсырмасы |
Оқып,мазмұндау |
Күнделіктеріне жазады |
||
Бағалау |
Мақтау,мадақтау бағалау Сабақтан алған әсерлерін айту |
Бағаланады Сабақтан алған әсерлерін айтады |
||
Кері байланыс |
||||
Дарабоз.
Тақырыбы:
Дарабоз интеллектуалдық сайыс
сабақ
Мақсаты:Ойын
еркін .жылдам жауап беруе ,тез шешім
қабылдай білуге дағдыландыру. Оқушыларды
өз бетінше ізденуге, ойларын еркін
жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін,
ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл
белсенді тұлға тәрбиелеу.Оқушылардың
осы уақытқа дейін алған білімдерін
анықтау.
Көрнекіліктер:
интербелсенді тақта, мақал - мәтелдер
жазылған карташкалар, сызба, сандар.
Түрі:
зияткерлік ойын.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру
кезеңі
Мұнда
қызық табылар,
Білім
нұры шашылар.
Ақыл,
тілі дамыған,
Үлгі
алайық балалардан!
-
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Еліміздің болашағы тек қана білімді
жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 4 -
ші сынып оқушыларының арасында «Дарабоз»
атты интеллектуалды ойынын өткізгелі
отырмыз.
Көңілді
тапқыштар, алғырлар,
Бар
өнерін алдарыңа салады.
Кім
білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі
күн жеңімпазы болады.
-
-
Ең алдымен сайысқа қатысушылармен
танысып өтейік.
1
«Жігер» тобы
2
«Болашақ» тобы
3
«Білім» тобы
-
Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер.
Біздің міндетіміз сапалы, білімді
жастарды тәрбиелеу.
Әділқазы
алқасына бір сәлем!
Әділдікке
бас иеді күллі әлем!
Жүйрік
озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа
сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың
әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен
таныс болыңыздар.
Кіріспе
сөз.
Тіл
- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз
ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз,
халқымыздың әдет ғұрыптары, салт -
дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы
жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем
тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді
меңгеру – ҚР азаматының парызы.
-
Бүгінгі интеллектуалды ойын 6 кезеңнен
тұрады:
1-кезең:
«Қас – қағым сәтте»
2-кезең:
«Тұлғаны тани біл»
3-кезең:
«Сандар сыры»
4-кезең:
« Мақал - сөздің мәйегі»
5-кезең:
«Көкпар»
6-кезең:
«Ойлы болсаң, озып көр!»
Білген
сайын келеді біле бергім,
Біле
беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін
осы сайыста жеңіске жет,
Білімді,
әрі білікті жас жеткіншек
-
деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.
І
- кезең.“Қас – қағым сәтте” деп
аталады.
Бұл
сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
Әр сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.
Сонымен,
топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды
бастаймыз.
1
- тобы:
1.
Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар,
ақпан)
2.
Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (бірдененің
жайын хабарлау мақсатында айтылған
сөйлем)
3.
Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы
тең фигура)
4.
Көкжиектің неше тұсы бар?(4)
5.
Ы. Алтынсарин кім?(қазақ мектебін
ашқан)
2
- тобы:
1.
Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар,
өсімдік)
2.
Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір,
мамыр)
3.
Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін
сөз)
4.
А. Құнанбаев кім? (ақын)
5.
Кез - келген фигураның периметрін қалай
табады? (барлық қабырғаларының
ұзындықтарының қосындысы)
3
- тобы:
1.
Өлі табиғатқа не жатады?( тау, тас,
бұлт)
2.
Көбейтудің қасиеттерін ата(терімділік,
үлестірімдік, орын ауыстырымдылық)
3.
Жылқының сүті(қымыз)
4.
Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған
бөлігі)
5.
Үш биді ата(Төле, Әйтеке, Қазыбек)
-
Қорытынды жасаймыз.
Сөз
әділқазы алқасына беріледі.
Өз
ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз
білімді.
Әр
нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы
ұғымды.
Алдағы
білім шыңына ең білімді топ шығады деп
“Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз.
Бұл
сайыста көрсетілген тұлғалар туралы
өз білгендерің айтасыңдар. Әр топқа 3
тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 3
ұпайдан беріледі.
Шәмші
Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Серік Сәпиев,
Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар
Әубәкіров, Шәкен Ниязбеков, Абылай хан,
Әйтеке би, Әлия Молдағұлова, Илья Ильин
т. б.
ІІІ
– кезең
«Сандар
сыры»
Бұл
кезеңде берілген сандардың еліміздің
мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін
атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс
жауапқа 2 ұпай.
11,
16, 1, 22, 12, 15, 9, 30
-
Қорытынды жасаймыз.
Сөз
әділқазы алқасына беріледі.
IV
- кезең.
“Мың
бір
мақал»
Бұл
турда мақалдың бірінші жартысы оқылады,
ал Сіздер сол мақалдың жалғасын
табуларыңыз қажет. Әр топқа 5 мақал -
мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1
ұпай.
Ананың
көңілі балада, …..Баланың көңілі
далада.
Қына
тасқа бітеді,.........Білім басқа бітеді.
Досы
көпті жау алмайды, …Ақылы көпті дау
алмайды.
Ақыл
– тозбайтын тон,...Білім таусылмайтын
кен.
Өзге
елде сұлтан болғанша,........Өз еліңде
ұлтан бол
Білекті
бірді жығар,.......Білімді мыңды жығар
Туған
жердің күні де ыстық, …..түніде
ыстық
Еңбектің
наны тәтті,...Жалқаудың жаны тәтті.
Бірлік
болмай,.....Тірлік болмас.
Туған
жердей жер болмас,.......Туған елдей ел
болмас
Оқу
– білім бұлағы,...Білім өмір шырағы.
Төртеу
түгел болса,......төбедегі келеді.
Ырыс
алды -.......ынтымақ
Еңбек
етсең ерінбей,........Тояды қарның
тіленбей
Ана
тілің,.........алпыс тілге татиды.
-
Қорытынды жасаймыз.
Сөз
әділқазы алқасына беріледі.
V-кезең:
«Көкпар»
Қажу
барма тұлпарға,
Талу
бар ма сұңқарға.
Білім
күшті оларда
Салсын
барын ортаға.
Берілген
«қанағаттанарлық» сөзінен көп сөз
жасау. Әр сөзге 1 ұпай беріледі.
-
Қорытынды
жасаймыз.
Сөз
әділқазы алқасына беріледі.
VІ
кезең
– «Ойлы
болсаң,
озып
көр!»
Бұл
сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ
басшысына логикалық 3 тапсырмалар
беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.
1.
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады,
ал екі аяғымен тұрса оның салмағы
қанша?(3 кг)
2.
Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын
арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
(5 бұрыш)
3.
Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
1.
Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10
торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы
қалады? (10 торғай).
2.
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа
қанша минутта піседі? (3 минут)
3.
1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
1.
Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан
отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан
отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар?
(4мысық)
2.
Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық
картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп
әкелінді? (300 кг)
3.
Бір жанұяның бес ер баласы және олардың
әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның
қанша баласы бар? (6 бала)
Қорытынды
жасаймыз.
Сөз
әділқазы алқасына беріледі.
Тауды
биік деме сен,
Талаптансаң,
шығарсың.
Қарсылас
мықты деме сен,
Білімді
болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың
жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін
әділ - қазыларға береміз.
Жеңімпаз
топты анықтау, марапаттау.
«Күз ханшайымы» ертеңгілігі.
Мақсаты: Оқушыларға күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып оқушылардың білімін,тапқырлығын,іскерлігін,ұйымшылдығын өз ойларын,өнерлерін ортаға салып көрсете білуін , шеберлігін дамыту.Табиғатты ,қоршаған ортаны,отанын сүюге тәрбиелеу.
Формасы: Жарыс
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ жауап,ой шақыру.
Көрнекілігі: үн таспа,шар,жапырақтар ,алма ағашы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Кіріспе сөз.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар, қонақтар кішкентай бүлдіршіндер.Сіздерге 4 сынып оқушыларының қатысумен өтетін «Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ,мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты,алаңсыз кезеңі.Біздің мектебіміздегі ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылдыда,парасатты да тәрбиелі де,инабаттыару қыз болып өскенің қалаймыз мектебімізде қандай тәрбие алып жүргенің көріп,бәріміз куә болайық.
Баяғы өткен заманда
Дін мұслман аманда
Әділдік іздген екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал,бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.
1.Асанова Қ
2.Мұратова
3.Сейдеханова Ж.
Уа.халайық халайық,
Бәріміз назар салайық,
Мерекесі бақшаның,
Сайысты біз бастайық.
(ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамыз музыка ойнап тұрады)
Мұғалім: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді, міне ортаға толқып тасып.
Арулардың сыйлығың халқым менің
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгі бойынша таныстыру,орындарына отырғызу.
Сайысты бастамас бұрын,сайыстың шартарымен таныстырып өтейін:
Сайыстың шарттары.
1.Өзін-өзі таныстыру.
2.Кім ойға жүйрік (жұмбақ шешу).
3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы
(Күзгі байлықтардан жарнама)
4.Шебер қолдар (ата аналармен бірлесіп жасаған қол өнер жұмыстары)
5.Өнерлі өрге жүзер(өз өнерлерін көрсету)
6.Әсем біздің арулар(сән үлгісін көрсету)
1.Өзін өзі таныстыру.Менің ата тегім (реттік санмен аруларды шақыру)
2.Кім ойға жүйрік (жұмбақ шешу)алма ағашымен жұмыс жасау.
3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы (ата-аналармен бірлесіп дайындаған салат түрлерін әділ-қазыларға ұсынады ).
4.шебер қолдар(ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысы арулар жасаған жұмыстарын әділ қазыларға ұсынады).
5.Өнерді өрге жүзер (өнерлерін көрсетушілер дайындаған өз өнерлерін ортаға салады)бірі билеп, бірі ән салады.
Ән:Аманғали Ділдә.
6.Әсем біздің арулар (сән үлгісін көрсету).
Мұғалім:Білім,ғылым өнерге,
Қанат қағар кездердің.
Еліміздің ертеңі,
Үміт етер өздерің-дей отырып ,бүгінгі Күз ханшайымы сайысын аяқтаймыз.Әділ-қазылыар қорытынды шығарғанға дейін биге кезек береміз.
Би:Қара жорға.
Күз ханшайым сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп мадақтама тапсырылды:
1.Күз ханшайымы.
2.2-орын.
3.3-орын
4.Мың бұралған биші
5.Көрікті ханшайым
йқы
туралы не білесіңдер?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген