400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ "Құстар әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
қоршаған орта мен танысып, оған деген сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Сөздік қорларын сұрақ-жауап арқылы молайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Құстар әлеміне саяхат



Білім беру саласы: Таным


Бөлімі: Айналамен таныстыру.


Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейтіп, құстарға қамқорлықпен қарауға, балаларды табиғатты аялай білуге, оған сүйіспеншілікпен қарауға. Сөздік қорларын молайту.


Қолданылатын әдіс: Көрсету, әңгімелеу, сергіту сәті, көркем сөз, мадақтау, қорытындылау.


Көрнекі құралдар: Құстардың суреті, қиылған пішіндер.


Сабақ барысы:

Бүгінгі сабаққа көптеген апайлар келіп отыр. Балалардың амандасуы. Бәріміз орнымыздан тұрып, көзімізді жұмып үшке дейін санаймыз. Демімізді алғанда ішке жарықты жұтамыз. Жарық ішкі мүшелерімізге мол сәулесін төгеді. Қандай тамаша! Енді демімізді шығарайық. Ішке кірген жарық сәулесі іштегі жағымсыз ойларды ішкі өкпені сыртқа алып шықты. Ішкі дүниеміз жап-жарық, тап-таза болып кетті.

«Жақсы-жаман» ойынын ойнау. Ондағы мақсаты – жаман әдеттен аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына, балалар дауыстап, ол әрекеттің жақсы-жаман екенін айтады.

  • Ағаштың бұтағын сындыру, жақсы ма?

  • Жоқ, жаман.

  • Гүлдерге су құю жаман ба?

  • Жақсы, гүл өседі, жапырақ жаяды.

  • Құстарға ұя жасау дұрыс па?

  • Өте жақсы, құстарға қамқорлық жасау керек.

Құстар туралы тәрбиешінің әңгімесі.

Құстар жануарлардың ең көп тобы. Олардың бәрі де пайдалы. Құстар үлкен екі топқа бөлінеді. Үй және жабайы жабайы құстар. Үй құстарының суретін көрсетпі әңгімелеу. Жабайы құстар өз алдына тіршілігін етеді. Қыстап қалатын құстар, олар суыққа төзімді болғасын қыстап қалады. Олар қараторғай, көкек, бозторғай, қарға.







Сергіту сәті.

Алдыменен тұрамыз,

Қолымызды жуамыз.

Аққу болып ұшамыз,

Ұшып-ұшып аламыз,

Орнымызды табамыз.

Құстар туралы балалардың тақпақ, мақал-мәтел, тыйым сөздер айтуы.

  1. Құс анасын атпаймыз,

Қыста жемдеп баптаймыз.

Бауырмал боп бәріне,

Қорғау заңын сақтаймыз.


  1. Шыр, шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.


Тыйым сөздер:

Құс жеткен жеріне қонады.

Құстың алғанынан, салғаны көп.

Құстың ұясын бұзба.

Құстың жұмыртқасын жарма.


Балалардың жұмыстануы.

Геометриялық пішіндерден бүтін құс бейнесін құрастыру.


Тақтамен жұмыс:

Венн диаграммасы бойынша үй және дала құстарын топтастыру.

Сабақты тақпақ айтумен аяқтау.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық тілейміз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі