Материалдар / Сабақ Р дыбысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ Р дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Р дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Артикуляциялық органдардың дұрыс және толық қозғалыстарын дамыту .Ерінге,т ілге арналған тыныс шығаруды дұрыстауға арналған жаттығулар топтамасын жасату. Көріп ,есте сақтау қабілетін арттыру.Тиісті дыбысты еліктеуші әдісімен дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру. . Саусақ қимыл-қозғалысын дамыту.Фонематикалық талдау қабілетін дамыту. Табиғатқа дег
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
757
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Р дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Артикуляциялық органдардың дұрыс және толық қозғалыстарын дамыту

рінге,т ілге арналған тыныс шығаруды дұрыстауға арналған жаттығулар топтамасын жасату. Көріп ,есте сақтау қабілетін арттыру.Тиісті дыбысты еліктеуші әдісімен дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру. . Саусақ қимыл-қозғалысын дамыту.Фонематикалық талдау қабілетін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.

Көрнекіліктер: Суреттер, айна , [р] фонемасының артикуляциялық кескіні.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Біз көңілді баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымызды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлем,сәлем,сәлем!

-Балалр бүгін аптаның қай күні?

-Жақсы жарайсыңдар!

-Бүгін біздер орманға серуер деуге барамыз. Онда біз жабайы аңдарды көреміз. Олар біздерге тапсырмалар береді соны орындаймыз. Кәне қандай аңдарды білесіңдер: қасқыр, аю,арыстан, жолбарыс, түлкі, тиін. Олар қайда мекендейді?. ( Орманда)

ІІ Дыбыспен жұмыс істеу кезеңдері:

Р - дыбысының сипатамасы:Р - дыбысы дауыссыз үнді.

«р» дыбысының артикуляциясы мен таныстыру

Тілдің ұшы жоғары көтеріледі,жоғарғы,төменгі тістер арасы алшақ,тілдің өзі қатынқы, арқа тұсы көтерінкі ,тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді, тілдің шет жақтары азу тіске жабысып , ауаның мұрын қуысына өту жолын жауып тұрады.Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшы қозғалып дірілдейді.

ІІІ Дайындық кезінде қолданатын жаттығуларды жасату.

«Терезе» ауызды ашып,жабу. «ыстық » ашу. «салқын» жабу.

«Алтыбақан» тілдің ұшын жоғары,төмен түсіру.

«Саңырауқұлақ»-ауызды кең ашып, тіл ұшын таңдайға жапсырып ұстап тұру , «Сылақшы» ауыз кең ашық, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау., «ат шауып келеді» ауызды кең ашып,тілді таңдайға жапсырып, баяу,жылдам қағу.

ІҮ Фонетикалық естуін қалып тастыру.

Қазір мен аңдардың патшасы- арыстанның әнін айтамын, ал сендер «ррр....» деген дыбысты естісеңдер алақанды соқ:р,м,ш,р,а,с,р,р ц,с,ұ,,н,р.

Ү Ойлау қабілетін дамытатын жаттығу.

Мына суреттердің ішінен [Р] дыбысы бар суреттерді іріктеп алып, сол сөздегі [р]дыбысы қай жерде естіліп тұрғанын айту керек ( қасқыр,раушан,жолбарыс, торғай, трактор.)Бұларненің төлі ? қасқыр-бөлтірік, түлкінікі,-түлкішек,аюдікі-қонжық, қояндікі- көжек.

Қасқырдың тапсырмасы:Жаңылтпаш айтып үйренейік .

Ала қарға қарға қонды.

Қара қарға қарға қонды

Бұл не ? Не жөнін де айтылғанын тауып көр.

Азулы, ұзын, сұр.

Қызыл-сары, епті,қу.

Кішкентай,ақ сұр,қорқақ.

Қорытынды: Қандай дыбыспен таныстық?, қандай тапсырма қиын болды? Үйге тапсырма жаттығуларды жасап үйреніп келу.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!