400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Сабақ тақырыбы : Орфографиялық норма 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоспарды 6-сынып ұстаздары өз сабақтарын өту кезінде пайдаланса болады. Сабақ оқушыларға түсінікті ,нақты ,дәйекті материалдармен жасалған. Мен бұл сабақ жоспарында орфографиялық норма тақырыбын жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жасадым.
Материалдың қысқаша нұсқасы


САБАҚ: (2)

Қазақ тілі

Күні:


Мектеп:

Алматы облысы, Райымбек ауданы , «Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Мұғалімнің аты-жөні:

Рақымбаева Индира Сағындыққызы


Сынып: 6

Қатысқандар:


Қатыспағандар:

Бөлімнің атауы

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Сабақтың тақырыбы

Орфографиялық норма

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А 6.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,детальді ақпаратты анықтау.

О. 6.2.1.1 Мәтіннен негізгі және қосымша ,детальды ақпаратты анықтау,түсіндіру

Ә/Т/Н. 6.4.1.1 Тақырып бойынша жеке сөздер бірге бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады;

Орфографиялық норма бойынша тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, туындаған сұрақтарға жауап бере алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады; Орфографиялық норма бойынша тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтап, тапсырмаларды орындайды.

Кейбір оқушылар орындай алады;. Тақырып бойынша жеке сөздер бірге бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза отырып, шығармашылық жұмыстарды орындайды.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің мазмұнын түсіну,детальді ақпаратты анықтау, орфографиялық норма тақырыбы бойынша жеке сөздер бірге бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Оқушылар орындай алады

Тақырып бойынша тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді,сұрақтарға жауап береді, негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтап, тапсырмаларды орындайды,жеке сөздер бірге бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады,шығармашылық жұмыстарды орындайды.

Тілдік мақсат

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Орфография, дауысты, дауыссыз дыбыстар, емле, заңдылық,дефис.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Алтын адам, киіз үй, домбыра – ұлттық аспап,ұлттық құндылықтар

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Қазақстанның 7 кереметі туралы не білесіңдер ?

2.Алтын адам қай жерден табылған ?

3.Алтын адам туралы қандай деректер білесіңдер?

4. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын ата?

5. Не себепті ұлттық құндылықтарды сақтау-бәріміздің міндетіміз деп ойлайсыздар?

Ишара: қол қимылдары, қас –қабақ кимылдары, мадақтау, от шашу

Алдыңғы оқу:


Орфографиялық норма,орфографиялық норма туралы түсінік.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел-ұлттық идеясы» Құрмет . Туған елге, Отанға деген құрмет.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы



Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



Сабақтың

басы

(5мин)





Ұйымдастыру кезеңі (2мин)

«Қос шеңбер» әдісі арқылы жағымды психологиялық ахуал жүргізіледі.

Орындалу шарты:

Сәлем достым! (амандасады)

Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің? (құшақтарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

Үй тапсырмасын

«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы сұраймын.

Сұрақтар:

1.Орфографиялық норма дегеніміз не?

2.«Орфография» қай тілден алынған,қандай мағына береді ?

3. Кейбір сөздерді естілуі бойынша жазса дұрыс бола ма?


Дескриптор:

Оқушылар «Орфографиялық норма» тақырыбын біледі.

Тақырып бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді.

ҚБ: смайликтер арқылы бағалаймын.




Түрлі-түсті асықтар көмегімен екі топқа бөлемін;

Топқа біріктіру. (2мин)

1-топ"Батыл" тобы.

2-топ"Қайрат" тобы


Интербелсенді тақта.











«Қазақ тілі» оқулығы, «Атамұра» баспасы ,49-бетҚҚ













Сабақтың ортасы (25 мин )

1 тапсырма.

Топтық жұмыс.(8мин)

Екі топқа «Домбыра», «Алтын адам» тақырыбында мәтіндер таратып беремін.

Әр топ мүшелері «Басқаша айту» әдісі арқылы жұмыс жүргізеді

1.Қазақстанның 7 кереметі туралы не білесіңдер ?

2.Алтын адам қай жерден табылған ?

3.Алтын адам туралы қандай деректер білесіңдер?

4.Қазақтың ұлттық аспабын ата.

2-тапсырма

Мәтіннен орфографиялық нормаға сай жазылған біріккен, дефис арқылы жазылған сөздерді тауып жазады.

Дескриптор:

1.Мәтіннің мазмұнын толық түсіндіре алады

2.Мәтінннен орфографиялық нормаға сай жазылған сөздерді тауып жаза алады.

Қ.Б : Оқушылар бір-бірін өзара бағалайды.

3-тапсырма. Жазылым.

«Қар кесегі» әдісі арқылы сөйлемдегі сөздерді мағынасын қарай толықтырып жазу.(4мин)

Орындалу шарты:

Берілген тапсырмадан қар кесегін жасап бір-біріне лақтырып тапсырманы орындайды. Сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырып жаз.

Домбыра-қазақ халқының ... аспабы. Домбыра ..., ..., ... тәрізді киелі ағаштардан жасалады. Домбыраның құрылысына ..., ..., ..., ..., ..., ...., ..., жатады.

Керекті сөздер: ұлттық, үйеңкі, басы, құлағы, пернелері, мойын, шанақ, қарағай, ілгек, емен, ішектері.

Дескриптор:

1.Сөйлемдегі сөздердің мағынасын ажырата алады;

2.Сөйлемді толықтырып жаза алады.

Қ.Б : (смайлик тарату арқылы бағалаймын.)




Тыңдалым / айтылым 4-тапсырма (7мин)

Киіз үй туралы ақпаратты интербелсенді тақта арқылы көрсете отырып тыңдайды, көргендері жайлы өздері толық мәлімет береді.

Дескриптор

Тыңдалған мәтін бойынша өз ойларын толық жеткізе алады.

Қ.Б смайлик арқылы бағалау

Сергіту сәті

Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдату арқылы оқушыларды сергітіп аламын. (2мин)

5-тапсырма

Орындалу шарты

«Шашылған әріптер» әдісі арқылы орфографиялық нормаға сай сөздерді кесте ішінен табу. Табылған сөзді кестеден сызып тастап отыру қажет.(4мин)

Н

ү

г

а

қ

Р

н

ы

з

н

і

б

ұ

е

л

з

т

ы

р

ж

ө

ү

к

і

н

( құлын, бүгін, ұзын, күндіз,өнер)

Дескриптор

Кесте ішінен орфографиялық нормаға сай сөздерді таба алады.

Қ.Б:( Смайликтер арқылы бағалаймын.)


Суреттер, түрлі-түсті қағаздар


«Қазақ тілі» оқулығы, «Атамұра» баспасы

49,50- беттер
















«Қазақ тілі» оқулығы, «Атамұра» баспасы,51-бет.

«Қар кесегі» әдісі









https //m.youtube .com/watch?v=Dkm6Z4k2kCI

51бет. 6-тапсырма









Кесте






Сабақтың соңы

(5мин)













Кері байланыс: «Блоб» ағашы – өзгені тап. Топ мүшелері бір-біріне кері байланыс береді.(3мин)

Үй тапсырмасы: 13-тапсырма,56-бет


Рефлексия: « Тазалық » әдісі.(2 мин)

Ет тартқыш-әлі де ойланамын

Чемодан-маған қажет

Қоқыс жәшігі- қажет емес

Сабақта ұнаған немесе ұнамаған мәліметтерді «тазалық» әдісі бойынша жүзеге асыру.


Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?





.

Пəнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ,АҚТ мен байланыс

Құндылықтармен байланыс(тәрбие элементі)

Қосымша көмек көрсетуді деңгейлеп жоспарлаймын.Қабілетті оқушыға тапсырманы ой қозғау әдісі арқылы түрлендіремін

Оқушы білімін тексеру келесі әрекеттер бойынша орындалды . Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап берді.

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын емлелік ерекшеліктерін ескере отырып орфографиялық нормаға сай мәтін мазмұнын айтып шықты, берілген тапсырмалардыорындады.Қалыптас-

тырушы бағалау сабақ барысында жүзеге асырылып отырды.

Сабақ барысында қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылды.Денсаулық және қауіпсіздік шаралары сақталды,АКТ мен байланыс жүзеге асырылды,себебі сабақта

интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізілді.

Мәңгілік Ел-Ұлттық идеясының «Құрмет» бағдары сабақтың тәрбиелік элементі ретінде танылды.


Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?


Бүгін оқушылар не үйренді?



Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?


Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)


Уақытты қалай пайдаландым?


Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?


Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды, себебі,оқушылар сабақтың мақсаты мен оқу міндеттерін орындады.




Бүгінгі сабақтың мақсатымен оқу мақсатына жете алды,себебі ,бұл сабақта сөздердің дұрыс жазылуының маңызы жайлы қосымша деректер ала білді.


Сабақ өз деңгейінде жақсы өтті,себебі ,тапсырмалар тақырыптың аясында берілгендіктен тақырып толық қамтылды



Жоспарланған саралау жақсы іске асты ,себебі ,тапсырмалар оқушылар деңгейіне сәйкес келді.Сабақ процесі кезінде оқушылардың ынта- жігері артсын деген мақсатпен топтық жұмыстар жүргіздім.«Интерпретация»,топпен жұмыс, «Қарлы кесек» әдіс –тәсілдері табысты болды.


Уақытты үнемді пайдаландым, себебі, өз жосапрыма сай жұмыс жасадым.



Жоспарыма әдіс-тәсілдің түрлерін енгізіп, өзгеріс жасадым,себебі, әдіс –тәсілдерді қолдану оқушылардың қызығушылығын тудырды.





Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Психологиялық сәт пен топтастыру.

2: «Интерпретация» әдісі

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

Курс барысында өтілген ықшам сабақтар мен мұғалімдердің тарапынан берілген кері байланыстар сабағымның жақсаруына ықпал етті.

Көп қолдау қажет етететін оқушыларға көбірек көңіл бөліп, сабақта әдіс -тәсілдерді түрлендіріп өткізетін болсам ,сабағым бұдан да жақсы болар ма еді деп тұжырымдаймын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
3025
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі