400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ тақырыбы: Асқорыту жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 «Б» сынып Бөлім: Жанды табиғат. Адам. Мектеп: Кеңқияқ ЖОББм Мұғалім: Оразбаева А.А. Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: Күні: 10.11.2021ж Тақырыбы: Асқорыту жүйесі Оқу мақсаты: 3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау; Сабақтың мақсаты: Адам ішкі ағза мүшелерін біледі, орналасуын көрсетеді; Бағалау критерийі Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды; Тілдік мақсат Пәндік терминология мен тірек сөздер: Асқорыту жолы .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3 «Б» сынып

Бөлім: Жанды табиғат. Адам.

Мектеп: Кеңқияқ ЖОББм

Мұғалім: Оразбаева А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

10.11.2021ж

Тақырыбы:

Асқорыту жүйесі

Оқу мақсаты:

3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;

Сабақтың

мақсаты:

Адам ішкі ағза мүшелерін біледі, орналасуын көрсетеді;

Бағалау критерийі

Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды;

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Асқорыту жолы


Асқорыту жүйесінің маңызын түсіне отырып, асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды.

Құндылықтар

Оқушыларды өзара ынтымақтастыққа, бір біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Асқорыту жүйесі туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Адамның ішкі ағзаларының орналасуын асқорыту жолдарын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

1 минут



Ұйымдастыру. Психологиялық жайлы ахуал орнату.

Сәттілік біздер тілейік.

Мен саған, сен маған,

Күндей күліп жүрейік.

Күннің нұрын төгейік,

Мен саған, сен маған.


4 минут


Үй жұмысын «Бинго» ойыны арқылы сұрау

Оқушыларға сандар беріледі. Қорапшадан сандар алынады, кімнің номері сәйкес келеді сол оқушы жауап береді.

Сұрақтар:

1. Тағам құрамындағы қандай негізгі қоректік заттар ағзаны құрайды?

(нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералдар, тұздар, су мен витаминдер)

2. Адамның күш-қуатының азайғандығын қайдан білуге болады?

Тез шаршау, қоректік заттардың жеткілікті болмауы, ашуланшақтық, әлсіздік, аурушаңдық.

3.Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (себебі, біздің асқорыту жүйеміздің жақсы жұмыс істеуі үшін, организмде әр уақытта қоректік заттар болу керек)

4.Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді)

5.Асқорыту мүшелері қалай аталады?

Асқазан, ауыз қуысы, өңеш, бауыр.

ҚБ «Жапондық» әдіс бойынша бағалау


Сандар,

қорапша

Жаңа сабақ


2 минут



1 минут







5 минут

Жаңа сабақ. Бейнеролик көрсету

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы осы сыныпта жасырылған 2 сөзден тұрады.

-Кәне іздеп көрелік

-Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоясыздар?

Балалар тағамның саяхаты неден басталатынын бақылап көрелік. Ұжымдық жұмыс.

-Печеньенің бір тілімін алып, ауыздарыңа салыңдар.

-Тамақ қайда кетті, не болды?

1. Аузымызда не бар? (тіс)

- Тіс не істейді?(Тістеріміз диірмен сияқты жұмыс істейді: олар ұсақтайды және тағамды шайнады. Бұл өте маңызды жұмыс)

2. . - Тамақты сілекеймен не ылғалдандырады? (тіл)

- Тіл не істейді? (тамақты араластырады және жұтқыншаққа жылжытады)

- Тамақ жұтқыншақтан соң неге өтеді? (Жұтқыншақтан өңешке өтеді)

- Өңеш арқылы тамақ қайда келеді? (асқазанға түседі) - Асқазан не бөліп шығарады? (Асқазаннан сөл бөлініп, тағамға араласады)

- Содан кейін не болады? (өте тығыз орналасқан ішектің ұзын жолы басталады. Ол мөлшері 8 метрге дейін созылады. Ішектің ашішек және тоқішек деген түрлері болады. Тамақ осы жолды басынан аяғына дейін өткеннен кейін ғана мөлдір сұйықтыққа айналып, қанға сіңіп, бүкіл денеге таралады)

- Асқорытуда бауыр қандай рөл атқарады? (Бауыр асқорыту үшін ішекке майды ерітетін арнайы сұйықтық бөледі)

- Асқорыту қанша сағатқа созылады деп ойлайсың? (Осылай 7-8 сағат бойы біздің ағзамыз тағамдардан қоректік заттарды өзіне сіңіреді. Ал қорытылмаған тамақ ағзадан шығарылады)

- Ас қорыту жүйесі ішкен тамақ пен сусынды өткізетін үлкен түтіктен тұратынын түсіндіріңіз. Бүкіл ағза бойымен тамақтың өтуі 1 күннен 3 күнге дейін созылуы мүмкін. Ас қорыту барысында тамақ кішкентай бөлшектерге бөлініп, қанға өтеді және денеміздің әрбір бөлігіне ыдырайды. Бұл бөлшектер бұлшық еттерді жұмыс күйіне келтіру үшін энергиямен қамтамасыз етеді.

ҚБ «Отшашу» әдісі бойынша оқушылар өздерін бағалайды.



Бейнеролик





































8 минут

Эксперимент жүргізу. Топтық жұмыс

  1. Целлофан дорбаға 4 крекер және 2 ас қасық ас содасын салу.

  2. Крекермен соданы саусақпен мыжып араластыру. Бұл үдерісті «шайнау» деуге болады.

3)   Пайда болған қоспаға су құйып араластыру. Су «сілекейдің» рөлін атқарады.

4)  Осыдан кейін сірке суы қосылады, яғни «асқазан қышқылы». Алдын-ала дайындау: 1/8 кесе суды және 1/5 кесе сірке суын араластырып, тағамдық бояғыштың 2-3 тамшысын қосу. Бұл қышқыл содамен реакцияға түседі және балалар асқазандағы химиялық реакция үдерісіндегідей көпіршіктерді бақылайды.

5)    Қоспадан сусорғыш спонж көмегімен сұйықтықты және крекердің ұсақ ұнтақтарын сорып құрғатады. Балаларға бұл әрекет арқылы ішек қоректік заттар мен суды сіңіретіні түсіндіріледі.

6)   Содан кейін целлофан дорбадан ауаны шығарады да, қоспаны түтікше сияқты бұрайды. Дорбаның түбін шетінен кесіп, қоспаны стақанға қысып шығарады. Бұл ағзаға сіңбеген заттардың сыртқа шығуын білдіреді.

Жұмыстың әр кезеңін талқылап, оқушылар бақылау парағына жазып отырады.

Бақылау парағын толтыру.

реті

Асқорытуға қатысатын мүше

қызметі

1

ауыз қуысы


2

асқазан


3

ішек


ҚБ ауызша


2 минут

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.



2 минут

Ойлан. Оқушылардан суды қалай және қай уақытта ішетіндері туралы сұрау. Асқорыту үдерісін жақсарту үшін тамақтану уақытының аралығында су ішкен дұрыс екенін айту. Судың адам ағзасындағы зиянды заттардың шығуына әсерін түсіндіру.

Судың адам ағзасына қандай әсері бар?

  • Ағзадан токсиндерді шығарады

  • Теріні жұмсартады

  • Асқорытуды жақсартады

  • Шаршағанды басады

  • Денсаулықты нығайтады

ҚБ мұғалім смайликтер арқылы бағалайды



2 минут





















3 минут

34-жұмыс парағы. «Асқорыту мүшелері», 36-б.

Асқорыту мүшелерінің қызметі. Асқорыту мүшелері мен оның қызметін сәйкестендіруге бағытталған тапсырма.

Критерийлер:

-Асқорыту мүшесінің суретін анықтайды;

-Берілген суретті оның қызметімен сәйкестендіреді.

Дескрипторы:

  • Ас сілекеймен араласып, майдаланатын қуысын анықтай алады;

  • Ас қоймалжың ботқаға айналып қорытылатын қуысты анықтайды;

  • Жұтқыншақты асқазанмен байланыстыратын мүшені біледі;

  • Қорытылған астың қанға сіңіп, ағзаға тарауына көмектесетін мүшені анықтайды.


ҚБ Өздерін тексереді «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

Бағалауға арналған тапсырма. Жұппен жұмыс.

Тұжырым дұрыс па?<

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі