400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ тақырыбы "Ата – анаң алтын тұғырың "

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ тақырыбы "Ата – анаң алтын тұғырың " Отбасы құндылығын дәріптеу. «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзiм:

Тақырып: Ата – анаң алтын тұғырың

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, сыйластық

Мұғалiм:

Класс 11

Оқушылар саны


Сабақ мақсаты:

  • «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

- ата-анаға сүйіспеншілік сезіміне , ата-ананы құрмет тұтуға үйрет;

- ата-ананы қадірлеу , ардақтау , ата-ананың үмітін ақтауға баулу;

- махаббатқа, мейірімділікке ,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар

  • Оқулық

  • Дәптер

  • Күнделік

  • Қалам

  • Түрлі-түсті қарандаш

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу , оқушылардың көңіл күйін сұрау, сабаққа қатысуын сұрау.

  • Бес«Т» ережесін сақтау

  • Тыныштық сәтi.

«Су асты патшалығына ойша саяхат.» (мелодия «Дождь и скрипка»).

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады.
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сабақ барысын талдау:

  1. Суретті болжау

Балалар тақтадағы суреттерге қарай отырып біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен дәйексөзін құрастыра аламыз .Тақтадағы суреттерге назар аударайық

-тау,бүлақ.құрақ

  1. Дәйексөз
    Оқушылар дәйексөзді есте сақтап қалу үшін  үш рет қайталатып, дәптерлеріне дәйексөзді жазып алады..

Әке –асқар тау

Ана –бауырындағы бұлақ

Бала –жағадағы құрақ

-Олай болса балалар бүгінгі біздің сабағымыз да «Ата анаң –алтын тұғырың» деп аталады



  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Отбасыдағы қарым - қатынас мәдениеті,байланысы?


  1. Әңгiмелеу

«Әке мен бала» видеороликті көрсетіп, сұрақ қою арқылы түсінгендерін сұрау.

  • Видеориликтен қандай әсер алдыңыздар?

  • Видеороликтен адамдар арасындағы қандай қарым- қатынасты байқадыңыздар?


-Балаға мінез қандай үш адамнан жұғады?

-Бала тәрбиесіне кім тікелей қатысты? Әке ме? Ана ма?

-Ата-анаңмен сырласып,ой бөлісесіңдер ме? Қандай тақырыпта?

-ата-анаң саған қай кезде риза болады?

-ата-анаңды қандай қылықтарыңмен ренжітесің?

-ата-анаңды қатал, шыншыл деп ойлайсығ ба?

-ренжіткенде ата-анаңнан кешірім сұрайсың ба?

-ата-анаңның үмітін дам қай кезде ақтай алады?

-ата-анаң сеніің тілегінді күнде орындай ма? орындамаса не істейсің?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 оқушы – «Отбасы бірлігі» сөзі сурет салу арқылы түсіндіру.

2 оқушы – «Ата-анам алтын тұғырым » тақырыбына эссе жазу сөзіне байланысты шағын әңгіме құру.

3 оқушы – «Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,

Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без»мақал мәтел мағынасы ашу


  1. Топпен ән айту. «Әке туралы жыр» 



  1. Үй тапсырмасы.

Ш.Мұртазаның «Менің атым - Қожа» романына үзіндіні оқып келу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Жай музыка қойылады

Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерді жүрегіңізге түйіп алаңыз.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
416
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі