Сабақ тақырыбы: Берекелі отбасы махаббаттан басталады

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ тақырыбы: Берекелі отбасы махаббаттан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
«Берекелі отбасы махаббаттан басталады» тақырыбына орай ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдерін тереңдету, дамыту мақсатында ата-аналарға өз тәжірибелеріне сүйене отырып, жұмыс жүргізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Берекелі отбасы махаббаттан басталады»

Мақсаты: «Махаббат– отбасының берекесі» тақырыбына орай ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдерін тереңдету, дамыту.

Міндеттері:

«Махаббат» сөзіне анықтама беру және оның некеде қаншалықты маңызды екендігін көрсету.

Құрал-жабдықтар: Мультимедиалық құрал – жабдықтар, түрлі түсті қарындаштар, А4 қағазы т.б.

Сабақ барысы

Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар! Біздің «Отбасы және балалықты қолдау орталығына» қош келдіңіздер! Мен осы орталықта педагог-психолог қызметін атқарушы Жақсыбаева Г.А. Бүгін біз сіздермен отбасы үшін, тек отбасы үшін ғана емес, бақытты отбасы үшін маңызы зор «Махаббат» туралы сөз қозғаймыз. Кездесуімізді бастамас бұрын, сіздермен жақын танысуды жөн көріп отырмыз.


Ұйымдастыру жаттығуы

Қанекей барлығымыз шеңбер бойына тұрып, қуаныш шеңберін жасайық. Сонымен қатар, әркім өзіміздің жақсы көңіл күйімізбен бөлісейік. Әр адам өзінше бақытты. Бақыт бізбен бірге өсіп отырады. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Сіздермен кездескен әрбір күн мен үшін үлкен қуаныш.

Ата-аналар кезектесе өз есімдерін айтқан сәтте жұмсақ ойыншық жіберіледі. Махаббат – үлкен жылы сөз, ол өзінің жылы қолдарымен бүкіл әлемді құшағына алады. Бұл Жер бетіндегі, Әлемдегі ең маңызды сезім. Махаббаттың құдыретінен бүкіл өмір құрылады.

«Ассоцация» жаттығуы


Сіздерге топта жұмыс жасауды ұсынамыз. «Махаббат» деген сөзді естіген сәтте сіздердің көз алдарыңызда қандай ассоцация қалыптасады.

1Shape1 топ: зат есім ретінде сипаттайды

2 топ: сын есім ретінде сипаттайды

3Shape2 топ: етістік ретінде сипаттайды


Shape3


Shape4

Махаббат ббат




Shape5 Shape6


Shape9 Shape8 Shape7


Талқылауға арналған сұрақтар

Әрине, әрқайсыларыңыздың пікірлеріңіз әр түрлі. Махаббатқа тек қана бір емес, бірнеше, әр түрлі үлгіде анықтама беруге болады.

Ойланып көріңдерші, сіздер өмірлеріңізде кімді жандарыңнан да жақсы көресіңдер, сіздер үшін маңызы зор адамды еске түсіріңіздер. Біреуге ол шешесі, біреуге ол әкесі, біреулерге сүйген адамы немес құрбысы т.б. Ол адам кім болмасын болғанына мың да бір алғыс. Сіз ол адамға қаншалықты өз сезіміңізді білдіресіз?!


Арт-терапия «Үш ағаш» техникасы

Мақсаты: Ішкі отбасылық қатынас диагностикасы

Сіздерге берілген ақ қағазға үш ағаштың суретін салу ұсынылады. Кейін келесі сұрақтарға жауап беруді ұсынамын:

Ең үлкен ағаш қайсысы?

Ең кішкентай ағаш қайсысы?

Қай ағаш сізге көбірек ұнайды?

Қай ағаш сізге азырақ ұнайды?

Қай ағаш сіздің сүйікті ағашыңыз?

Қай ағаш ең кәрі?

Қай ағаш ең жас?

Сіз – бағбан маманысыз. Бағбан бақта ағаштармен не істейді? Ағашты суарады, ағаш қалдықтарын, жапырақтарды жинайды. Сіз өзіңіздің әр ағашыңызға не істер едіңіз? Ағаштың жанына жазып қойыңыздар.

Салған ағаштарыңыз сізде қандай сезім ұялатады. Салынған үш ағаш сіздің отбасыңыздағы 3 адам. Сіз қалай ойлайсыз, бұл үш ағаш кімдер?

Зейін салып көріңіздерші, әр ағаштың ара қашықтығы қандай? Ол сіздің шынайы отбасыңызға қаншалықты сай келеді.

Бағбан – сіздің санасыз ішкі ақылшыңыз. Ағаштарға не керектігін ол жақсы біледі. Шынайы өмірмен сәйкестендірейік. Бағбан не стейді? Отбасы мүшелерінің қажеттіліктерін анықтау. Сіз үшін бұл не?

Басынан бастап дұрыс қалыптасқан салт отбасы үшін өте маңызды және тиімді. Ер адам жұбайымен баласы арқылы емес, тікелей өзімен сөйлесуі қажет. Қарап көріңіздер. Суретте автордың өзі бар ма? Жоқ болса, өзін ескермегендігі. Өзін қабылдамағаны. Не себепті өздеріңізді салмадыңыздар?

Коррекциялық жұмысы:Отбасы мүшелерінің арасында қажетті қарым-қатынасты орнату.

Рефлексия

«Синквейн» француз тілінен аударғанда «бес» дегенді білдіреді. Бұл бес сөзден құралған өлең.

Синквейн релаксацияның ең мықты құралы. Ұсынылған мәселеге қатысты 5 жол өлең шумағын жазу қажет.

Нұсқау:

1 жолы – түйін сөз- синквейн тақырыбы, мағынасы.

2 жолы – тақырыпты ашатын 2 сын есім

3 жолы – 3 етістік, сын есімді сипаттайтын іс әрекет

4 жол – қысқа бір сөйлем, 4 сөзден тұратын сөйлем.

5 жол - тақырыпқа синоним сөз.

Мысалы:

Қар

Жұмсақ, үлпілдеген

Жылтырайды, сықырлайды, жатыр

Ақ кілем жерді жапты

Әдемі

Қорытынды:

Құрметті ата-аналар! Бізге келіп, өз ойларыңмен бөліскендеріңізге көп рахмет. Көңілді күн, түрлі ойлар силағандарыңызға көп рахмет.

Кері байланыс

Кездесу сіздерге несімен ұнады? Кездесуде не нәрсе сіздерге ұнамады?

Не себепті? Кездесу жайлы өз ойларыңыз?































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.07.2022
679
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі