400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Сабақ тақырыбы: Бос уақыт пен хобби

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жаңартылған білім бағдарламасы бойынша курстан өтпеген әріптестеріме пайдасы тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы:

Бос уақыт пен хобби (7- сабақ)

Мектеп: Т.Г.Шевченко атындағы ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кистаубаева А.К.

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

5О25.2.2.1. Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:


Берілген мәтіннен лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдерін түсініп оқиды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіннен лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдерініңайырмашылықтарын ажыратады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтінді талдайды, стильдік айырмашылықтарын салыстырады, өзіндік тұжырым жасайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Түсініп оқиды, лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдерінің айырмашылықтарын ажыратады, талдайды, салыстырады, өзіндік тұжырым жасайды.

Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:

Ауызекі сөйлеу стилі, жазба стилі, хобби, бос уақыт, қызығушылық, т.б.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:Менің хоббиім..., мен бос уақытымда...., қызығушылықтар...,, менің ойымша... т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Хобби деген сөзді қалай түсінесің?

-Өзіңді жан-жақты дамытуда хоббидің ролі қандай?

Бағалау критерийлері

1.Мәтіннің стильдердік айырмашылықтарын ажырату;

2.Мәтіндерді салыстыра талдау;

3. Өзіндік тұжырым жасау.

Құндылыққа баулу

Ынтымақтастық, ашықтық, өмір бойы білім алуға баулу.


Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, биология

Алдыңғы оқу:«Қаламмен жұптас» стратегиясы арқылы білім алушылардың зейінін шоғырландырамын, алдыңғы білімді пысықтаймын (Ортаға қаламдарды қойып, кез келген 2 қаламды аламын да, бос уақыт пен хобби туралы диалог әдісі бойынша ой ширатуды жүзеге асырамын).

Сырласу – 2 оқушы өзара сырласады,

Сұхбат – 2 оқушы сұхбаттасады,

Әңгімелесу – 2 оқушы әңгімелеседі).3 минут

Жоспар

Жоспарланған

уақыт



Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Басы

7 минут


Ой шақыру.С. Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы алдыңғы сабақ пен жаңа білімді ұштастырамын:

1.Гүлден мен Арай не істеді? (сырласты);

2.Ғабит пен Жанат не істеді? (сұхбаттасты);

3.Арыстан мен Хамза не істеді? (әңгімелесті).

4.Күнделікті өмірде осы жұмыстарды қайталаймыз ба?

5.Ауызекі сөйлеу стилінің қарама қарсы стиль түрі қандай еді?

6. Хобби деген сөзді қалай түсінесің?

7.Өзіңді жан-жақты дамытуда хоббидің ролі қандай?

8.Хоббидің қандай түрлері бар?

(Оқушылар бүгінгі жаңа білімдік тақырыпты табады. Әр түрлі хобби түрлерін бейнелейтін суреттер арқылы топқа бөлінеді). Топқа бөлу. «Өз хоббиіңді тап» стратегиясы арқылы жүзеге асырылады.






Ортасы


20 минут

Ж.1-тапсырма.

Берілген мәтінді оқып, мәтін қандай стильде жазылғанын анықтаңыз.

Дербес оқу. (Мәтін таратылады).

«Түртіп алу» стратегиясы қолданылады.


Менің тегім – Төлеубеков, есімім – Әліби, әкемнің аты – Қамбар. Мен Қостанай облысы Наурызым ауданында тудым. 2000 жылдың 25 қыркүйегінде дүниеге келдім. Менің ұлтым қазақ. Биыл Ш.Уалиханов атындағы №31 мектеп – гимназияның 5 – сыныбында оқып жүрмін. Мектепте домбыра үйірмесіне қатысамын. Атақты күйші – композиторлардың күйлерін орындап жүрмін. Болашақта мен тіл маманы болғым келеді. Сол үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерін көп оқимын. Демалыс күндері достарыммен кездесемін. Бос уақытымда сыныптастарыммен, достарыммен театрға, мұражайға, саябаққа барамыз, бірақ бос уақытымды үнемді пайдалануға тырысамын.

Дескрипторː

-мәтінді оқиды;

-стилін анықтайды.

Кері байланыс. «Блоб ағашы»(Өзін-өзі бағалау)


Ж/Ж 2 –тапсырма.

Жұпта өз хоббиларың туралы диолог құрастыр, стильдік айырмашылығын ажырат.

Дескрипторː

-бір-бірінің ойын толықтырады;

-диолог құрастырады;

-стильдік ерекшелігін ажыратады.

Кері байланыс.«Мен саған сыйлаймын» (Өзара бағалау)Жұлдызша, күн, гүл жабыстырмалы суреттерді бір-біріне сыйлайды, не үшін сыйлағандарын дәлелдеп айтады.


Т/Ж Бірлескен жұмыс. 3 -тапсырма.

Жоғарыда берілген екі тапсырманы салыстыр, өзіндік тұжырым жаса.

«Дұрыс,бұрыс» стратегиясы арқылы топта орындалады.


Мәтіннен мысалдар

Ауызша сөйлеу

Жазбаша сөйлеу

Өз пікіріңді дәлелде

Менің тегім – Төлеубеков, есімім – Әліби, әкемнің аты – Қамбар




Әсем, қазір қолың бос па?






Дескрипторː

-салыстырады;

-стильдік айырмашылықтарын ажыратады.

Кері байланыс.«Мадақтау сэндвичі» (Өзара бағалау)











Оқушы дәптері






Соңы

10 минут


«Шамшырақ идеясы» стратегиясын қолданамын.

Ұнамды 3 сөйлем жазыңыз...

Жетілдіру қажет 2 әрекетті жазыңыз...

Түйін болар 1 ой жазыңыз...

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі арқылы сабақтың рефлексиясын жасатамын.



Қосымша ақпарат



«Менің хоббиім» тақырыбында шағын мәтін жазып келу
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
766
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі