жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ тақырыбы: Дыбыс қалай пайда болады?3 сынып
-
Мектеп: №4 ЖОББМ
Сабақ тақырыбы: Дыбыс қалай пайда болады?
Күні:
Мұғалімнің есімі:Қондыбаева С
Сынып: 3
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
3.5.3.1- дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру;
3.1.2.3 - экспериментті жоспарлау және жүргізу;
Сабақ мақсаттары:
- Заттардың дыбыс шығаратынын білу;
- Дыбыстардың қалай таралатынын түсіну;
- Дыбыс шығару аспаптарын ойлап табу;
- Жүргізілген эксперимент нәтижесіне, қаттылығын ескеріп тұжырым жасау;
Бағалау критерийлері:
- Эксперимент жасау арқылы дыбыстардың қаттылығының дыбыс көзін біледі;
- Дыбыс қаттылығының қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсінеді ;
Ойлау дағдысы
Түсіну, талдау
Тілдік мақсаттар
Оқушылар;
*Дыбыстың қалай шығатынын біледі
Терминология:
*Тербеліс- заттың белгілі бір жиілікте қозғалысқа түсуі
Талқылауға арналған сұрақтар;
*Қандай заттар дыбыс шығара алады?
*Зат дыбысты қалай шығарады?
*Зат дыбысты қаттырақ шығару не істеу керек?
Құндылықтарды дарыту
Топтық тапсырмаларды орындау барысында еңбек пен шығармашылық,
ынтымақтастыққа қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін дамыту;
Пәнаралық байланыстар
Музыка-Эксперимент жасауда музыкалық аспаптарды пайдалану арқылы
Дүниетану-Қоршаған ортадағы дыбыстарды қабылдағанда дүниетану пәнімен байланыстырады
АКТ қолдану дағдылары
Зерттеу дағдысы
Бастапқы білім
Оқушыларда 2-сыныпта өткен «Дыбыс қандай болады?» деген тақырыптарды толықтыру арқылы дыбысты ажырата алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Ресурстар
Басталуы
Ширату жаттығуы
ҰЖ: «Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі (оқушылардың зейінін шоғырландыру, сындарлы оқу қағидасын жүзеге асыру ,оқу мақсатын анықтау)
Тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап бер.
Қандай дыбыс көздері бар?(Табиғи,жасанды)
Қандай дыбыстар ұнамды?
Қандай заттар дыбыс шығара алады?
Зат дыбысты қалай шығарады?
Зат дыбысты қаттырақ шығару не істеу керек?
Ынталандыру:(ауызша пікір білдіру)Жарайсыңдар, керемет дыбыстар туралы біледі екенсіңдер.
Ортасы
ҰЖ: «Бірге зерттейік!» (жаңа сабаққа кіріспе, бақылау дағдысын дамыту)
Нұсқау: Сыныпқа қажетті ресурстар әкеліп қоямын. Оқу мақсатына жетуде эксперимент жасау үшін қажеттігін айтамын.
Сыныптағы дыбыс шығаратын заттарды бақылайды
Сыныпта дыбыстарды анықтауға байланысты қандай заттарды пайдалануға болады?
Зат дыбысты қалай шығарады?
Дыбысты қаттырақ қалай шығаруға болады?сұрақтары зерттеуге ұсынылады.
Сұрақтарға жауап беру арқылы мәлімет жинақтайды.
Дыбысты әрекет ету арқылы ғана қаттырақ шығаруға болатынына тұжырым жасалады.
Дескриптор:
-заттардың дыбыс шығаратыны біледі.
-дыбыстың таралуын қорытындылайды;
Жігерлендіру: Дыбыс туралы тәжірибелеріңдегі бар мәліметтеріңізді қолданып қорытынды шығардыңыздар. Керемет!
ҰЖ: «Ғылыми зерттеу» жобасы
(тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, музыка пәнімен байланыс, жауапкершілік құндылығын дарыту)
Қауіпсіздік техникасы!
Мұғалімнің нұсқаулығымен баста!
Ресурстарды дұрыс пайдалан!
Нұсқау: Дыбыстардың әртүрлі жылдамдықпен таралуына тәжірибе жасалады.
Мақсаты: қашықтыққа байланысты дыбыс қаттылығының өзгеруін анықтау
Ресурстары: Дыбыс шығаратын ойыншықтар, қоңыраулы сағат, музыка аспаптарын дайындауға арналған.
Далада, суда, адамның пулсін тыңдау арқылы тәжірибе жүргізу.
Дыбыстың таралу аясы қандай?
Дыбыс әртүрлі ортада бірдей жылдамдықпен тарала ма?
Тұжырым:
Жер – қатты дене. Су - сұйық дене. Фонендоскоп – қатты дене.
Дыбыс ауаға қарағанда жер(қатты дене) арқылы тез таралады. Дыбыс суда жақсы естіледі. Дыбыс қатты дене арқылы
таралғанда қатты естіледі
Ынталандыру: Жарайсыңдар! Заттардың дыбыс шығартынын білдің!
ЖЖ: «Жұптас! Дәлелде!Бөліс!» тәсілі (жаңа ұғымды дәлелдеу, танымдық дағдыларын жетілдіру)
Тапсырма:
Маса мен зауза қоңыздарының ұшқан кездегі дыбыстарының айырмашылығы бар ма?
Олардың қанат қозғалысының жиілігіне қатысы барма?
Болса неліктен?
Дескриптор:
Дыбыстарды ажыратады.
Таралу қашықтығын біледі
Нәтиже бойынша саралау
Мұғалімнің түсіндірмесі: Тербеліс- заттың белгілі бір жиілікте қозғалысқа түсуі
ТЖ: «Шығармашылық деңгей бойынша саралау» (сыни ойлау дағдыларын жетілдіру, құрмет, жауапкершілік құндылықтарын дарыту, көркем еңбек, музыка пәндерімен байланыс)
Тапсырма:
топта өздеріңіздің музыкалық аспаптарыңызды ойлап тауып, түрлі дыбыс шығарыңыз.
Топаралық бағалау: «Екі керемет! Бір әттеген-ай»
Жігерлендіру: «Мен, сендердің осындай күрделі және қиын тапсырманы өз күштеріңмен орындағаныңа шын жүректен қуаныштымын!»
Дәптермен жұмыс.
ӨЖ: «Бекіту және қолданысқа енгізу» тәсілі (жаңа материалды меңгергенін анықтау,)
Тапсырма: Суретке қара. Дыбыстардың таралу көздерінің суретін белгіле (жақын, алыс).
Дескриптор:
-дыбыстың таралу көздеріннің бірнешеуін тауып белгілейді.
-Дыбыс көздерінің таралу көздерінің барлығын тауып белгілейді.
Өзара бағалау. «Графикалық»
ҰЖ: «Иә, жоқ» әдісі (сабақты бекіту )
Сөйлемдердегі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер!
Уәждеу: Жарайсыңдар, сұрақтарға толығымен жауап бердіңдер!
Музыкалық аспаптар т.б.суреттер
Дыбыс шығаратын ойыншықтар, қоңыраулы сағат
Соңы
Рефлексия
Жер – білімім жеткіліксіз
Зымыран – әлі де біімімді толықтырамын
Ай – керемет, түсіндім
Оқушылар сабақты қаншалықты меңгергендігін стикер жапсыру арқылы өзін-өзі бағалайды. Стикерге өз аттарын жазып, жапсырады.
Қосымша ақпарат
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қолдауды қажет ететін оқушылар жетекші сұрақ беремін
Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға ресурс ұсыну
Қабілетті оқушылар өз пайымдаулары бойынша тұжырым жасайды
Ынталандыру:(ауызша пікір білдіру)Жарайсыңдар, керемет дыбыстар туралы біледі екенсіңдер
Өзара бағалау. «Графикалық»Уәждеу: Жарайсыңдар, сұрақтарға толығымен жауап бердіңдер!
Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. Оқушылар сабақ үстінде тыныштық сақтау.Оқушылардың топпен жұмыс барысында еркін жүріп-тұруы денсаулықтарына байланысты.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсесабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген