400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ тақырыбы: Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда қаласы, Б. Шалғынбаев атындағы № 217 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Ибраева Жанат Киргизбаевна


Мұғалімнің аты-жөні:

Пәні:

Уақыты:

Сабақ тақырыбы:

Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету

5.3.2.2 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастырады

тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады

Оқушылардың басым бөлігі:

тарихи фактілердің маңыздылығын түсінеді.

Кейбір оқушылар:

тарихи кезендердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады

Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну:

Ғұндардың қоныс аударуы мен Аттила туралы айта алады.

Білімін қолдану:

Ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсетіп қысқаша зерттейді

Сыни ойлау:

Дерекпен жұмыс жасай отырып, Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтайды.

Анализ:

Сабақ барысында Ғұндар өркениетінің биік белеске шығуымен құлдырауға алып келген себеп-салдарын анықтайды.

Тілдік мақсат

Пәндік лексика мен терминология:

  • тайпалық одақ

  • мемлекет

  • қоғам

  • жауынгерлер

  • егіншілер мен малшылар

  • патша

  • әскери демократия

  • археология

  • антропология

  • шаньюй

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Ғұндардың қоғамдық құрылысын келесідей сипаттауға болады...

Ғұндардың ұлы қоныс аударуы дүние жүзін өзгертті, біріншіден..., екіншіден..., үшіншіден...

Ғұндардың әскери күші...

Аттила келесідей қабілеттерімен ерекшеленді...

Ғұндардың мәдени ескерткіштерінің ерекшеліктері келесіде...

Ғұндар...

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша...

Құндылықтар

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- өз елі үшін мақтаныш

Аттиланың іс-әрекеттері арқылы, туған жерді сүюді және патриотизмге жетелеймін.

Пәнаралық байланыстар

Ғұн империясының территориясы бейнеленген карта мен қоныс аудару бағыттарын көрсете отырып, географиямен байланыс орнатады. Сондай-ақ, Еділ (Аттила) жайлы мағлұматтармен таныса келе дүние жүзі тарихымен пән аралық байланыс орнатамыз.

АКТ қолдану дағдылары

Слайд «Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?».

Алдыңғы білім

Ғұндардың Қазақстан территориясына қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс - әрекеттер

Деректер

Бірінші сабақ


Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгелдеу.

  • Топқа бөлу:

  • «Ғұндар дәуірі» тобы

  • «Еділ қаған немесе Аттила» тобы

  • «Мөде қаған» тобы

  • Өткен сабақтарды еске түсіру.

А4 мәтін

«Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?».





























Ортасы

30 минут













































Екінші сабақ







Ортасы

30 минут


Б Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін Аттила туралы бейнебаяннан үзінді көрсетемін. Бейнебаяннан кілт сөздерді жазып отыруды тапсырамын. Оқушылардың алған әсерлерімен бөлісуін сұраймын. Бейнебаян арқылы тақырыпқа шығамын.


Еділ (Аттила) патшаны білесің бе?

https://www.youtube.com/watch?v=6ZdMUXOOpnY


Б Оқушыларға дүниежүзі тарихынан атақты әскери қолбасшылар мен Аттиланың суретін көрсетемін. Осы тұлғаларды не байланыстыруы мүмкін? деген сұрағын қоямын. Аттила тұлғасына тоқталып, суретке негізделе отырып оқушыларды оған мінездеме беруді сұраймын. Аттила әйгілі қолбасшы болу үшін қандай қасиеттерді өз бойына сіңірген?

Бүкілсыныптық талқылау ұйымдастырамын.


Зерттеу мен талдау

Оқушылар арасынан екі немесе үш өзара бағалау сарапшыларын (бұдан әрі бағалау сарапшылары) тағайындаймын. Бағалау критерийлерін өздері құрастырады.


Қосымша 1.

Т Оқушыларға Аттила туралы жазылған түрлі пікірлерді ұсынамын.

Оқушылардың міндеті: Аттилаға жан-жақты мінездеме беру.


Тапсырманы орындамас бұрын әр топтан 3 сарапшы таңдап аламын. Оқушылардың жұмысын сарапшыларға бағалатамын.


Критерийлері:

  1. Аттиланың өмір сүріп отырған дәуіріне сипаттама жазу;

  2. Аттиланың өмір сүрген ортасы, өмірбаяны;

  3. Аттиланың тарихи орны, іс–әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі;

  4. Аттиланың тұлға ретіндегі қасиеті, ерекшеліктері;

  5. Аттила туралы оқушының пікірі.

Мысалы,

«Ол халықтарды тітірентіп, елдердің барлығына үрей үймелетіп, барлық жерде өзі туралы өте кең ұғым таратқан еңіреген ер еді. Оның қадамдары паң, қарағанда жанары ұшқындап, дене қозғалыстарының өзімен аспандаған өз қуатын айғақтап тұратын. Соғысты сүйетін ол тіршілікте қайырымды, бір рет сенгенге мейірбан болатын. Сырттай қарағанда тапал, кең кеуделі, кішкентай көзі сығырайған, бурыл тарта бастаған сирек сақал, тәмпіш мұрын, терісінің түрі адам жиіркенгендей ол өз тегінің бар белгілерін паш еткендей».

Иордан, гот тарихшысы,
«Геттер мен олардың іс-әрекеті» еңбегінің авторы.


«Ол бүкіл халықтарды сілкіндіру үшін жаратылған ер еді. Бүкіл елдерге сұмдық болып тиді, бәрін де қалтыратып жіберді, ол туралы хабардың өзі қорқынышты еді. Оның жүрген жүрісі маңғаз, көзқарасы мен қимыл қозғалысы аса тектілікті көрсетеді. Соғысты жақсы көргенімен тонаушылығы аз болды, ой қабілеті өте жоғары еді, сұраушыға қайырымды, сенген адамына өте мейірімді».
Приск Паниос, V ғ. өмір сүрген тарихшы және елші,
«Византия тарихы» еңбегінің авторы
.


«Аттила шайқас кезінде аяусыз болғанымен, табиғатынан жауыз болған емес»


«Константинопольмен келіссөз бастаған Аттила бірінші кезекте соғысқа емес, бейбітшілік орнатуға ұмтылды» 

Г.В.Вернадский.


Дескрипторлар:

Балл

Аттиланың өмір сүріп отырған дәуіріне сипаттама жазу;

1

Аттиланың өмір сүрген ортасы, өмірбаяны;

1

Аттиланың тарихи орны, іс–әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі;

2

Аттиланың тұлға ретіндегі қасиеті, ерекшеліктері;

1

Аттила туралы оқушының пікірі.

1


Б Ғұн империясының территориясы бейнеленген картаны сыныпқа көрсетемін.


Оқушыларға келесі сұрақты қоямын: Аттила қалайша орасан зор жер аумағын иелене алды?

Оқушылардың ой пікірлерін тыңдаймын.


Дескрипторлар:

Балл

Аттила қалайша орасан зор жер аумағын иеленгенін көрсетеді

1

Оқушылардың ой пікірлерін айтады

1


Т Аттиланың көрші елдермен қарым-қатынасын зерттеу үшін сыныпты үш топқа бөлемін.


Қосымша 2.

Бағалау сарапшылары (оқушылардан таңдап алынған сарапшылар өздері критерий жасап бағалайды).


І топ: Аттиланың батысқа жасаған жорықтарын қарастырады;

ІІ топ: Каталаун шайқасын сипаттайды;

ІІІ топ: Ғұн империясының ыдырау себептерін анықтайды.


Дескрипторлар:

Балл

Аттиланың батысқа жасаған жорықтарын қарастырады

1

Каталаун шайқасын сипаттайды

1

Ғұн империясының ыдырау себептерін анықтайды

1


Интерпретация


Қосымша 2.

Бағалау сарапшылары (оқушылардан таңдап алынған сарапшылар өздері критерий жасап бағалайды).


І топ: Аттиланың жорықтары бойынша ақпараттық органайзер жасайды;

ІІ топ: Каталаун шайқасына постер жасайды. (шайқастың ерекшелігі, нәтижесі);

III топ: Ғұн империясының ыдырауы бойынша интеллект карта жасайды.


  1. Ақпараттық органайзер оқушының алған фактологиялық білімін тексеруге көмектеседі. Оның мазмұнын тақырыпқа сай өзіңіз бейімдей аласыз. Мысалы, негізгі жылдар, шайқастар, тұлғалар, географиялық атаулар, шайқастардың нәтижелері және т.б.

  2. Белгілі бір тақырып бойынша постер жасау үшін келесі критерийлерді басшылыққа алу қажет:

- көрсетілетін тақырып нақты, әрі өзекті болуы тиіс;

- негізгі идеялар ықшамдалып, оған сәйкесінше дәйектер келтіруі тиіс;

- сөздер, сөйлем мөлшері шектеулі боуы тиіс;

-тақырыпқа сай иллюстрациялар/тірек сызбалар/инфографика бейнеленуі тиіс.

  1. Интеллект карта ойды жүйелеуге, қорытындылауға қолдау көрсетеді. Оның басты идеясы - әртүрлі ойлардың қаншалықты бір-бірінен өрбіп шығатындығын көрсету. Интеллект картаны жасаудың критерийлері:

- көрнекілік;

- негізгі ойлардың анықталуы;

- оқиға желісінің ретімен өрбуі;

- тиісті мәліметтердің/фактілердің болуы;

- интеллект картаның тілі түсінікті, ақпараты нақты, жеңіл оқылатын болуы тиіс.


Дескрипторлар:

Балл

Аттиланың жорықтары бойынша ақпараттық органайзер жасайды;

1

Каталаун шайқасына постер жасайды. (шайқастың ерекшелігі, нәтижесі);

1

Ғұн империясының ыдырауы бойынша интеллект карта жасайды.

1


Қорытынды

Сабақтың мақсатына қол жеткізу нәтижесі





А.Т. Апендиев «Батыс Ғұн империясының тарихындағы Аттиланың рөлі» мақаласына сілтеме

http://journal.kaznu.kz/Content/upload_files/28advr8nswgxhbzj9e6_635150929644293081.pdf#page=146
















Сен білесің бе? Аттила туралы

https://www.youtube.com/watch?v=K6C30MuP0Xw&list=PLNpE9tDJRRKwtnGlhID1chzNmcHlURjgE&index=6









К.Т. Жумагулов

г. Алматы, Казахстан

«Личность Аттилыв современной исторической реконструкции» мақаласына сілтеме

http://enu.kz/repository/repository2013/LICHNOST'-ATILLY.pdf


Аттила суреттеріне сілтеме

http://ru.wikipedia.org/wiki/Аттила



Аяқталуы

5 минут

Рефлексия мен кері байланыс

«Үлкен шеңбер» тәсілі

- Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

- Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

- Сабақта қандай қиындықтар туындады?

- Сабақ аяғындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Үй тапсырмасы: «Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?»-деген тақырыбына эссе (130-150 сөз) жазып келіңіздер.


ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.







Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?







6


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
25 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
2283
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі