400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ тақырыбы: Халықтың салт-дәстүрі - болашақ келбеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтың салт-дәстүрі - болашақ келбеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта

Пән: Өзін-өзі тану Сағат саны:2


Сабақтың тақырыбы: Халықтың салт-дәстүрі - болашақ келбеті


Сабақтың мақсаты: «салт-дәстүр», «әдет-ғұрып» ұғымдарының мәнін ашу және оларды сақтап, құрметпен қарау өркениетке барар жолдағы ұлт болашағын айқындайтын факторлардың біріекендігін ұғындыру.

Міндеттер:

  • ұлттык дәстүрді сақтай білу - ұрпақтар туралы түсініктерін олардың тағдырына аялай қарауы, қадірлеп қастерлеуі екендігін түсіндіру;

  • әртүрлі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы түсініктерін тереңдету;

  • өз халқының дәстүрлерін жалғастыруға ұмтылысын, талабьш қалыптастыру;

- халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, құрметтеу арқылы білім алушылардың ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға көмектесу.

Сабақтың жабдықталуы: «Өзін-өзі тану» оқу құралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, үлестірме материалдар, слайдтар

Шаттық шеңбері

Өмірдегі, өнердегі, адамдар арасындағы қатынастарда бар жақсылықты, әдемілік пен әсемдікті түсіне білуге, көре білуге және қабылдай білуге үйретуді көздеу. Өлең жолдарында сипатталған қазацтық қолданбалы қолөнерінің туындылары халықтың салт-дәстүрлерінің өміршеңдігін көрсететін бір белгілер болып саналатынына назар аударту.

Қыз сыны

Сөзі: Құдайберген Қазыбековтікі Әні: Марат Омаровтікі

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашы төгіліп жерге,

Күмісті шашбау жарасып белге.

Қиылған қасың, қарақат кезің,

Жүректі баурап оятар сезім.

Тал бойың нәзік, қызғалдақ гүлдей,

Дидарың нұрлы шуақты күндей.

Жанарың қайта, жаңғырып көкем,

Ләззат алар көрген жан сенен.

Көркіңнен сенің айналдым еркем,

Қазақтың салтын сақтаған көркем.


Сабақтың дәйексөзі: «Саналы ел салтын сақтар». Халық даналығы

«Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа». Қазақ мақалы

Әңгімелесу

  • «Салт-дәстүр», «әдет-ғұрып» ұғымдарын қалай түсінесіздер?

  • Халқымыздың қандай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білесіз?

  • Ырымдар туралы не білесіз?

  • Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіз?

• Отбасын құруға қатысты салт-дәстүрлерді білесіз бе?

• Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтау не үшін қажет деп ойлайсыз?

Оқу ақпараты

Мақсаты: Қазақ өмірінде жазбага түспеген заң сияқты терең тамыр тапқан әдет-ғұрыптарда біздің бас иер киелеріміз, халықтың тілі, діні жатқанына білім алушылардың назарын аудару.

Ежелден келе жатқан ата кәсіп, қоршаган орта, табиғат тағылымы, тұрмыс-тіршілік өзгешелігі қазақ халқының өзіндік тамаша әдет-ғұрыптарын туғызды. Сан ғасырлық өмір тәжірибесімен сұрыптальш, сараланып, сана сүзгісінен екшеліп өткен, халықтық қасиетімізді, ар-ұятымызды, адамгершілік түсінігімізді, бауырластығымызды, өзара сыйластыққа негізделген ыстық сезімімізді, намыс пен елдігімізді соңғы жетпіс жылда мүлде жоғалтып ала жаздадық. Сөз жоқ, халық дәстүрлерінің жоғалуы тілдің жоғалуының алғышарты болып табылады. Ал тілдің жоғалуы халықтың тіршілік аренасынан мүлде кетуі, өлуі, мәңгілік құрдымға батуы. Бұл жөнінде кезінде батыс-шығыстың талай ойшыл ғалымдары жазып кеткен.

Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына қайта оралудың рөлі туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деп жазған: «Әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге – дәстүрлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз. Мәдени дәстүрлер қашан да әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Өзінің тарихи-мәдени тамырларына қайта оралу - бұл, әрине оң процесс».

Өйткені қай халық болсын өзінің рухани-мәдени құндылықтарын көздің қарашығындай сақтай алмаса, сыртқы күштердің рухани-мәдени жаулаушылығына қарсы түра алмасы анық. Ондай халық өз мемлекеттілігін де сақтай алмайды. Бүгінгі күні жас Қазақ мемлекетінің қайта ту көтеріп, Тәуелсіз ел болуы - қазақ халқы мен мәдениетінің әлі де болса құрып кетпегендігінің айғағы. Оны баянды ету - бүгінгі және болашақ ұрпақтың қасиетті борышы.

Қазақ халқында қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамцорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналган. «Қасқа қатал, доқка адал болу» - қазақ халқының негізгі мінез-құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет-ғұрыптар бар. Бұл әдет-ғұрыптар қазақ өмірінде жазбаға түспеген заң сияқты терең тамыр тапқан. Мұнда бәріміздің бас иер киелеріміз, халықтың тілі, діні жатқанын көреміз. Халқымыздың бағы да, ары да, құты мен құдіреті де осыларда жатыр. Бұларсыз баянды болашақтың көк байрағы көтеріле алмайды, танымы мен зердесіне сеніп, болашағына батыл бет бұрған рухани түлеуге де қолы жетпейді. Ұлттық дәстүрді сақтай білу - ұрпақтардың өз тағдырына аялай қарауы, қадірлеп қастерлеуі, иманды тірлігінің ұятына сенуі. Өмірге келгеннен бастап, яғни пәниден бақиға кеткенше орындалуға тиісті салт-дәстүрлер мен жол-жоралғыларының түрлері жетіп артылады.

Өркениеттің гуманитарлық диалогының қарыштап дамып жатқан ғаламдық үрдістерінің арасында Қазақстан өзінің мәдениетін (біртұтас қазақстандық қоғамның бір бөлшегі больш табылатын баска да этностардың мәдениетін) біліп, қадыр тұтып қаиа қоймай, жаһан мәдениетінің негізін біліп, құрмет тұтатын әрі үзеңгілес диалог жүргізіп, мәдени мұралармен алмаса білетін тең дәрежелі әріптес ретінде де өз орнын алуы қажет.

Осы айтылғандар өркениетке қол жеткізу үшін өзіңнің тарихыңа үңіліп, тарихи қалыптасқан салттар мен дәстүрлерді, әдеп-ғұрыптарды біліп қана қоймай, оларды сақтау мен дамытудың және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің қажеттігін дәлелдейді.

Қазақ халкының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары

Әдет- әрекеттер мен дағдылардың сан рет қайталанған, өмір тәжірибесінен өткізілген, толық бір қалыпқа енген, жеке бір адам басында қалыптасқан индивидтік форма. Бірнеше дағдылардың жиынтығынан- әдет пайда болады. Әдеттен- әдептілік- ал ол инабаттылыққа, бекзаттылыққа, парасаттылыққа, имандылыққа жетелйді.

Ғұрып- отбасында, әулетте, ауылда, руластар арасында басқаларға ұқсамайтын дағдылар мен әрекеттерден, әдеттер мен әдептілік нормалардан тұратын таным, наным, сенім және ұғым үрдістерінің сандық, сапалық ерекшелігімен айқындалатын моральдық категория.

Ғұрыптың элементтері: рәсім, жөн-жосық, жоралғы, ырым, кәделер арқылы ғұрыптың қай халыққа тән екенін айқындауға болады.

Әдет-ғұрып- ұлттық ерекшеліктерді қалыптастырушы факторлар, ол индивидтің мінезі мен құлқы түрінде көрінеді.

Пікірлесуге арналған сұрақтар:

  1. Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіздер?

  2. Сіздің отбасында қалыптасқан қандай дәстүрлер бар?

3. Салт-дәстүрдің қай түрін дамыту қажет деп ойлайсыздар? Не үшін?

  1. Қазақ халқының адами қарым-қатынас жасау саласында қандай дәстүрлер қалыптасқан?

  2. Қазақтың бала тәрбиелеу, тұрмыс-салт, әлеуметтік-мәдени дәстүрлеріне қандай дәстүрлер жатады?

Есіңде сақта!

Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, қолын беру, жол беру, орын беру, кимелеп баса көктеп өтпеу, үйіне келе қалса атын байлап, есік ашып, төрге шығарып, жақсы қабақпен аттандырып салу, меймандос, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейтін, адамнан адам іштей дәметіп тұратын табиғи кұлық мінездер. Бұл мінездерді қорлау - алдымен өзін-өзі қорлау, сыйлау - алдымен өзін-өзі сыйлау.

***

Әр халықтың өзінше дәстүрі бар. Дәстүрдің де жақсы-жаманы бар. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы қауымнан қауымға, ғасырдан ғасырға кете барады... Біз кейде ата-анасынан безгендер жайында естиміз. Бір кезде түн ұйқысын төрт боліп мәпелеген, ыстық-суыққа, талай қиындыққа шыдай келіп, сені қатарға қосқан ата-ана бұл кезде дәрменсіз, сонда да тілегі- сен. Осындай ата-ананы ұмытқан жас опасыздың опасызы... рахымсыздың рахымсызы дем кім айтпас. Одан кім жиренбес!

Сыйласу, қайырымдылық әр қилы. Біреулер ісім түседі-ау немесе қарымтасы қайтады-ау деген адамын сыйлайды. Ашып айтқандн бұның аты - сауда. Біреулер қарымтасы қайтсын қайтпасып, сыйласуды, қайырымдылықты адамгершілік борышым деп таниды.

Міне, бұл ең қымбат қасиет. Жастар осы қымбатқа ұмтылуы керек. Сыртынан тіпті сәнді, қатар бара жатқан екі жасты көргенде сүйсініп тұрасың. Ал сол екеуі жабысып, жүрт көзінше сүйісіп жатқанын көргенде жиреніп теріс айналасың. Себеп, сүйісу сөкет пе? Сөлекет емес. Бүкіл адам атаулы сүйіскен, әлі сүйісіп келеді. Бірақ жасырын, ал жаңағыдай сүйісу - махаббатты қорлау. Махаббат пердесі - ұят, әдеп. Бұл екеуі болмаса махаббат айуандар құштарлығына айналады...

Көңіл шыны дәмдіден дәмді, қызықтан қызық іздейді. Егер оны ақыл, сабыр, ұят тежемесе, адамды айуан қатарына апармай тынбайды, адам өле-өлгенше отбасы ұрпақ қамын ұмыта алмайды... Бейсауат жүрістерін былай қойғанда, әлденеше неке бүзған, бүлдіршіндей балаларын тірідей жетімсіретіп, дамыл-дамыл төсек жаңғыртқан махаббат құмарларды кімге теңеуге болады!?

Бұл күнде білім шарабын сіміріп жүрген көп, басына білім, өнер, адамшылық үлгілерін жасау жастарымыздың салтына енген шақ. Алайда күшала жеген иттей қисаңдап келе жатқан бipey оқта- текте кездесіп қалады. Аузынан сасық иіс аңқиды, сөзі іріп-шіріп түсіп жатады. Бұл бишара білім шарабының орнына есіру шарабын сімірген, ата-анасының мандай терін сатып ішкен, өзі қазір адамның қоры, сөйте түра зормын деп кеуде қағады.

...Біз жастарымыздың азаматтық сипаты келісті болуын, дос сүйініп, дұшпан күйінердей болуын тілейміз. Есте болсын, адамшылық әрбір ұлы сипат биік шың тәрізді. Шынды шың еткен төбе шокылар болса, ұлы сипат биік шың тәрізді. Шынды шың еткен төбе-шоқылар болса, ұлы сипат та ұсақ сипаттардан құрылып ұлылыққа жетеді. Халықтың жақсы дәстүрлерін ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы болғай-ақ..

Ғ. Мұстафин


Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы, қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт- дәстүрлеріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін- бірі толықтырады.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың түрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той-думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уакьптың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр.

Салт-дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор, салт-дәстүрлер 3 ке бөлінеді:

  1. бала тәрбиесіне,

  2. тұрмыс-салтқа,

  3. әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер

1) Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұя болу мен шаруашылыққа, еңбекке, өмірге бейімдеу.

2) Тұрмыс салт-дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің немесе тұрғын үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал багу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері кіреді.

3) Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл адамдарының туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық әуен аспаптары, үйлену - үй болуға байланысты, қонақ күту, ұлттық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді.

Қазақ, халқының салт-дәстүрлері

Жаттығу, сергіту

Жаттығуды ұйымдастыру мақсаты: оқушылардың әрекет үстіндегі адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымын танытуы үшін, тұлғааралақ қатынас жасайтын ортага бейімделіп, өздерінің сезімдерін білдірту..

Рөлдік ойындар.

Алты топқа бөліну. Үш топ қазақ халқының салт-дәстүрінің бір түрінен 2 минуттық көрініс көрсетеді. (сөздерін өздері құрастырады). Ал қалған үш топ осы көріністің мазмұнын ашатын мақал-мәтел, шешендік сөз немесе ән орындайды. Мысалы: Көрініс - бесікке салу.

Оның мазмұнын ашатын мақал - «Балалы үй базар»,

Ән: «Бармақтарың майысып, түрлі ою ойысып, шебер болар ма екенсің...» немесе «Шілдехана - бесік той...» және т.б.

Шығармашылық әрекет

Мақсаты: оқушылардың рухани дүниесін байытып, туган халқының салт-дәстүрлерін, тілін, мәдениетін сүйіп, қастерлеуден өзінің елін, жалпы адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдерін тәрбиелеу

1-тапсырма. Оқу құралында берілген мәтін мазмұнындагы әдеп түрлерінің («Сәлем, қимыл, сезім әдептері» С. Кенжеахметұлы) ішінен жақсы әдептер мен жаман әдептерді бөліп жазыңыздар. Өз ойларыңызды жария түрінде қорғаңыздар.

2-тапсырма. Төменде берілген қазақ халқының дастарқан әдебі дәстүрлерінің мәнін ашып түсіндіріңіздер және толық-ырыңыздар:

  • дастарқан басына үлкеннің, үй иесінің келіп отыруын күту;

  • дәмнен үлкен адам ауыз тигеннен кейін ғана жеуге кірісу;

  • үлкенді, сыйлы қонақты, қыз баланы төрге отырғызу;

  • адамның жасына, жынысына, әлеуметтік рөліне қарай ұсынылатын тағам түрлері;

  • міндетті түрде ас қайыру, асқа бата беру және т.б.


Даналық тағылымы

Ұлтымыздың сөзбен айтпай-ақ ыммен, ишарамен, қимылмен, еппен сездіретін түрлі ұғымдарының тәлім-тәрбиелік мәніне терец үңіліп, оларды білу қажеттігін түсіндіру.

Тапсырма. Берілген мәтіннің («Әдет-ғұрып ишаралары» С. Кенжеахметұлы) мазмұнын оқып шығып, өзіңіздің жақсы және жаман әдеттеріңіз туралы айту. Жаман әдеттеріңізді қалдыру үшін не мақсат қоятыныңызды әңгімелеу.

Жаттығу, сергіту

Жаттығуды ұйымдастыру мақсаты: оқушылардың әдет-ғұрып ишараларын дұрыс, орынды қолданып, , тұлғааралақ қатынас жасайтын ортага бейімделіп, өздерінің сезімдерін білдірту.

Тапсырма. Топ-топқа бөлініп, төмендегі жағдайларға байланысты адамның әртүрлі ишараларды қолдану жағдаяттарын көрсетіңіздер.

  • Бір істі мақұлдау, қоштау, ризалық. Мысалы: курстасыңыз спорт жарысында мәре сызығын бірінші болып қиды; досыңыз жақсы ұсыныс жасады т.с.с.

  • Адамның ашулы, ызалы күйі. Сізде мұндай көңіл-күйдің сирек болатынына сенеміз, дегенмен оны болдырмаудың жолын іздеңіз.

• Ұялу, ыңғайсыздық таныту. Мысалы: көпшілік орында ыңгайсыз жағдайға man болдыңыз т.с.с.

  • Жеңіске жету, жеңілу бейнесі. Мысалы: Сіз - көңілділер мен тапқырлар клубының мүшесісіз. Командаңыз жартылай финалга жолдама алды.

  • Біреуді менсінбеу, жақтырмай, ұнатпау сәті. Мысалы: Курс­тасыңыз екінші бір адам туралы жағымсыз әцгіме айтып тұр. Оның бұл қылығын сіз ұнатпайсыз.


Даналық тағылымы

Дана халқымыздың күш жұмсамай-ақ, ірі іс-қимыл жасамай немесе пәтуалы сөз айтпай-ақ, бет-пішінімен, дене қимылымен үнсіз отырып-ақ ойды, пікірді айқын танытып, істі бітіре салатын құдіретін көрсететін әңгімемен танысуды ұсыну.


Шоң мен Ақтайлақ билердің емеурін-ыммен «сөйлесулері»

Уақ елінің мықтылары Сүйіндіктен барымтамен жұз жылқы алдырыпты. Осы себепті екі елдің арасында дау туып, ақыры сөйлесе келгенде, екі жақтың басты адамдары келісімге келеді. Бірақ бұл келісім жасалғанда Шоң би жоқ екен. Екі жақтың шешіміне келіспей Шоңның өзі барады. Ақтайлақ деген атақты биінің үйіне түседі. Ақтайлақ кедей екен, амандықтан кейін: «Көрші ауылға барып келейін» деп кетерде әйеліне:

Едігенің Шоңы келді,

Бұрынғының соңы келді.

Қазаныңа ас сал,

Аз болса көбейт,

Көп болса азайт, - дейді.

Көрші ауылдагы саудагерлердің жаңа киіз үйін ас-ауқатымен ала келіп Шонды екі күн қүрметтеп күтеді. Бұл уақытта екі жақтың арасында ешбір сөз болмайды.

Үшінші күні Шоң қайтатын болды. Ақтайлақ құрметтеп, шығарып салады. Біраз жерге дейін еріп барып Ақтайлақ тоқтап:

- Шоң, Шоң! - деп дауыстайды.

Шоң жалт қарайды. Ақтайлақ қолын көпке бір сілтейді, көкке бір сілтейді де, ерінің қасын ұрады. Екі би түсінісіп дау осы ишаратпен бітеді. Жанындағылар емеурінді түсінбей сұрағанда, Шоң былай деп шешіп берген екен:

- Ақтайлақ бидің жұмбақтап әйеліне айтқан сөздері: «Бір біткен билікті бұзып, өзің келдің, енді өзің айт шешімін, «Қазанға ас сал, аз болса көбейт, көп болса азайт» дегені - бұрынғы кесімді кеміт дегені. Ал ат үстінде тұрып қолымен ымдағаны -менің тұрмысымды көкте құдай білсін, жерде екеуміз-ақ білейік, кедейлігімді ешкімге айтпа дегені, - депті.

Қазақтық шешендік сөздері

Жаттыгу, сергіту

Тапсырмаларды орындату мақсаты: ұлагатты сөздер, мақал-мәтелдерден үлгі-өнеге, тәлім алып, оларды өз өмірлерінде жүзеге асыруына багыт-багдар беру.

1-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелдерді толықтырыңыздар және өздеріңіз білетін салт-дәстүрге байланысты мақалдармен, нақылдармен, ұлағатты сөздермен осылай жалғастырыңыздар.

  • Салт-сана, дәстүр - , ғұрып -

  • Ата жолы - адамдық,

  • Ана жолы —.............

  • Әдепті дегенше........ десейші.

  • Ағадан - ақыл, данадан -

  • Атадан - пейіл, Анадан - , баладан -


2 тапсырма «Бүгінгі сабақтан не ұқтық?» ойыны арқылы сабақты қорытындылау. Әркім өзінің таңдаған рөліне байланысты іс әрекет жасайды.


«Бүгінгі сабақтан не ұқтық?»

Тілші

Сұхбат беруші

Сарапшы

Сұрақ береді

Жауап береді

Жинақтап, қорытады.



Қорытындылау.

Халқымыздың ғасырдан-ғасырға мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін сақтау, оларға жаңаша рең беріп, жаңгыртып отыру өркениетке барар жолда біздің ұлттығымызды білдіретін бірден-бір жол, сондықтан әрбір адамның міндеті — жаксы нәрселерге әдеттену.

Халықтың салт-дәстүрі әрбір адамның әдетінен басталады. Олай дейтініміз әдет қайталана берсе әдепке айналады. Ал сол әдепті қауым боп, қоғам боп жиі қайталайтын болса, онда ол халықтың салт-дэстүріне айналады. Ойлап отырсақ, әрбіріміздің салт-дәстүрдің қалыптасуына қосатын үлесіміз бар. Сондықтан да қолымыздан келгенше жақсы нәрсеге әдеттенейік. Өйткені озық дәстүрлер мәңгі жасайды. Демек, сол дәстүрлерді тудырған ұлт мәңгі есте қалмақ.


«Жүректен жүрекке» шеңбері

Оқушылар композитор М.Ілиясовтың ақын Ж.Боранбаевтың сөзіне жазған «Қазақы дастарқаным» әнін тыңдап, бірге орындайды. Олар халкымыздың жақсы салт-дәстүрлерін қазақтың ақ дастарқаны сияқты кірлетпей, таза ұстап, сақтау қажеттігін, халыктың көңіліне ешқашан дақ түспесін деген игі тілекпен «Жүректен жүрекке» шеңберін құрайды.

«Қазақы дастарқаным»

Әні: М.Ілиясовтікі Сөзі: Ж.Боранбаевтікі

1.Бүгінгі ел ішінде

Дәстүрді жалғастырған,

Татулық белгісі ме?

Жағалай малдас құрған.

Қайырмасы:

Ей, менің асқар тауым!

Қазақы дастарқаным.

Өзіңсің бақ-берекем,

Ақ қайнар бастауларым.


  1. Анаға ақ пейілді,

Иілсе келін балаң.

Ықылас ізет еткен,

Сыйластық елін табам.


Қайырмасы:

Дәм татар талай ғасыр,

Ұрпақтар абайласын!

Кірлетпей таза ұстасын,

Халықтың шар айнасын.

Қайырмасы:


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
2028
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі