Киімдер.
Тәуелдік жалғау
Сабақтың
мақсаты:
Басқа,қолға,
аяққа,үстіге не киетінімізді айтқыза
отырып, жаңа сөздерді меңгерту. Киімдері
түсіне қарай ажыратып,қолдануға
үйрету.Тәуелдік жалғауды тақырып бойынша
қолдана білуге жаттықтыру.
Күтілетін
нәтиже:
Пәндік:
киім атауларын сөйлеу/сөйлесу барысында
орынды қолдана білу.
Тұлғалық:
жинақылық
,ұқыптылық сияқты жақсы қасиеттерге
ұмтылу.
Жүелік-әрекеттік:
сабақ барысында меңгерген белсенді
сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды
өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды
қолдана алу.
Сабақтың
типі:
жаңа білімді оқып-үйрену,еске сақтау
іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Белсенді
оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
СТО болжау,диалогтік әдіс,үнді таспа
тыңдау әдістері
Жұмыс
түрлері: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс,ұжымдық
жұмыс.
Тапсырмалар
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
|
Ұйымдастыру;кезекшімен
сұхбатасу;назарларын сабаққа
аудару;ынтымастық атмосферасын
ұйымдастыру
|
Оқу
құралдарын алып,сабаққа әзірленеді;
мұғалімнің сұрақтарына жауап береді
|
|
Сабақтың
мақсатымен,жүру тәртібімен
таныстырады,бағалау туралы түсінік
береді
|
Мұғалімді
тыңдайды.
|
Жұмбақ
шешу
|
Жұмбақ
жасырады.
|
Оқушылар
мұқият тыңдап, шешеді.Сабақтың тақырыбын
ашады.
|
Топқа
бөліну
|
Оқушыларды
екі топқа бөледі.
|
Оқушылар
топтарына ат қояды
|
Тақтада
ілінген суреттерге қарап,оқушылар
сұрақтарға жауап береді
|
-қызығушылықты
ояту;
|
Сұрақ-жауап;
|
Жаңа
сөздермен үлгі бойынша сөйлемдер
құрату
|
-мағнаны
таныту;
|
Жеке
жұмыс,жұптық жұмыс,ұжымдық жұмыс
|
|
-ой-толғаныс;
|
Жұптық
жұмыс
|
|
-баға
қою;
|
Топтық
жұмыс
|
|
-үйге
тапсырма беру;
|
Үйге
тапсырма алады
|
|
-рефлексия
(кері байланыс)
|
-рефлексия
(кері байланыс)
|
I
.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер
ме,балалар?
-Көңіл-күйлерің
жақсы ма?
Кезекшімен
сұхбаттасу.Балаларды түгендеу.
Өткен
сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.
ІІ
Үй тапсырмасын тексеру:
«Қ»
дыбысын және «қ» дыбысы кездесетін
сөздерді «к» дыбысымен салыстырмалы
түрде қайталау.
ІІІ
Жаңа сабақ:
-Балалар,қазір
жылдың қай мезгілі?
-Ауа
райы қандай?
-Жақсы,дұрыс
жауап бердіңдер.Ал енді мен жұмбақ
жасырайын, ал сендер жақсылап тыңдап,оларды
шешіңдер.
1.Қолы
бар,
Саусағы
жоқ.
Мойны
бар,
Басы
жоқ. Ол не? Жауабы :көйлек
2.Күні
бойы жүргізеді,
Үйге
де кіргізеді.
Бірақ,өзі
ізетті,
Босағада
қалып
Шығуымды
күтеді.
Ол
не? Жауабы: Аяқ киім
3.Іші-
егіс,
Сырты-
тегіс.
Жауабы:
тон
4.Адамның
сәні,
Онсыз
жоқ мәні. Жауабы:киім
5.Ерте
тұрдым да,
Қос
жолға түстім.
Жауабы:шалбар
6.Сырт
жағына зер жіппен,
Көз
тартатынкөрікпен.
Ою-орнек
бастырған,
Шалқасынан
тастаған,
Кәдімгі
сырлы тостаған.
Қойсаң
егер төңкеріп,
Төңірегін
көмкеріп,
Тостағандай
бос тұрған,
Киіз
үйден аумайды,
Басқұрменен
бастырған. (Тақия)
-Балалар,
сонымен жұмбақтарды дұрыс шештіңдер.Қалай
ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы
қандай?
-
Дұрыс таптыңдар, балалар «Киімдер».
Сабақтың мақсатын,жоспарын жариялау.
Балаларды
екі топқа бөлу.Топтарына ат қою.1топ
«Жаздық киім»;2-ші топ «Қыстық киім»
Сөздікпен
жұмыс
Аудиотаспадан
жаңа сөздерді тыңдап,қайталайды.Топпен,жеке-жеке.
Әр
топ суретке қарап киім атауын
атайды,аударады.
ІYЖаңа
сабақты бекіту:
Қызығушылығын
ояту
1.Киім
деген не?
2.Киім
адамға не үшін керек?
3.Киімнің
қандай түрлері бар?
4.Киімнің
адамға қандай пайдасы бар?
Екі
топ ой-пікірлерімен бөліседі,пікірлерін
дәлелдейді.
Грамматикалық
тапсырма
Мұғалім
оқушыларға «Есте сақта!»айдарында
берілген анықтаманы түсіндіреді.Орыс
тілімен салыстырады,дәптерлеріне
үлгісін балалар көшіріп жазады.Ауызша,жазбаша
тәуелдейді.
Әр
топтан бір оқушы шығып тәуелдейді.
Сергіту
сәті: « Ки,шеш ойыны»
(Балалар сырт киімдерін киіп, шешіп
жарысады).
Ой-толғаныс
кезеңі.
Топтық
жұмыс:
Әр
топ болашақта қандай киім үлгілері
болатынын ойлап,тұсаукесер арқылы
қорғау,әңгімелеу.
Y
Қорытындылау:
YІБағалау:
Оқушылар
бірін-бірі бағалайды,өзін-өзі
бағалайды,мұғалім бағалайды.
YІІҮйге
тапсырма беру:Жаңа
сөздерді жаттау.Киім үлгілерін салып
келу.
Кері
байланыс: Смайликтер
арқылы оқушылар өз пікірлерін жазып,тақтаға
іледі.