400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ тақырыбы: Менің досым. Адамның сырт келбеті мен мінезі. 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу
Материалдың қысқаша нұсқасы



ШҚО,Ұлан ауданы

«Каменка орта мектебі»КММ

Рамазанова Жауқазын Қайратбекқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақ тақырыбы:

Менің досым.

Адамның сырт келбеті мен мінезі.


СЫНЫП: 5

Қазақ тілі

Сабаққа негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу (5.О6.).

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Оқылым стратегияларын қолданып оқиды және ақпаратты таба алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқылым стратегияларын қолданып оқиды және ақпаратты саралай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнындағы ақпаратқа қатысты қосымша деректер келтіре алады, өз көзқарастарын ұсынады.

Бағалау критерийі:

-Оқылым стратегиясын қолдану арқылы мәтіннің мазмұнын түсінеді;

-Мәтіннен нақты ақпараттарды анықтай алады;

- Қосымша деректер ұсына алады.

-Айтылған ақпаратқа қатысты өз көзқарасын білдіре алады

Тілдік құзіреттілік

Адами қасиет, тәлім-тәрбие, достық, татулық;


Тілдік мақсат:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:достық, адал дос, қастық.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті.

Алдыңғы тақырып

Автокөліктер тарихы.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут



5минут

Қызығушылықты ояту.

«Ойымды жалғастыр» тренингі. «Менің досым қандай?».Оқушылар шеңбер болып тұрады.Шеңбер бойындағы оқушылар өз достарының бір қасиетін айтады. Осылайша шеңбердегі барлық оқушылар айтқанша жалғасады.

Топқа бөлу

Сынып оқушыларын мақал-мәтелдер жазылған қиындылар арқылы бөлінеді.


Shape5 Shape4 Shape3 Shape2

бол

берік

болсаң

Дос



Shape6 Shape7

Досынаа

таны.



Shape9 Shape8

жолдасын

қарап



Ітоп- Дос

ІІтоп -Жолдас














Сабақтың ортасы

6 минут



















5 минут












8 минут






























8 минут

Оқылым алды тапсырмасы «Миға шабуыл».

Топтық жұмыс

«Төрт сөз, бір ұғым» әдісін қолдану арқылы оқушылар сызбаны толтырады.







Shape10



Жанашыр Қамқор



Shape11

Достық



Shape12







Адал Жолдас

Сызбаны толтырған соң, оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Әр тапсырманың дискрипторы бойынша жұлдызша беріледі.

1-тапсырма «Броундық қозғалыс» стратегиясы бойынша ойын.

Топтық жұмыс

Топ оқушыларына параққа жазылған әртүрлі тақырыптағы сөздер беріледі.Оқушылар парақтағы сөздерден тақырыпқа байланысты сөздерді теріп алып, білім қоржынына салады.

2.Оқылым тапсырмасы. «Кестені толтыр» әдісі.

Оқушылар мәтінді сканерлік оқылым әдісі арқылы оқиды,тірек сөздер туралы нақты ақпарат алады.

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген шешен болыпты. Әйтімбет шешенге заман достары:

-Достық нешеу? –деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

-Достықтың екі түрі болады. Бірі –адал достық та, екіншісі-амал достық.

Дұрыс- ақ.Енді оларды қалай ажыратамыз?-дегендерге:

-Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады,-деп жауап берген екен Әйтімбет шеше

Сөз

Ақпарат

Дос

Екі түрі болады




Дескриптор:

-Мәтінді сканерлеп оқу әдісі арқылы теріп алған сөздердің қайсы мәтін ішінде кездесетінін анықтайды.

- Теріп алған сөздерге қатысты нақты ақпаратты анықтайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

3-тапсырма.Оқушылар өлеңді детальды оқылым әдісі арқылы оқып,қосымша ақпаратты табады.

Адал, амал достық туралы қандай ақын, жазушылардың шығармаларын білесіңдер?

Оқушыларға қосымша ресурстар беріледі. Абайдың «Дос туралы», Сәкеннің «Сыр сандық» өлеңдерінен үзінді беріледі оқушылар осы үзінділерді детальды оқып, қосымша деректерді анықтайды.

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,

Алдамаған кім қалды тірі жанда?

Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім.

Жалғыз-жарым болмаса анда –санда

Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда.

Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда ( Абай)

Шырқ айналар шіркін тауық

Жемің болса қолыңда

Қайдағысы сені тауып

Топырлайды жолыңда

Досыңмын деп ант береді

Жем іздеген жанама ( Сәкен)

Дескриптор:

1.Өлеңді детальды оқиды.

2.Қосымша ақпаратты таба алады.























































Әр тапсырманың дискрипторы бойынша жұлдызша беріледі.

Кері байланыс


5 минут

«Бағдаршам».

«Қызыл» - Оқылым статегияларын

қолдануды түсіндім.

«Сары» - Нақты ақпаратты таба

білдім.

«Жасыл» - Қосымша деректер ұсына алдым.

Оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгенін білу, бағамдау мақсатында бағдаршамға стикерлер жапсыртамын.



Ең жақын досыңа хат жазып келу.


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Тапсырмалар сараланып, оқушылардың қажеттілігіне байланысты алынды.Шиыршық қағидаты бойынша іске асырылады.

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгенін білу мақсатында бағдаршамға стикерлер жапсыртамын.

ҚЫЗЫЛ- Оқылым статегияларын

қолдануды түсіндім.

САРЫ- Нақты ақпаратты таба

білдім.

ЖАСЫЛ- Нақты ақпаратты таба

Білдім.

Әр оқушы жауап берген сайын қалыптастырушы бағалау жүріп отырады.


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Пәнаралық байланыс қазақ әдебиетімен байланыс жүреді.

Рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шараларытиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Менөз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Сабақ мақсаты оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырылып, сараланып жасалды,қол жетімді деп ойлаймын. Тапсырмалар дайындалғанда оқушылардың мүмкіндігі мен қажеттіліктері ескерілді, сонымен бірге оқушылардың тапсырмаларды орындау уақыты есепке алынды

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың оқылым кезіндегі тапсырмалары.

2:Сабақты бағалау.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақ мақсатының нақты қойылуы.

2:Сабақ критерийлерінің орынды қойылуы.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
996
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі