Материалдар / Сабақ тақырыбы: Отбасындағы өзекті мәселелер және оны шешу жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ тақырыбы: Отбасындағы өзекті мәселелер және оны шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың алдында кездескен қиындықтарды анықтауға арналған жаттығулар жүргізіледі. Кейінгі жаттығулар олардың шешілу жолдарын табуға көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Шілде 2022
375
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Отбасы тәрбиесіндегі өзекті мәселелер, олардың шешілу жолдары»

Мақсаты:

Бала тәрбиесінде ата-аналар мен балалар алдында кездескен қиындықтарды анықтау, олардың шешілу жолдарын табу.

Құрал-жабдықтар: видео ролик, презентация, кесте, сүлгі, Ақ қағаздағы бала мүсіні, түрлі-түсті қағаздан жасалған бала киімдері.


Сабақ барысы

Құрметті ата-аналар!

Сіздер әрқайсыларыңыздың өз білімдеріңіз, өз мінез-құлықтарыңыз, өмірге деген әр түрлі өз көзқарастарыңыз, әр түрлі тағдырларыңыз бар жеке тұлға болғанмен сіздерді біріктіріп, бірлестіретін – ол сіздердің балаларыңыз, қыздарыңыз бен ұлдарыңыз, жалпы алғанда сіздердің Отбасыларыңыз. Баламыз бақытымыз болу үшін және уақыты келгенде «Өмір ойдағыдай болды..» деп айту үшін не істеуіміз қажет? Ата-ана болу – бұл үлкен қуаныш, үлкен жауапкершілік, кейбір жағдайда өзіңді-өзің құрбандыққа шалу болып та табылады. Өмірде құнды нәрсенің барлығы қымбат тұрады. Соңдықтан балаларды да бұл заңдылықтан алшақ қарауға болмайды.

Отбасындағы жағдайдың бұзылуы баланың болашағының өзгеруіне өте маңызды. Кез келген отбасының өз ішінде мәселелері бар. Әрине отбасыны асырау үшін ата-аналар жұмыс істейді. Сол себепті ата-аналардың уақыты өте аз. Көшілік жағдайда осының әсерінен балалар ата-ана махаббатынан алшақ қалып жатады. Қандай жағдай болмасын, ата-ана алдындағы жауапкершілік үлкен. Сондықтан бүгін осы мәселені шешуге бір қадам болса да жасап көрелік.

Танысу жаттығуы

Құрметті ата-аналар! Сіздермен жақын танысу үшін өз аттарыңызды есімдеріңізді айтып, есімдеріңіздің қандай мағына беретіні, кім қойғаны жайлы қысқаша ой бөлісіп кетсек.

Жүргізушінің сөзі

Қазіргі таңдағы көпшілік ата-аналарға жетіспейтін іс – балаға көңіл бөлу. Ата-аналар тарапынан заман ағымына орай уақыттың жеткіліксіздігі, жұмыс бабы, ал кейбіреулерде бұл тіпті көңіл бөлмеу, мән бермеу болуы мүмкін. Бұл сұраққа көпшілік ата-аналар шектен тыс еркеліктің болмауы үшін деп ақталуы мүмкін.

Видеоролик тамашалау

Бұл бейне көрініспен қаншалықты келісезіздер?

Жалпы шынайы өмірде осындай оқиғалар болады ма?

Сіздің өмірлеріңізде қара жәшіктің рөлі қандай?





«Балалыққа саяхат» жаттығуы

Мақсаты: ата-аналарға баланың өмірінде сенімді ата-анасыңың болуының қаншалықты маңызды екенін, болашақтағы өмірінің дұрыс қалыптасуына деген сенімділігін арттыруға көмектесу.

Көздеріңізді жұмып, аяқатрыңызды жерге нық басып, ыңғайлы формада отырамыз. Өз демімізді реттеуге тырысамыз. Қол аяқтарыңыздың ауырлығын сезініңіздер. Ақырын ескен самал желі сізді балалық шағыңызға әкетіп барады. Көктемнің жайма шуақ күндерін есіңізге алыңыз. Сіздің жас шамаңыз 5, 6, 7 жас шамасында. Сіз жол бойында келе жатырсыз. Үстіңіздегі киген киіміңізге көңіл бөліңіз. Көңіл-күйіңіз өте тамаша, жаңыңызда ең жақын адамыңыз бар. Қараңыз ол кім. Сіз ол адамның қолынан ұстап, алақанының жылылығын сезесіз. Кейін қолын жібересіз, көңілді күймен алға қарай жүгіріп кеттіңіз. Жақын адамыңызды тосып тұрсыз. Ол адамның тағы да қолынан ұстадыңыз. Кененттен сіз күлген дауысты естідіңіз, басыңызды көтеріп қарағанда мұлдем жат басқа адамды көрдіңіз. Сіз артыңызға қарайлайсыз, ал сіздің жақын адамыңыз артыңызда қарап, күліп тұр. Сіз жүгіріп қайтадан өз жақын адамыңызға барасыз, қолынан ұстап, әрі қарай жақыныңызбен болған оқиғаны еске алып күліп барасыздар. Сіздерге қайтадан бөлмеге оралу қажет. Дайын болған уақыттарыңызда көздеріңізді ашсаңыздар болады.

Жүргізуші: ақпараттық блог

«Қабылданатын және қабылданбайтын жауаптар» жаттығуы

Қатысушылар өз араларында екі топқа бөлінеді. Бірінші топ арнайы даярланған кестеден «Қабылданбайтын жауаптарды », ал екінші топ ата-аналары «қабылданатын жауаптарды» жазулары қажет.


Баланың

сұрақтары

Қабылданбайтын жауаптар

Қабылданатын жауаптар

Мысалы:

Мама маған сатып берші....

Мен сенің ананы - мынаны алып берші деген өтініштеріңнен әбден жалықтым!

Мен саған ол затты қатты алып бергім келіп тұр, бірақ дәл қазір менің ақшам болмай

Тұр.

Саған барлығын істеуге болады, ал маған неге болмайды?



Күн суық болса да сырт киімімді киеймін!



Неге мен қоқысты жинауға міндеттімін?



Мен ұйықтамаймын, ұйқым келмейді



Мен мына тамақтағы сарымсақты мүлдем жегім келмейді?



Кітапты дауыстап оқығым келмейді




Талқылау сұрақтары. Ата-аналар өз ойларымен бөліседі.


«Өмірлік өрнектер» жаттығуы


Қатысушыларға ақ қағаз немесе сүлгі ұсынылады.

Тапсырма: Сүлгіні бүктеп, әр бүккен сайын бір бұрышын жырту қажет. Нәтижесінде түрлі өрнектерді көруге болады.

Талқылау сұрақтары. Ата-аналар өз ойларымен бөліседі.

«Мінсіз бала мүсіні» жаттығуы

Ата-аналарға арнайы дайындалған бала мүсіні беріледі. Бұл балаға алдын-ала дайындалған киімдерге бүгінгі сабақтан алған пайдалы әдістерді жазу арқылы киіндіру қажет.

Кері байланыс

Кездесу сіздерге несімен ұнады?

Кездесуде не нәрсе сіздерге ұнамады?

Кездесу жайлы өз ойларыңыз?

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!