Сынып: 6
Тақырыбы: Өзендер
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көл, өзен және
оның негізгі элементтері, шоңғалдар мен сарқырамалар жайлы
ұғымдарын қалыптастыру; жер бедері, тау жыныстары мен өзен ағысы
сипатының байланысын түсіндіру; өзендердің суға толығуы және
өзендерді шаруашылықта пайдалану туралы түсінік беру; өзенге
сипаттама беру тәсілін меңгеру. Оқушылардың экологиялық білімдерін
жетілдіруге ықпал жасау.
Дамытушылық: Кескін картаға өзендер арқылы
оқушылардың карта, глобус, кескін карталармен жұмыс істеу
біліктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта
пайдаланылуы туралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау
мәселелерін қарастыру.
Сабақтың
түрі: ашық сабақ
Сабақты ұйымдастыру
формасы: фронтальді, топпен,
жеке
Сабақты жүргізу
әдіс-тәсілдері: репродуктивті,
проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас,
«Өзен аңғарларының көлденең қимасы» суреті
Номенклатура: Ертіс, Миссисипи, Конго,
Енисей, Еділ, Амазонка, Амур, Каспий, Арал, Байкал, Зайсан,
Бурабай, Шарбақты
Сабақтың кезеңдері:
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
|
1.Ұйымдастыру бөлімі (3
мин)
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)
|
6-сынып
География пәнінен §39,40,41 бойынша арналған тапсырма
|
№
|
Сұрақтары
|
Иә
|
Жоқ
|
|
1
|
Күн жүйесі планеталарының ішінде
тек Жерде ғана су сұйық күйде таралған
|
+
|
|
|
2
|
Жоғары көтерілген су булары
салқындап, бұлт түзеді
|
+
|
|
|
3
|
«Жылу қорының жинаушысы» құрлық
|
|
+
|
|
4
|
Дүниежүзілік мұхит суының беткі
орташа температурасы 17,5°С
|
+
|
|
|
5
|
Су құрамындағы еріген тұздар судың
қатуына кедергі жасайды. Сондықтан судың тұздылығы жоғарыланған
сайын, оның қату температурасы төмендейді.
|
+
|
|
|
6
|
Цунами таулы аймақтарда жиі
кездеседі
|
|
+
|
|
7
|
Ең жылы ағыс Перу ағысы
|
|
+
|
|
8
|
Теңіз деңгейінің тұрақты қайталанып
көтеріліп, төмен түсуін толысу және қайту дейді
|
+
|
|
|
9
|
Цунами жер сілкіну орталығынан
сағатына 900 км жылдамдықпен тарайды
|
|
+
|
|
10
|
Ағыс тудыратын басты себеп- күннің
көзі
|
|
+
|
|
Оқушылар тапсырманы жазбаша орындайды. Сағат тілімен бірін-бірі
бағалап, ең көп балл жинаған оқушыны анықтап, топтың көс басшысы
етіп тағайындайды. Сайланған оқушы сабақ бойы белсене қатысқан
оқушыларды қадағалап, сабақ соңында бағалайды.
|
|
3.Жаңа тақырыпқа көшу
кезеңі
|
Оқушылар сабақтың басында мен сіздерді үш топқа бөлген едім сол
бөлген суреттерде нелер бейнеленген. «Су» қандай қабық? Оның
бөліктері нелер? Құрлық сулары деп біздер алдыңғы сабақта бөлген
болатынбыз? Құрлық суларына нелерді жатқызамыз? Картада иректелген
көк түспен боялған нелер? Бүгінгі тақырыбымыз §43 «Өзендер»
3минуттік Қазақстанның өзендері туралы видео ролик көрсетіледі.
|
Оқушылар сурет бойынша айтуы керек. Мәтінмен танысу үш топқа бөліп
беру, І-топ Өзен бөліктері
ІІ-топ. Шоңғалдар мен сарқырамалар
ІІІ-топ Өзендердің қоректенуі, шаруашылықтағы маңызы
|
|
4.Жаңа тақырыпты меңгерту
кезеңі
|
Әрбір топқа мәтінде берілген бөлімдер бойынша талдау. Топтар бірін
біріне сұрақтар қояды.
|
Бөлінген бөлім бойынша постерлерін қорғау
|
|
5.Жаңа тақырыпты бекіту
кезеңі
|
Жұмбақтар:
Кәне бәрің ойлаңдар,
Бізде қандай өзен бар?
Он өзеннің ішінен,
Бес өзенді таңдаңдар.
(Волга, Іле, Жайық, Днепр, Қаратал, Лена , Дон , Сырдария,
Конго, Ертіс)
Басталар жерін не дейді?
Құяр жерін не дейді?
Оң және сол жағаны
Қалай қарап біл дейді?
(Өзеннің бастау, сағасы, оң және сол салалары)
|
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді
|
|
6.Сабақты қорытындылау
кезеңі
|
Эссе
жазу « Өзеннің экологиялық жағдайы»Мұғалім сабақты қысқаша қорытып
шығады. Мәтінде кездескен номенклатураларды атау. Рефлексия жаңа
тақырып бойынша кім қаншалықты түсінді ілінген суреттерге стикерлер
ілу
|
|
|
7.Бағалау кезеңі
|
Сабаққа белсенді қатысып отырған және қорытынды жасай алған
оқушыларға жоғары баға қойылады.
|
Бағаланады
|
|
8.Үйге тапсырма беру
кезеңі
|
§43.
Кескін картаға материктерде орналасқан өзен және сарқырама
атауларын түсіру. Ніл, Ертіс өзендері және Анхель сарқырамасы
туралы қосымша мәлімет жазу
|
Күнделіктеріне жазу
|