Материалдар / Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері. 1 курс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері. 1 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Әскери іс негіздерін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері мен Әскери анттың талаптарын білу. Әскери анттың əскери қызметкерлерге қоятын талаптары және әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы мен міндеттерін ұғындырып,оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2021
865
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

    

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – мемлекеттік қауіпсіздіктің кепілі

Педагогтің аты-жөні

Қалиев А.Қ.

Күні:


Курс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Әскери іс негіздерін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері мен Әскери анттың талаптарын білу. Әскери анттың əскери қызметкерлерге қоятын талаптары және әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы мен міндеттерін ұғындырып,оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздермен танысу және олардың азамат (әскери қыз-метші), қоғам мен мемлекет үшін маңызын түсіну; әскери ант мәтінімен танысу, әскери қызметтің өнегелілік және

кәсіптік талаптарын түсіну.Әскери бөлімнің жауынгерлік туы. Әскери анттың əскери қызметкерлерге қоятын талаптары және әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы мен міндеттерін ұғындырып,оларды құрметтеуге тәрбиелеу.



      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру сәті

Оқушыларды түгендеу, амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы

20 мин.

Патриотизм – азаматтардың, әсіресе жастардың өз Отанын қалтқысыз сүюі мен оны қорғауға әрқашанда дайын болуы, туған жерге деген терең перзенттік махаббат. Шынайы патриотизмді қалыптастыру – жеке тұлғаның нық саяси тұрғыда өзін - өзі нақты айқындау деген сөз. Оны мемлекет туына, елтаңбасына, әнұранына құрметпен қарауға, заңға бағынуға, үкіметті сыйлауға тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала жасынан: «Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

әскери патриоттық тәрбие дегеніміз:

  • адамдардың Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

  • өзінің азаматтық парызын терең түсінуді дайындау;

  • халықтың жауынгерлік дәстүрі мен оның қарулы күштеріне деген адалдық;

  • әскери және әскери – техникалық білім мен дағдыларды меңгеру;

Әскери – патриоттық тәрбие халықтың жасына, кәсібіне және де басқа ерекшеліктеріне қарай әр түрлі деңгейде жүргізіледі.

Әскери ант

Алғаш рет әскери қызметке алынған, бұрын әскери қызмет өткермеген, әскери жиынға алғаш рет шақырылған ҚР-ның азаматы ҚР-ның Мемлекеттік жалауының және әскери бөлімнің жауынгерлік туының алдында әскери ант қабылдайды.

Әскери ант – мемлекеттік маңыздылығы зор құжат.

ҚР Президентінің 1992жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен бекітілген және заң күші бар.

Әскери антты - толықтыруға келген жауынгелер мен матростар, тиісті бағдарламадан өтіп, жауынгердің негізгі міндеттерін, әскери анттың мәнін, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының, әскери тәртіпті жете білгеннен соң, әскери бөлімге келген күннен бастап екі айдан кешіктірмей қабылдайды.

Әскери антты қабылдау уақыты әскери бөлім командирінің бұйрығымен жарияланады.

Тағайындалған уақытта әскери бөлім салтанатты сапқа тұрады. Әскери антты қабылдаушы әскери қызметшілер бірінші саптарда болады. Әскери антты қабылдаушы әрбір әскери қызметші бөлімше сабының алдында әскери анттың мәтінін дауыстап оқиды, одан соң арнайы тізімге өз қолын қояды да, саптағы өз орнына тұрады.

Әскери ант қабылдау салтанаты аяқталған соң, әскери бөлімнің командирі бүкіл бөлімді жаңа толықтырумен құттықтайды, бұдан соң оркестр ҚР-ның мемлекеттік әнұранын орындайды.

Мемлекеттік әнұран орындалған соң, әскери бөлім саптық байқау үшін салтанатты шерумен өтеді.

Әскери антты қабылдау күні осы бөлім үшін жұмыс күні емес болып табылады және мереке күні ретінде өтіледі.

ҚР Президентінің Жарлығы және Қорғаныс министрлігінің бұйрығына сәйкес, бір жылда екі рет белгіленген мерзімде қызмет атқарған жауынгерлер өз бөлімшелерімен қоштасады, олардың орнына жаңа толықтырма келеді. Әскери шеберлікті игеріп, Достастық мемлекеттер мен Қазақстан халқының бейбіт еңбегінің қорғаушысы болу үшін, жауынгерлердің жас толықтырмасы аға буындардың жауынгерлік эстафетасын қабылдап, оны абыроймен алып жүруге, жауынгерлік дәстүрді барынша өркендетуге, Отан қорғаушылардың абыройы мен жауынгерлік даңқын қастерлеуге шақырылып - әскери антты қабылдайды.

«ҚР ҚК және қорғанысы туралы» заңында Отанды қоғау мен Республиканың ҚК-інде қызмет ету – Отан алдындағы ҚР азаматтарының конституциялық міндеті және борышы болып табылатыны көрсетілген.

«ҚР ҚК және қорғанысы туралы» заңында үкімет және басқару органдарының өкілеттілігі, ҚК-ді басқару және қорғаныс саласындағы азаматтардың міндеттері мен құқықтары баяндалады. Заңға сәйкес ҚР-ның азаматтары өз мемлекетінің мүддесін сақтауға, оның қуатын нығайтуға, Отанды қорғауға өзін дайындауға және ҚР-ның заңдылықтарында қарастырылған қорғаныс мақсатындағы басқа да міндеттерді орындауға міндетті. Республикадағы әскери қызмет атқарудан бас тартқан азаматтар заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Қазақстанның әрбір азаматы үшін ар - намыс мәселесі дегеніміз – халық алдындағы өзінің конституциялық міндетін орындауы, оның бейбіт кезде жасампаз еңбегін сенімді қорғауда бөлімдер мен бөлімшелердің ұрысқа дайындығын барынша нығайту болып саналады.

Әскери ант мәтіні Конституция мен ҚР-ның заңдарын, әскери тәртіпті қатаң сақтауды, әскери жарғыларды, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын мүлтіксіз орындауды, адал да ержүрек және қырағы жауынгер болуды, Қазақстанның жарқын болашағы үшін берген сертін есіне ұстап, оның мемлекеттік мүддесімен тәуелсіздігінің лайықты қорғаушысы болуды талап етеді.

Әскери абырой – жауынгердің тек өзіне деген адамгершілік қатынасы ғана емес, сонымен бірге оған деген әскери ұжымның және бүтіндей қоғамның қатынасы.

Әскери ар-намыс - әскери қызметшінің тәртібін, әскери ұжымға қатынасын, әскери борышты орындауын сипаттайтын оның ішкі ізгілік қасиеті.

Әскери қызметшінің моральдық - саяси, жауынгерлік қасиеттері - әскери антқа адал болу, ержүректік, қырағылық. Ең негізгі талаптың бірі – адал болу. Бұл кездейсоқтық емес. Адамнан адалдықты, шындықты талап ететін армиялық заң ғана емес. Тек адал адам өз мемлекетінің қауіпсіздігін, оның қорғаныс қабілеттілігінің нығаюы үшін күреске белсене қатынасады.

Ант қабылдаған кезінде, жауынгер ержүрек батыл болуға ант береді. Ал батырлық ерлік дегеніміз не? Батылдық, ерлік дегеніміз – жауынгердің ең қиын, қауіпті жағдайларда да өз өмірі үшін қорқыныш сезімін жеңіп, өз Отанын қорғау үшін ерлік жасауға барғаны. Егер поста тұрған жауынгер өз міндеттерін нақты орындап қырағылық танытса, постқа шабуыл жасау жағдайлары болмайды.


ҚР ҚК-нің әскери нышандары ҚР Президентінің 1996 жылғы 18 шілдедегі №3068 Жарлығымен бекітілген.

ҚР ҚК-нің әскери нышандары мыналар: ҚР ҚК түрлерінің жалаулары, ҚР ҚК-нің әскери бөлімдерінің Жауынгерлік тулары

ҚР-ның азаматтары, сондай – ақ ҚР аумағында тұрып жатқан адамдар ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік туларын және ҚР ҚК-нің нышанын құрметтеуге міндетті.

ҚР-ның жауынгерлері, сондай – ақ әскери жиындарға шақырылған азаматтар ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік туларын және ҚР ҚК-нің нышанын құрметтеуге, ұрыста жауынгерлік туларды жанқиярлықпен және ерлікпен қорғауға, қарсыластың оларды тартып алуына жол бермеуге міндетті.

ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік тулары мен ҚР ҚК-нің нышанын қорлаған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жазаланады.

ҚР ҚК нышанының ортасында күн және бес жұлдыз астында шарықтаған бүркіт бейнесі салынған.

ҚР ҚК-нің нышаны екі түсті: қызыл қоңыр және алтын түсті, ол ҚР қорғаныс министрлігінің ғимаратында сақталады.

ҚР ҚК нышанының бейнесі: ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимаратында, ҚР ҚК түрлерінің штабтарында, ҚР ҚК –нің құрамалары, бөлімдері, бірлестіктері, әскери оқу орындары мен мекемелерінде; ҚР Қорғаныс министрі кабинетінде; ҚР Қорғаныс министрлігі алқасының мәжіліс залдарында және ҚР ҚК түрлерінің әскери кеңестерінде, офицерлер үйлері мен жауынгерлер клубтарының мәжіліс залдарында орнатылады.

Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы – оның ҚР ҚК –не жататындығын көрсететін ерекше құрметті белгі.

Жауынгерлік тудың өлшемі: ұзындығы 145 см, ені 115 см.

Матаның жоғарғы шетінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», төменгі шетінде «ОТАН ҮШІН» деген жазу тігілген. Матаның сыртқы жағында жоғарғы шетінде «МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК» орталығында күн мен сәулелері және қалықтаған бүркіт бейнеленген қызыл-күрең түсті жібектен бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың астында әскер бөлімінің нөмірі мен аталымы тігілген.

Жауынгерлік ту әрқашан өз бөлімімен бірге жүреді. Әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамы ұрыста өздерінің Жауынгерлік туын жан аямай қорғауға міндетті, оны қарсыластың тартып алуына жол бермеу керек.Жауынгерлік туды жоғалтқан жағдайда – мұндай абыройсыздыққа тікелей жауапты әскери бөлім командирі мен әскери қызметшілер сотқа тартылып, әскери бөлім таратылады.





Сабақтың соңы

5 мин.

Үй тапсырмасы: 21- 30 бет

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары қандай?

  • ҚР ҚК-нің әскери нышандары туралы айт. Олар неге арналған?

  • Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы дегеніміз не? Әскери ұжым үшін оның маңызы қандай? Ол туралы түсінігіңді айтып бер.

- ҚР ҚК туларының түстерін суреттей отырып айтып бер.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!