жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ тақырыбы: Сүзбеден әзірленген тағамдар
Тақырыбы: Сүзбеден әзірленген тағамдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сүзбеден әзірленген тағамдарға қойылатын талаптар бойынша түсінік беру.
Тәрбиелік: Ғылым мен техникалық жетістіктерін падалана білетін, жаңашылдыққа талпынатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Дамытушылық: Пән бойынша өндірістік және ұйымдастырушылық қызметін, құрылымын тәжірибеде қолдана білуді үйрету және дамыту.
Көрнекілігі: оқулық
Сабақ түрі: кіріспе теориялық
Сабақтың әдісі: мәтінмен жұмыс
Пән аралық байланыс: жабдықтау, тауартану
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа білімді хабарлау
IV. Сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру:
1) Берілген тақырып бойынша мәтінді оқу, және көшіру.
2) Қосымша сұрақтарға жауап жазу.
Жаңа білімді хабарлау.
Сүзбенi айраннан әзiрлейдi. Ол үшiн айранды кенептi қапшыққа құяды да, одан ағызады. Қалған қою масса сүзбе болып табылады. Одан кейiн сүзбеге кiшкене тұз салады. Қазақтар сүзбеден құрт жасайды.
Кейбiреулер мұны қатық деп атайды. Сүзбеден қазақтар құрт жасап, оны ет тағамдарына астатым ретiнде қосып пайдаланады, тың түрiнде де қолданады.
Қазақ халқының өзіне ғана тән және сирек әзірленетін тағамдарының бірі-"сүзбе". Сүзбе сүзу үшін айранды ұйытып, соны кәдімгі қапшыққа құйып, жоғары іліп қояды. Осы жерде айранның суы әбден ағып болып, қап түбінде айранның маңызы,яғни қоюы ғана қалады. Оны шұңғыл шараға құйып алып әбден араластырады да тұз салады. Сүзбе әдетте күн суыған кезде,қыста дайындалады. Оның ащылау әрі қышқыл дәмі тәбет ашады. Дастархан үстіне дәмін алуға немесе сорпаға қосып ішсе астың құнын, сапасын арттырады. Сүтке, қайнаған суға езіп ішсе, шөлді тез басатын қасиеті де бар.
Сүзбе, негізінен, қысқы азық ретінде дайындалатын тағам. Оның екі түрі болады. Біріншісі- қатық сүзбе. Ал сүзбенің екінші түрін құрт сүзбе деп атайды.
Сүзбе – ең ежелгі азық-түліктердің бірі, ол барлығынада пайдалы. Сүзбе тағамдары тағамдық құндылығы өте жоғары өнімдер болып табылады, себебі олардың құрамында ақуыздар (16,5%), майлар (18%дейін) (майлы сүзбе), органикалық қышқылдар (сүт қышқылы), минералдық заттар (кальций, фосфор); А, Е және В тобының дәрумендері бар.
Құрамындағы майдың мөлшеріне байланысты сүзбе майлы - 18 % май, майлылығы орташа - 9 % және майсыздандырылған - 0,6 % майы бар болып келіп түседі.
Сурет – 1 Сүзбе
Сүзбе–ең толыққанды азық-түліктердің бірі, оның құрамында 14%- дан(майлы) 18% - ға дейін(майсыздандырылған) толыққанды ақуыз (нег- ізінен – казеин), 0,6%- дан (майсыздандырылған) 18% - ға дейін(майлы) майлар болады.
Сүзбенің ақуыздары толық қанды, майлары сар қылмайтын қышқылдарға бай. Сүзбенің құрамында липотропты заттар бар - метионин, холин, лецитин, олар атеросклероз бен бауырдың май басуын алдын алады. Сүзбе ішектердің микрофлорасын қалыпқа келтіреді. Ол минералдық заттар мен А жəне Е, В6, В12, дəрумендерінің, биотина, рибофлавин жəне т.б. қайнар көзі болып табылады.
Тағамдық құндылығын арттыру мақсатында сүзбеден жасалған тағамдарға жұмыртқа жəне т.б. азық-түліктер қосады. Мысалы, сырниктерге сəбіз бен картопқосқанкезде ақуыздар мен майлардың үлесі азаяды, бірақ тағамдық талшықтардың, минералдық заттар мен дəрумендердің саны ұлғаяды.
Сүзбенің ақуыздары өте маңызды таптырмас және басқамен ауыстыруға болмайтын аминоқышқылдар, олар өте тез әрі толықтай адам ағзасымен игеріледі. Сүт қышқылы ішек-қарын жолдарының микрофлорасына жақсы әсерін тигізеді.
Сүзбенің құрамындағы сүт қышқылдары мен майдың, таптырмас аминқышқылдардың, тұздар, кальций мен фосфордың болуы оны адам ағзасының дұрыс дамуына өте қажетті және емдік қасиеттерге ие тағам етеді. «Тыйым салуды білмейтін тамақ», «мінсіз өнім» - сүзбе тағамдарын осылай сипаттайды және бала, емдәм тамақтануында, жас өсіпірмдердің тамақтануында жиі пайдаланады.
Сүзбеден және сүзбе массасынан өндірістік мөлшерде салқын тағамдар (сүт қосылған сүзбе, қаймақ, қант, кілегей қосылған сүзбе) және ыстық тағамдар (варениктер, сырник, пудингтер) жасайды.
Майлы және майлылығы орташа сүзбені табиғи күйінде бірден тамаққа қолдануға ұсынады, ал майлылығы орташа және майсыз сүзбені – ыстық тағамдар даярлауға пайдаланады. Ыстық тағамдарды даярлау кезінде ас тұзынан даярлайды (10 г тұз 1 кг сүзбеге).
Әзірлеу алдында сүзбені қарап шығады, елеуіштен өткізіп езеді (өз мөлшерде), немесе езгіш машинадан өткізеді. Жоғалтулар массаның 2 % құрайды. Егер сүзбенің құрамында ылғал көп болса, онда оны таза тығыз матаға орап, престің астында сығады. Иісін жақсарту үшін сүзбеге үгілген цедра, ванилин қосуға болады.
Салқын тағамдарды даярау үшін тек пастерленген сүттен жасалған сүзбені пайдалануға болады. Жылулық өңдеу түріне қарай сүзбеден жасалған тағамдарды пісірілген, қуырылған және пешке пісірілген деп бөледі.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Сүзбенің тағамдық құндылығы қандай?
2. Сүзбені дайындау технологиясы қандай?
3. Құрамындағы май мөлшері бойынша қандай сүзбе өндіріледі?
4. Майлы және майлылығы орташа сүзбені қайда қолданады?
5. Майлылығы орташа және майсыз сүзбені қайда қолданады?
Үй тапсырмасы:
1) Берілген тақырып бойынша мәтінді оқу, және көшіру.
2) Қосымша сұрақтарға жауап жазу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген