400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ тақырыбы: Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ география пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 9 «ә» Күні: 22. 01. 2019ж


§35-36.Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері


Оқушылар агроөнеркәсіптің үшінші буыны болып табылатын тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің құрамы және орналастыру факторлары мен географиясы туралы оқып үйренеді.


  • Оқушылар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің құрамын біледі.

  • Өнеркәсіптерді орналастыру факторлары мен географиясы туралы айта алады және картадан көрсете біледі.

  • Еліміздегі жеңіл және тамақ өнеркәсібі және оның болашағы туралы өз ойларын жеткізе алады.


  • Ашық сұрақтар

  • Баламалы тест

  • Ой қозғау

  • ББҮ әдісі

  • Топтық жұмыс

  • Толықтыру тесті

  • Оқулық тапсырмаларымен жұмыс

  • Екі жұлдыз, бір тілек


Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы оқулығы. Авторлары: В.Усиков, Т.Казановская, А.Усикова, Г.Зәбенова «Атамұра» баспасы. 2013 ж . §35-36. 241-250 бет.


Тарапта дидактикалық материалдар, Қазақстанның физикалық картасы, слайд, электронды оқулық.



Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сынып оқушыларын түгелдеу, сынып тазалығына, оқушылардың сабаққа дайындығына көңіл бөлу.


Мал шаруашылығы


Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

10 минут


«Мал шаруашылығы» тақырыбы бойынша үй тапсырмасы «ашық сұрақтар», «баламалы тест» арқылы пысықталады.

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша таратылған тапсырмалар орындап, тақтадан дұрыс жауабын өздері тексеріп отырады.


№1 тапсырма. «Ашық сұрақтар»

  1. Мал шаруашылығының құрамы (ірі қара, қой, жылқы, түйе, құс, марал, ара, балық, шошқа, құс, жібек құртын өсіру)

  2. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын орналастырудың негізгі факторлары (жемшөп базасы)

  3. Жемшөп базасын нелер құрайды? (жайылымдықтар, шабындықтар,азықтық дақылдар егістіктері)

  4. Қой шаруашылығының негізгі бағыттары (биязы және қылшық жүнді)

  5. Қазақ халқының дәстүрлі кәсібі (жылқы шаруашылығы)

  6. Марал шаруашылығының басты өнімі (бұғының жас мүйізі)

  7. Шөлді және шөлейтті зонадағы дамыған мал шаруашылығының түрі (түйе шаруашылығы)




№ 2 тапсырма. «Баламалы тест»

№

Мазмұны

Ия

Жоқ

1.

Жібек құртын өсіру мен балық шаруашылығы мал шаруашылығының құрамына кіреді

+


2.

Мал шаруашылығын орналастырудың негізгі факторы – еңбек ресурсы


+

3.

Қазақстандағы мал басының 3\5 бөлігі еліміздің Батысы мен Шығысында өсіріледі.


+

4.

Еділбай қойлары ең сапалы жүн маталарын алуға болатын ұзын, жіңішке біртекті жүн береді.


+

5.

Қаракөл қойларын өсірумен шұғылданатын негізгі аудан- Оңтүстік Қазақстан.

+


6.

Еліміздегі жылқылардың негізгі бөлігі Батыс пен Шығыста өсіріледі.


+

7.

Түйе саны бойынша Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарын ерекше атауға болады.


+

8.

Шошқа өсірудің негізгі ауданы- Солтүстік.

+


9.

Панталық марал шаруашылығы Алтайда, Бұқтырма өзені аңғарында пайда болды.

+


10.

Құс шаруашылығы – өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс істейтін ауыл шаруашылығының алғашқы саласы.

+


  • Оқушылар, тапсырмаларды орындап болсақ тақтадан дұрыс жауабын қарап тексерейік.

  • Жергілікті жердегі ауыл шаруашылығына салаларына мысал келтіру.

Ой қозғау.

  • Агроөнеркәсіптік кешен дегеніміз не ? (оқушылардың пікірі тыңдалады)


  • Оқушылар жаңа сабақты бастамас бұрын « ББҮ» әдісі арқылы агроөнеркәсіптік кешен туралы мәліметтерді еске түсірейік.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




«Білемін»

АӨК – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін және тұтынушының пайдалануына болатындай дайыын өнім дәрежесіне жеткізіп ұқсататын шаруашылықтың өзара байланысты салаларының жиынтығы.

АӨК құрамының негізгі буындары



І буын

Техника, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар

ІІІ буын

Тамақ , жеңіл

өнеркәсіптер

DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1

ІІ буын

Ауыл шаруа-

шылығы


















Ауыл шаруашылығының басты салалары

Өсімдік шаруашылығы

Мал шаруашылығы

Дәнді дақылдар:

-бидай, арпа, жүгері, кұріш, сұлы, қарақұмық, тары, қара бидай.

Техникалық дақылдар:

-мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, картоп.

Көкөніс:

- қызанақ, қияр, бұрыш, баклажан.

Бақша:

-қауын, қарбыз, асқабақ.

Бақ-жүзім:

-алма, алмұрт, жүзім, т.б.

Ірі қара, жылқы, түйе, қой, шошқа, құс, ара, бұғы, т.б.

20 минут

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижесі таныстырылады.

Оқушылар, жаңа тақырып бойынша кестеміздің «Білгім келеді» бағанын толтырамыз :

  • Жеңіл өнеркәсіптің салаларын;

  • Тамақ өнеркәсібінің салаларын;

  • Орналастыру факторлары мен географиясын.

Жаңа сабақты меңгеру үшін сыныпты 3 топқа бөліп топтық жұмыс жасаймыз. Топтар төмендегі тақырыптарда мәтінмен танысып, постер қорғайды.

1-топ. Тамақ өнеркәсібі

2-топ. Жеңіл өнеркәсіп

3-топ. АӨК-нің аумақтық орналасуы

№ 1 мәтін. Тамақ өнеркәсібі.

Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.

Мысал. Ақтөбеде «Туркуаз» ЖШС-нің өсідік майын шығаратын зауыты пайда болғаннан кейін облыстың көптеген шаруашылықтары өздерінде бұрын болмаған саламен – күнбағыс өсірумен аййналыса бастады. 2000 жылдан 2012 жылға дейін оның егістік жері 8 есеге ұлғайды.





Көптеген «тамақ өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құрал-жабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.

Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.





Мысалы , 1 т күнбағыс майын алуға 2-3 т күнбағыс дәні, ал май алуға 5-5,5 т мақта дәні қажет. Ондай кәсіпорындарды көбінесе шикізат өндіретін аудандарда орналастырады.


Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант өнеркәсібі (Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді.

Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан.Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.

Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкеніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе, Алматы облысында орналасқан.

Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.

Саланың басты кәсіпорны - «Атыраубалык» АҚ (Балықшы а.). Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді.

Тұтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді.

Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұксайды. Ең ірі кондитер өндірісі - Алматы мен Қостанайда, шай - Алматыда, макарон өнімдері - Петропавл қаласында орналасқан.

Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады.

Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау кеп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең «сүтті» аудандары - Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2 орындарды бөліседі. 

Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға - комбинаттарға біріктіріледі.

№ 2 мәтін. Жеңіл өнеркәсіп.

Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі.














Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары.

Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптін өнімі жөне өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді.

Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.

Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дәнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан алып, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояп, бетіне өрнек салады (әрлеу).

1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізаткөздеріне жақын орналастырылады.


Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе әрлеу фабрикаларында атқаруға болады. Бірақ ол көлік шығынын көбейтіп, дайын өнімнің бағасын қымбаттатып жібереді. Мақта-мата өндірісінің негізгі сатыларын бір комбинатта жинақтау тиімдірек болады.

Мақта-мата өнеркәсіптері  Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауыттары (олар 30-дай)  Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары

Оңтүстікте (Таразда  және т.б.) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай  мен  Семейде орналасқан. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.



Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркөсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр қуатына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары – Өтеген батыр (Алматы облысы),  Петропавл,  Рудный зауыттары.  Қостанайда,  Алматыда,  Таразда,  Ақтауда  аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді.

Жеңіл өнеркәсіптін, «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.


№ 3 мәтін. АӨК-нің аумақтық орналасуы.

АӨК географиясы табиғи, еңбек және экономикалық факторлар арқылы қалыптасады. Табиғи жағдайлар әр ауданның ауыл шаруашылық мамандануын анықтайды. Ол өз кезегінде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен тамақ өнеркәсібіне әсерін тигізеді.

Ауыл шаруашылық мамандануы еңбек қорларына байланысты. Олар тығыз орналасқан жерлерде еңбек көп қажет ететін, ал аз қоныстанған жерлере көп жұмыс күшін көп қажет етпейтін салаларды орналастыруға болады. АӨК жұмысында халықтың тарихи қалыптасқан дағдысы да үлкен рөл атқарады.

Ауыл шаруашылығы жеңіл және тамақ өнеркәсібімен тығыз байланысты, ал оның өнімін негізгі тұтынушылар – қалалар. Сондықтан АӨК орналасуының негізгі ұстанымы – шикізат өндіріп, оны өңдейтін және дайын өнімді тұтынатын ауандарды жақындастыру.

Қазақстанда АӨК-нің маманданған салалары астықты мал шаруашылығы (Солтүстікте), мақта өсіретін (Оңтүстікте), қой өсіретін (Батыс пен Орталықта) және т.б. шаруашылықтары орналасқан. Ең бастысы, олар табиғи зоналармен сәйкес келеді. Бірақ бұл сәйкестік үнемі тлық емес.

«Сен білесің бе?» айдарының мәтінімен 3-топ жұмыс жасайды

Кестенің «Үйрендім» бөлігін толтыру.

10 минут

№ 3 тапсырма. «Толықтыру тесті»

  1. Тамақ өнеркәсібі ----------- және ------------ ғана орналаспайтын сала.

  2. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор -  ---------және  ----------.

  3. Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде ----------- ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие.

  4. Еліміздің ең «сүтті» аудандары - ------------- пен ----------------.

  5. Ең ірі кондитер өндірісі - -------- мен ---------, шай - ------------, макарон өнімдері -  --------------- қаласында орналасқан.

  6. Жеңіл өнеркәсіп экономикадағы ең бір --------------сала болып есептеледі.

  7. Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан ------ және көбінесе --------- қызметінің саласы.

  8. Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, -------, ------- өңдеу болып табылады.


  1. Жеңіл өнеркәсіптін, «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - -------------.

  2. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары – ------- -----,  ----------,  --------- зауыттары.


«Толықтыру тестінің» жауаптары:

1.Тамақ өнеркәсібі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала.

2.Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. 

3. Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие.

4.Еліміздің ең «сүтті» аудандары - Солтүстік пен Оңтүстік.

5. Ең ірі кондитер өндірісі - Алматы мен Қостанайда, шай - Алматыда, макарон өнімдері - Петропавл қаласында орналасқан.

6. Ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі.

7. Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы.

8. Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады.

9. Жеңіл өнеркәсіптін, «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі.

10.Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары Петропавл, Рудный, Тараз зауыттары.



№ 4 -тапсырма. Оқулықпен жұмыс
1.Қазақстанның тамақ және жеңіл өнеркәсібі орталықтарының орналасуына

сараптама жаса.
- Шешуші әсер ететін факторлар.

- Тамақ өнеркәсібінің саласы.

- Негізгі орталықтар.

2.130-сурет пен «Мақта-мата өндірісі» картасына сүйене отырып,берілген жоспар

бойынша «Қазақстанның мақта-қағаз өнеркәсібі» деген анықтаманы орында.

3.Орташа Қазақстандық қалай тамақтанады? Кестеде келтірілген мәліметтерге талдау жаса. Негізгі азық-түлік өнімдерін пайдалануды ғылыми негізделген
мөлшермен салыстыр.

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Зерттеуде өзіндік үлесін бағалау;

3.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау.

4. Дидактикалық материалдарды сапалы орындауларына қарай бағалау.

Бағалау парақшасы . Оқушы өзін-өзі бағалайды.

Оқушының аты-жөні

«Ашық сұрақтар»

5 ұпай

«Баламалы тест»

10 ұпай

Топтық жұмыстағы үлесі (жоғарғы ұпай 5)

«Толықтыру тесті»

10 ұпай

Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар 10 ұпай







Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек »

2 минут

Үйге тапсырма беру. 1. §35-36. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау.

2.Тақырып соңындағы ізденуге берілген тақырыптар бойынша жұмыс










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
930
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі