15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ тақырыбы: Текстура мен материалдарды зерттеу.
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4В-бөлім: Қоршаған әлем |
Мектеп: |
||||||
|
Күні, сынып: 2
|
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Текстура мен материалдарды зерттеу. |
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.1.1.1 қоршаған ортаны зерттеу барысында кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелері мен формаларын анықтау 2.1.4.1 зерттеу, жазып алу, бақылау, елестету, сурет салуды үйрену кезінде өз идеялар мен сезімдерін әр түрлі тәсілдер арқылы шығармашылық түрде ұсыну және жеткізу |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Әр түрлі текстуралар мен материалдарды зерттеу; Тіршілік иелерінің текстурасын қарындашпен салу. |
||||||
|
Бағалау дескрипторлары
|
- әр түрлі текстураларды зерттейді; - материалдың құрамын анықтайды; - тіршілік иелерінің текстурасын анықтап зерттеу. |
||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен …… айта аласын ба?
|
||||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құрмет көрсету; Жұптық және топтық жұмыс барысында бір-бірлеріне құрмет көрсету; Еңбек және шығармашылық; Ынтымақтастық. |
||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, ғылымға кіріспе пәндерімен байланыс |
||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Презентацияны көрсету барысында АКТ-ны қолдану |
||||||
|
Бастапқы білім |
Қиялдағы әлемді зерттеу жұмыстары. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы 2 минут. |
Сабақтың басы. 2 минут. Сабақтың тақырыбын айту және мақсатын қою. Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Текстура мен материалдарды зерттеу»-деп аталады. Бүгін біз сабақта:
|
Оқушыларды сабақтың мақсатымен және тақырыбымен таныстырған кезде, презентацияның алғашқы бетін ашып қою. |
|||||
|
Сабақтың ортасы 1 мин 10 минут 8-10мин 15 минут |
Оқушыларға сұрақ қою:
/оқушылар 1-сыныпта алған білімдерін қолданады./
Оқушыларды жұптарға немесе шағын топтарға бөлу. Жалпы 5 жұп немесе 5 шағын топ құралуы тиіс. Әр жұпқа немесе топқа тарату материалында берілген карточкаларды таратылады. Олар: - түкті; - кедір-бұдырлы; - тегіс; - қауырсынды; - тікенекті. 1-тапсырма. Жұптар немесе шағын топтар өз араларында шашты, кедір-бұдырлы, тегіс, қауырсынды, тікенекті жануарлардың қандай болатынын анықтаулары тиіс.Оқушылардың алдарына А4 немесе А3 парақтары таратылады. Осы парақтарға оқушылар тікенекті жануарларды тізіп жазады және олардың неліктер тікенекті екенін анықтап жазады. Қандай тегіс жануарлар бар екендігін, шашты жануарлардың қандай болатынын анықтап толықтырып жазу. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң, әр топ немесе жұп сыныптастарына өздері зерттеп тапқан ақпараттарымен бөліседі. (таныстыру барысында әр топ немесе жұп мүшесінің қатысуын қадағалап отыру қажет). Бағалау дескрипторлары:
Берілген тапсырманы орындап болған соң оқушыларға презентацияда берілген жануарлардың суреттерін көрсету. 2- тапсырма. Шығармашылық жұмыс: Ормандағы, теңіздегі, таулардағы, шөл мен шөлейттердегі жануарлар мен құстардың сыртқы бейнелерінің текстураларын ұлғайтылған масштабта зерттеудің көптеген мүмкіндіктерін беру үшін үлгілер мен фотосуретті ұсыну қажет. Оқушылар сурет салуға арналған альбомдарында жеке шығармашылық жұмыс орындайды. Әр оқушы берілген шашты, тікенекті, қауырсынды, тегіс немесе кедір-бұдырлы жануарлардың текстурасын бейнелеп салады. Бұл тапсырманы орындау үшін 15 минут уақыт берілгендіктен, оқушылар осы уақытта қанша текстура салып үлгерсе, сонша жұмыс орындайды. Оларға келесі сабақтарда саз материал текстурасымен жұмыс істеу үшін, формаларына назар аударуы қажет. Оқушылардың назарын текстураға аудару үшін, ақ-қара материалдармен шектеген жөн. Мысалы, олар қарындашты, көмір қарындашын, бор немесе майлы түсті борларды пайдалана алады. Бағалау дескрипторлары:
|
Оқушыларды топтарға бөлу үшін, түрлі-түсті карточкаларды немесе жетондарды қолдану.
А3 немесе А4 парақтары, фолмастерлер немесе түрлі-түсті қаламдар.
Презентацияның екінші бетін ашу.
Презентацияның үшінші бетін ашу.
Презентацияның 4-5 беттерін ашу.
Презентацияның 6-8 беттерін ашу.
Презентацияның 9 бетін ашу. |
|||||
|
Сабақтың соңы 3 мин |
Рефлексия: Сөйлемдерді жалғастырыңыз. *Мен ........................................................... білдім. *Мен үшін ............................ қызықты болды. *Мен .................................................... қиналдым. Уақытқа байланысты сыныптың ішінен бірнеше оқушылардың жауаптарын тыңдау. |
Презентацияның соңғы беті. |
|||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған 06.04.2019 1720
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі | |||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген