жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ тақырыбы:Ойлау
Төле би атындағы №8 гимназия
Сабақ тақырыбы:
«Ойлау қабілеттерін дамыту»
Психология пәні мұғалімі:
Кулмаганбетова Ф.С
Сабақ: Психология
Сабақтың тақырыбы: Ойлау
Сабақтың мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыту
Міндеттері:
терең ойдың , ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
ойлай білу іскерліктерін дамыту;
дұрыс ойлауға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:ақ парақ, сабақ құралдары,суреттер
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер:Байқау, сұрақ-жауап, дамыта оқыту технологиясы
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабағымызды шаттық көңіл-күйде әнмен бастаймыз.Әнді қосылып айтып, шапалақ ұрғанда ішімізден айтамыз, шапалақ ұрғанда қайтып дауыстап айтамыз.
Болайықшы осындай
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Қ-сы
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым-ай
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам
2. Ойлау-оқу,білім алу,жазу т.б іс-әрекетте ең қажетті жоғарғы процесстің бірі.Ойлау арқылы сендер оқығандарыңды, естігендеріңді, көргендеріңді түсіне аласыңдар.Барлық іс-әрекет ойлаудың нәтижесінде жүзеге асады.Ақылды, парасатты, білімді болу үшін ойлау қабілетімізді дамытуымыз өте қажет.
3-жаттығу «Анықтама бер»
Мақсаты: Логикалық ойлауды жаттықтыру
Жаттығудың жүргізілуі: Балаларға бір таныс зат аталады да , мыс: «қарындаш» осы затқа нақты анықтама берулері тиіс. «Қарындаш» бұл жазу құралы, гравитті сия сауыты бар,ағаштан немесе пластмассадан жасалған.
1.Стақан бұл...............(ішуге арналған ыдыс, шыныдан жасалған)
2.Алма ағашы..............(алма өсетін ағаш)
3.Үтік бұл...............(үтіктеуге арналған тұрмыстық құрал)
4.Шам бұл............(жарықтандыруға арналған электрлі құрал)
5.Мұғалім бұл..........(адамдарды оқытатын адам)
4-жаттығу «Керісіншілер елі»
Мақсаты: ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру
жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады.Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды.(күн-нүк,көз-зөк,сан-нас).Аударылған сөздердің мағынасы болиауы мүмкін.Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.
5-жаттығу « Болады-болмайды»
Мақсаты:дұрыс ойлауды дамыту
Жаттығудың жүргізілуі:Балаларға сөйлем оқылады.Егер сөйлем орынды болса, балалар алақандарымен шапалақтайды, егер орынсыз болса,аяқтарымен жерді тарсылдатады.
Мыс: қасқыр орманда жүреді.Қасқыр ағашта отыр.Ит аспанда жүзіп жүр.Үй қыздың суретін салып отыр.Айман ойы жүйрік қыз.Асыл әрдайым бестік баға алады.
6.Сергіту сәті
Домбырам күмбірлеп, (Сол қолын жанына көтеріп,домбыра тартады)
Күй шерте аламын.
Бұрала би билеп ,(Екі қолын кезекпен көтеріп,би қимылдарын жасайды.)
Сурет те саламын.(Қылқалам ұстаған қимыл көрсетеді)
Ұқсатып кілемге (Ауада төртбұрышты сызады.)
Кесте де тігемін.(Ине ұстап,тігін тіккен қимыл жасайды.)
Актерше рөлде
Ойнай да білемін (Күліп ,қабағын шытып, әдемілеп,киімін қолымен шашын түзейді.)
Басым да мықты ғой,
Ойлай да білетін
7. Ойын-жаттығу
Балалардың өздерінің ақылды екендіктеріне сенімділігін арттыру үшін «Мен ақылды баламын,өйткені......» атты ойын-жаттығу орындалады.
мыс: мен ақылды баламын,өйткені ашуланбаймын
мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін,болмашыға ренжімеймін т.б сөйлеммен аяқтайды.
8.Мақал-мәтелдер.
Мұғалім адами қасиеттердің бірін атағанда,балалар соған қатысты мақал-мәтел,нақыл сөздерді айтуы керек.Олар: сабыр,ақылдылық,ар,намыс,шыншылдық т.б.Кім жылдам және көбірек айтса,сол жеңімпаз атанады.
Тапсырма: Екі топ кезектесіп, бір топ мақал-мәтелдің бастапқы бөлігін айтса, екінші топ осы мақалды жалғастыруы тиіс.
1.Ақыл тозбайтын тон ,.........(Білім таусылмайтын кен)
2.Білім арзан,..............(Білу-қымбат)
3.Ашу-дұшпан, ақыл-дос,.............(Ақылыңа ақыл қос)
4.Адам .............бай (ақылымен)
9 «Орныңды жылдам ауыстыр»
Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді . «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек.
10.Дәйексөз
Ойлану оңай,ал дұрыс ойлану-қиын
Тақтадағы ұлы Абайдың «Терең ой-асыл іс» деген нақыл сөзі бар.Адам ойлылығын іс-әрекетінен, ақылынан көруге болады.Адамның терең ойлы болуы оның өмірдегі кедергілер мен қиындықтарды жеңе білуіне көмектеседі.
11.Лингвистикалық ойлаудың даму деңгейі
1.Алдыңғы сөздің аяғы, соңғы сөздің басы болатын сөзді жаз.
Ақ(...)ғы шал
Сая(...)ташы бақ
Кей(...)жан бір
Мақ(..)мақ та
Ақ(...)ақ сұр
12.Шатастырған әріпті дұрыс оқып, артық сөзді алып таста
1. лама алма
еши шие
мұртал алмұрт
ақлам қалам
2.меткөк көктем
зүк күз
ысқ қыс
ықз қыз
3. гішрішө өшіргіш
сапқалма қаламсап
терпәд дәптер
терпек кептер
4. бінес сенбі
ұмаж жұма
ібнесбей бейсенбі
лаба бала
13. «Егер де жаттығуы»
1.Егер күн кенеттен жоғалып кетсе
2.Егер үлкендер балалаарға айналып кетіп, ал балалар ересектерге айналса
3.Егер барлық адамдар сөйлесе алмаса
14. «Дұрыс ойлауға жету баспалдағы»
1қадам -оқу, іздену
2 қадам-тыңдау, үйрену
3 қадам-терең ойлау
4 қадам-дұрыс шешім қабылдау
Сабақ қорытылып,оқушылар бағаланады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген