Моминова Эльмира
Амантурдыевна Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы
ауылы ГККП «ясли-детский сад
№1» Тақырыбы: «Ойын арқылы баланың ой-өрісін
дамыту»
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның
шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы
мүмкін емес».
(В. А.
Сухамлинский).
Мектепке дейінгі балалардың
жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат
мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет
феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді,
дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік
мәртебенің шартты екендігін
көрсетеді.
Мектепке дейінгі мекемелерде
адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі
іс-әрекеттер арқылы жүзеге
асырылады.
Ұлы педагог В.Сухомлинский
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық
мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің
ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи
түспек.
Олармен ойынның әр түрін
ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік,
жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал
балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен
таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген
сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты
адамгершілік сапалары
қалыптастырылады.
Ойын бала үшін — нағыз өмір.
Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал
жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті:
«Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды
тәрбиелеу деген сөз.» Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның
өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол,
бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен
тіршілікетеді». Ойын мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс -
әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері
қалыптасады. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды,
өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады,
адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл -
ойын парасаттылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру,
өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы
жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен
бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін
қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші
әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің
құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі
болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына
сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау
қабілетін арттыруға жағдай жасау мектепке дейінгі мекеме
педагогтарының негізгі міндеті.