400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ. "Тірі ағзалардың қасиеттері" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде 5 сыныптың жаратылыстану пәні бойынша мұғалімге арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3.

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Тірі ағзалардың қасиеттері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.2.1. тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау


Сабақтың мақсаты

Барлығы:

  • тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттерді атау;

Көпшілігі:

  • жер шарында түрдің сақталуына әсер ететін негізгі қасиетті білу;

Кейбіреуі:

  • өсі мен дамудың айырмашылығын айқындап, мысалдар келтіру;


Бағалау критерийі

  • тірі ағзаларға тән ортақ қасиеттерді атайды;

  • әрбір ортақ қасиетке мысал келтіреді;

  • өсу мен дамудың өзара айырмашылығын біледі;


Тілдік мақсаттар


Пән бойынша оқыту мақсаты:

тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау

Оқытудың тілдік мақсаты:

Оқушылар орындай алады:

  • тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау;

  • ортақ қасиеттердің тірі ағза үшін маңызын түсіну;

Пәнге қатысты лексика мен терминология: тітіркену, зат алмасу, қозғалыс, тыныс алу, қоректену

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер.....

Тірі ағзалардың құрылысы неден тұрады?

Ортақ қасиеттердің тірі ағза үшін мңызы қандай?


Құндылықтарға баулу

  • сын тұрғысынан ойлау;

  • жұптық тапсырмалар орындату арқылы жұмылып еңбек етуге баулу, бір шешімге келу;

  • жер бетіндегі тірі ағзаларға қамқорлықпен қарауға, оларға күтім жасауға баулу;


Пән аралық байланыс

Дүниетану - тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер;


Алдыңғы білім


Жалпы тірі ағзаларға тән негізгі ерекшеліктерді біледі


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

- Сәлемедесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларға алдағы жұмысқа сәттілік тілей отырып, позитивті психалогиялық ахуал тудыру.

- Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сұрақ: Барлық тірі ағзалар не істейді? (жеке, жұпта жұмыс)

Жауаптары тақтаға жазылады, осылайша оқушылардың берілген тақырып бойынша алдыңғы білімін шығарып аламыз.

Shape1















Сабақтың ортасы

20 мин

Әрбір жұпқа төмендегідей тапсырмалар беріледі:

1 - тапсырма. Суреттерге қарап, тірі ағзаларға тән қасиеттердің атауын және сипатын кестеге толтырыңыз.

Сурет

Қасиеттің атауы

Сипаты





















  • Дескриптор

Білім алушы

  • суретке қарап, қасиеттердің атауын жазады;

  • тірі ағзаларға тән қасиеттерді сипаттайды .


2- тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шық.

Жасуша – тірі ағзалардың бөліну қабілеттілігін сақтап, заттар мен энергия алмасуын қамтамасыз ететін ең кішкене бірлік өлшемі.

Зат алмасу – ағзаның өсуін, дамуын, тіршілік әрекетін, қоршаған ортамен тұрақты қатынас жасалуын реттейтін барлық химиялық процестердің жиынтығы. Ол бір-біріне қарама қарсы (анаболизм) энергия қабылдап, реакция синтезі жүретін және бір-бірімен өзара байланысты (катабализм) реакция ыдырап энергия босап шығатын 2 процестен тұрады.

Көбею – барлық тірі ағзаларға тән қасиет. Тіпті жоғары сатыдағы ағзаларды былай қойғанда көзге көрінбейтін микроағзалар ұрпақ қалдыру үшін екіге бөліну арқылы өте қарқынды көбейеді. Өсімдіктерде көбеюдің үш түрлі жолы бар: жынысты, жыныссыз, өспе мүшелері арқылы көбею.

Бейімделу (адаптация) - өсімдіктер мен жануарлар қоршаған орта жағдайына бейімделе алғанда ғана түрлерін сақтап қалады, сондықтан олар түрлі өзгерістерге ұшырайды.


Тапсырма:

  • Жоғарыда мәтінде берілген негізгі қасиеттерге мысал келтіріп, дәлелдеңіз.

  • Өсу мен дамудың бір-бірінен айырмашылығы қандай?


  • Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіндегі ақпаратты басшылыққа ала отырып, мысалдар келтіреді

  • өсу мен дамудың айырмашылығын сипаттайды..


3- тапсырма:

1. Жер бетіндегі ағзаларда ешқандай ортақ қасиет болмаса не болар еді?

2. Осы негізгі қасиеттердің ішінде қайсысы ең негізгі деп ойлайсыз, себебін түсіндіріңіз (эссе)


  • Дескриптор

Білім алушы

  • берілген сұраққа нақты әрі шығаршыл тұрғыда жауап берген;

  • тірі ағзалар үшін маңызын атап көрсеткен:




Оқулықты пайдалану

128 б.

Сабақтың соңы

20 мин

Кестені толтыр: Тірі және өлі организмдердің өзара айырмашылық және ұқсастық белгілерін атап көрсет.

Тірі организмдер

Ортақ белгісі

Өлі организмдер









Рефлексия "Бес саусақ"



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



  • Сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі;

  • Мұғалімнің қолдауы

  • Қарқын









  • Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;

  • Оқушылар өзара бағалайды;

  • Жұппен бағалау жүргізеді;



Биология кабинетіндегі тазалық ережелерін сақтайды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
12379
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі