Материалдар / Сабақ үдерісінде оқушылардың белсенділігін қалыптастыру мен өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету жолдары

Сабақ үдерісінде оқушылардың белсенділігін қалыптастыру мен өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сабаққа бар зейінін аударып, ықыласпен,ынта-жігермен тыңдауын ұйымдастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2020
364
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ үдерісінде оқушылардың белсенділігін қалыптастыру мен өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету жолдары

«Сабақ- мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы,-» дейді Сухомлинский.Сабақ-педагогикалық шығарма, оны түсіндіруден гөрі өткізу әлдеқайда жеңіл.Сабақты жоспарлау,ұйымдастыру,өткізу,оқушыларға нақты білім мен тәрбие беру үлкен еңбекті қажет етеді.Сабақ-күрделі процесс,оның үстіне небір қиындық оқыс әрекеттер сабақ үстінде кездесуі мүмкін. Ұстаз шеберлігі осының бәріне төтеп бере алатындай болуы керек.Мұғалім сабақта оқушылардың бірқалыпты белсенділігін қалыптастыру үшін сабақтың мазмұнын, құрылысын,дәлдігін жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.Ол үшін сабақты жоспарлағанда мынадай жаңартылған мазмұнға сәйкес төрт дағды бойынша негізгі талаптарды ескеру керек.

  • Оқушылардың сабаққа бар зейінін аударып, ықыласпен,ынта-жігермен тыңдауын ұйымдастыру.

  • Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай түсу.

  • Мұғалімнің өзінің тақырыпты жан-жақты ,терең,толық меңгеруі.

  • Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі,сабақтағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі.

  • Көрнекі құралдардың өмірмен байланысты жаңашылдығы,мазмұндылығы,әсерлілігі.

  • Топтық,жұптық,жеке жұмыстардың жандылығы,әр түрлілігі.

  • Оқушының алған білімін біліктілік дағдыға ұластыра алуы,яғни өмірде қолдана білуі.

  • Оқушы алдына проблемалық жағдай қойып,одан шығуды ұйымдастыру.

  • Оқушының шығармашылық белсенділігін дамытып, өз бетінше ізденуін қадағалау.

Сонымен бірге мұғалім сабағында алдындағы мақсатына жету үшін өз пәніне деген оқушылардың сүйіспеншілігін, ынтасын ,қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін төмендегідей міндеттер мен талаптарды орындаса болғаны.

-Сабақтың бағдарламаға сай мақсатының айқын болуы.

- Материалды жан-жақты әрі түсінікті баяндауы.

- Мәселе қозғап, ой-өрістерін дамыту мақсатында ой қозғап, қызығушылықтарын арттыра алуы.

- Өзара пікірсайыс туғызып, сөйлеу мәдениетінің тартымдылығы.

- Оқушыны еркін жұмыс жасауға үйрете алуы, бір-бірін топта сйыласа білуге,пікірді тыңдай білуі.

- Алынған мысалдардың өміршеңдігі, тәрбиелік маңызы болуы.

- Оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, қателердің дер кезінде түзетілуі.

- Бағалау нормаларының сақталынып, әділ бағалануы.

Көпшілік жағдайда бір сыныпта оқушыларға бірдей әдіспен ,бірдей дайындықпен өткізілген сабақты әр оқушы әр түрлі қабылдайды.Осыдан келіп,жеке оқушыларды зерттеу және олармен жеке жұмыстар жүргізу талабы туындайды.Шынында сабақ үстінде оқушылардың өз мүмкіндіктерін толық аша алмай ,олардың белсенділігін арттыра алмай келеміз.Сондықтан кейбір жеке оқушымен жұмыс міндетті керек.Сабақта уақыт жетпесе, үйге деңгейлеріне қарап,әр түрлі жеке тапсырмалар беріп,қадағалаған жөн. Тағы бір ескерілмейтін жайт- сабақты проблемаға құрып,оның шешу жолдарын оқушыға беріп,ізденісті арттыру.Сабақта бұл болмаса, оқушыларда енжарлық пайда болып, немқұрайлылық пен жауапсыздық жайлайды.

Сонымен бірге оқушылардың сабақта белсенді болуы үшін уақыттың да үлкен әсері бар.Сабақ құрылымын бұзбай , әр бөлімді дәл жоспарлау мұғалімнен шеберлікті талап етеді.Оқыту салмағының ауырлығы ғалымдар зерттеулерінде бала денсаулығына зиян екендігі айтылып жүр.Оқушы ғалымдар зерттеуінше,жаңа сабақтың алғашқы минутында белсенділік танытып, білімнің 50-80 пайызын қабылдаса, соңғы жағында бар болғаны алты-ақ пайызын қабылдайды екен. Осындай кезде сергіту сәттері, түрлі ойын элементтері, жеңіл әдіс-тәсілдер, олардың алуан түрлілігі оң әсерін тигізеді.Сабақ процесінде ең бір жауапты кезең тәрбиелеу болып табылатыны анық. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оларды көптеген адами қасиеттерге, имандылыққа, тапқырлыққа, шеберлікке, шапшаңдыққа,айналасындағы адамдармен тіл табысуга, бір-бірін қолдауға, мейірімділікке, жанашыр болуға тәрбиеленеді.Сонымен бірге мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, өзін-өзі ұстауы, тіл шеберлігі, адамгершілігі,әділдігі –оқушылардың идеал тұтатын өмірлік ұстанымыына айналуы мүмкін екені даусыз.

«Адамдар ата-аналарынан гөрі өз уақытына көбірек ұқсайды,-»демекші,қазіргі қоғамда, салауатты да білімді,сергек,қоғамға пайдалы жас ұрпақ тәрбиелеу –мұғалімдер жауапкершілігінде екені сөзсіз.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.С.Жұмағалиева

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

«А.Өтепбергенов атындағы орта мектеп» КММ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ