Курмашева Гулзинат Уразбаевна
№ 275 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Сабақ үдерісінде қолдануға арналған –
заманауи ресурсты бағдарламалар
XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты оқушыны қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Компьютерлік бағдарламаларды көптеген мұғалімдер әлемді танудың құралы ретінде пайдалануда. Бұл құрал мектепте оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, жаһандық ойлаудың жаңа идеологиясын ұсынуда. Ақпараттық технологияларды дамытудың және оларды оқу үдерісіне енгізудің қазіргі заманғы жағдайында компьютерді пайдалану – оқытудың тиімділігін арттырады және қарым-қатынасты ұйымдастыруға көмектесетіні анық. Компьютерлік бағдарламалар оқытушылар тарапынан көбірек танылуда, өйткені олар:
-
кез-келген пәнді оқуға ынталандырады және әр түрлі пәндерді оқытуда тәжірибе алмасуға жағдай жасайды;
-
оқушылардың білім беру үдерісінде, қызығушылығын арттырады;
-
оқушылардың коммуникативті практикасын кеңейтеді;
Заманға сай озық білім алу үшін әлем ғалымдары компьютерлік бағдарламаларды жетілдіруді және оларды сапалы етуді зерттеп, оқыту компьютерлік бағдарламасына аса назар аударуда. Білімді салыстыра бағалайтын, технологиялар дамып тұрған заманда компьютерлік бағдарламардыңда жұмыс жасау технологиясы күрделеніп оқытушы мен оқушының сауаттылықтығын талап етуде. Google компаниясы бізге керемет, қол жетімді бағдарламаларды ұсынады, бұл қосымшалар білім алуды жетілдіруге өз үлесін қосады.
Мәселен оқушының деңгейін анықтайтын, Plickers компьютерлік бағдарламасы. Оқушыларға арнайы карталар жіберіліп, өздеріне тиесілі сұрақтарды алады. Бұл бағдарлама оқушылардың қаншалықты білім алғанын және қандай тақырыптардан көп қате жібергенін, жүйелі түрде есептеп экран бетіне шығара алады, ал оқушылар бақылауды тапсырғаннан кейін ұзақ уақыт күтпей, өз жұмысының нәтижесін оңай біледі, өзінің қандай тақырыптарға көбірек дайындалу қажеттігін түсінеді.
Кез келген пән бойынша сабақтарды тиімді ұйымдастыру үшін Wordwall онлайн сервисін пайдалануға кеңес беремін. Wordwall - білім беру процесінің басты міндеттерінің бірі-оқушылардың ынтасын арттыруға көмектесетін оқу ресурсы!
Wordwall-интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған көп функциялы құрал. Көптеген шаблондар интерактивті және баспа түрінде қол жетімді. Ресурс мұғалімдерге әртүрлі пәндер бойынша дайындық үшін көптеген жаттығуларды пайдалануға мүмкіндік береді!
WordWall бағдарламасын пайдалану оңай және жеке жұмыс істеу үшін арнайы бағдарлама қажет емес. Кіріктірілген іздеуші суреттерді автоматты түрде табады және ұсынады. Желіде жұмыс істейтін редактор жаттығулар жасауға мүмкіндік береді, оқушылардың тапсырмаларды орындау статистикасын қашықтықтан жинау мәзірі де бар.
Wordwall веб-сайтында ұсынылған 18 шаблон өте сапалы құрылымға ие және мұғалімге бұрыннан бар нұсқаларын қолдануға және нөлден бастап өз нұсқаларын жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы, ұсынылған Wordwall шаблондарының әр түрлі құралдары пән мұғалімдеріне педагогикалық шығармашылық үшін, әсіресе ақпараттық және сонымен қатар сабақтарды көңілді ұйымдастыру және өткізу үшін таусылмайтын қызықты ресурс екенін атап өткім келеді.
LearningApps.org бағдарламасы, мұғалім мен білім алушы үшін қарапайым, қызықты және пайдалы қызмет. Бұл бағдарламада түрлі тапсырмалар құрастыруға болады, мысалы сәйкестігін табу, дұрыс жауабын аңықтау, бос орынды толықтыру, пазлдар, ребустар, логикалық тапсырмалар т.б. да тапсырмаларды кездестіруге болады.
Сервердің ерекшелігі, пайдаланушылар жасаған барлық тапсырмалар галереяда жиналған және жалпыға қол жетімді болып табылады. Іздестіруге оңай болу үшін барлық интерактивті тапсырмалар пәндер бойынша топтастырылған. Категория бойынша таңдаудан басқа, қиындығына қарай да топтастырылған тапсырмаларды таңдап алуға мүмкіндік бар. Дайын тапсырмаларды серверге тіркелмегендер де пайдалануға мүмкіндігі бар.
Quizizz. Бұл қосымшаның басты артықшылықтарының бірі - оны ақысыз пайдалану мүмкіндігі. Бұл қызмет түрі әр оқушының автоматты түрде кері байланыс орнатады.
Quizizz.com сайтында не істеуге болады? Біріншіден, өз пәніңіз бойынша оқушыға әр түрлі ойындар, сыныптан тыс жұмыстар, викториналар, квесттер, өз бетінше жасалынған немесе дайын тапсырмаларды үй жұмысы ретінде бере отырып, нәтижелерін автоматты түрде бақылауға мүмкіндік береді.
Quizizz.com платформасын пайдалану үшін сізге не қажет? Интернетке қосылатын кез-келген құрылғы қажет. Бірінші кезекте осы қызметке тіркелу керек. Тіркелуден өткеннен кейін сіз қосымшаның барлық мүмкіндіктерін толығымен қолдана аласыз.
Quizizz.com сайтына кіргеннен кейін әр оқушы жеке сұрақтар тізбегі беріледі және ол тапсырмаларды өз қарқынымен орындайды. Мұғалім өз кезегінде әр оқушының тапсырмасының орындалуын бақылайды. Жұмысты аяқтағаннан кейін мұғалім барлық оқушы нәтижелерін кесте түрінде алады, онда барлық ақпараттар, соның ішінде қателер, әр тапсырманы орындауға кеткен уақыт және барлық жұмыс тұтастай көрсетіледі. Барлық деректер ең жоғары баллдан ең төменгі деңгейге дейін бағаланады.
Kahoot - интерактивті тапсырмаларды жасау үшін жарқын, қарапайым, тегін қызмет түрі. Бұл сервисті сыныпта әртүрлі викториналарды, пікірталастарды, тестілер мен сауалнамаларды өткізу үшін және білім алушыларды жылдам тексеру мақсатында қолдануға болады.
Kahoot - білім беру жобаларына арналған қосымша. Kahoot-те жасалған тапсырмалар ұсынылған жауаптардың ішінен дұрыс жауапты таңдауды көздейді. Тапсырмаларға сүреттер мен бейнефрагменттер қосуға болады. Мұнда сұрақтар саны шектелмейді. Тестті екі оқушы арасында да сайыс ретінде өтуге болады. Ол жылдамдыққа есептелген, кім тез жауап берсе сол жеңімпаз болады. Тестілердің басқа түрлерін қатысушылардың кез келген санын қосуға мүмкіндік береді және әлеуметтік желілерде тест сілтемесін бөлісуге болады.
Kahoot қосымшасының ерекшеліктерінің бірі - тесттерді қайталау және өңдеу мүмкіндігі бар, бұл оқытушыға көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сервис сайтында әртүрлі тақырыптар мен пәндер бойынша ойындар мен викториналар жинақталған. Сонымен қатар, жасалған материалдарды ғана емес, пайдаланушылардың материалдарын пайдалануға болады, соның ішінде оларды өз қалауыңыз бойынша редакциялауға болады.
Kahoot-те жасалған тапсырмаларды оқушылар Интернетке қол жеткізе алатын кез келген құрылғыдан орындай алады: ноутбук, планшет, смартфон және т. б.
Осы аталған бағдарламаларды, сервистерді, түрлі платформаларды пайдалана отырып, мынандай жетістіктерге қол жеткізуге болады, орындаған тапсырмаларды тексеру үшін уақыт үнемделеді, өйткені барлық нәтижелер жұмыс аяқталғаннан кейін бірден мұғалімге беріледі. Әрбір оқушы жинаған жалпы ұпай санынан басқа, қызмет сапасы бойынша білім сапасы автоматты түрде есептеледі. Сабақ барысында мақсаттарға жету мен білімді игерту көзделеді. Мен осы қосымшаларды сабақтың топтық және жұптық, жаңа материалды игерту, үй жұмысын тексеру кезеңдерінде көптеп қолдануға болады деп есептеймін.
Қорытындылай келе, компьютерлік бағдарламалар мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді, оқушылардың дербестігіне ықпал етеді және олардың өздерін көбірек сенімді болуына көмектеседі және оқушылардың ынтасын арттырады.
Мереке
Үй тапсырмасы - Wordwall, топқа бөлу - Qaz math, слайд – emaze
Балжан
D-id мен жасанды интеллект сөйледі. Flippity мен үй тапсырма сұрадым.
QR код пен топқа бөлінді. Тақырып ашуға FLIPPITY мен адасқан әріптермен аштым. Emazy, Genally – презентация жасалды
Жанар
Wordwall "Бұлтты технология", Learningapps Жұптық жұмыста,
Топқа бөлу Qr-код
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ үдерісінде қолдануға арналған заманауи бағдарламалар

шағым қалдыра аласыз